Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІР ЖЫЛ – БІР БЕЛЕС

28.12.2017
FacebookWhatsappTelegram

Ардақты оқырман! Міне, тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа жылмен қауышатын сәт те таяу қалды. Әр адамның ескі жылды шығарып салып тұрып, өткеніне көз жүгіртіп, жыл бойғы істеріне баға беруі заңдылық. Сонымен, өткен Тауық жылы несімен есте қалды, Ит жылынан не күтеміз деген сауалға бір сәт ой жүгіртейік.

2017  — Тауық жылы жайлы әр қилы жорамал айтқан сәуегейлердің пікірлері қаншалықты шындыққа жанасқанын кім білсін, ең бастысы, Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу бақытына ие болып, әлемді өзіне қаратты. Еліміз Универсиада ойындары, ШЫҰ саммиті сияқты маңызды халықаралық оқиғалардың саяси алаңына айналды. Халқымыз үшін тыныштық пен тұрақтылық сақталған сәтті жыл болғандығына тәубе деуіміз керек.

Елбасы Қазақстан халқын ұлттық кодты сақтауға, тарихты қастерлеуге, туған жерді түлетуге, дәстүрдің озығын сақтап, тозығын тастауға шақыратын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Ұлт Көшбасшысының бұл еңбегін қазақстандықтар Тәуелсіздігін алған еліміздің жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп қабылдады.

2017 жылы халқының азаттығын аңсап, қазақ зиялыларының басын біріктірген «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толды. Ұлт ардақтыларының үні болып Семейден шыққан, тәуелсіздік жолындағы күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет еткен  «Сарыарқа» газетінің жарық көргеніне 100 толуы аталып өтті. Сан жылдар бойы тарих қойнауында атаусыз қалып келген басылым тарихын таразылау мүмкіндігіне ие болғанымызды да тәуелсіздігіміздің тартқан сыйы деп қабылдадық.

«Семей таңы» газеті бетінде жыл бойы талай бастамалар көтерілді. Оқырмандармен ұлт мүддесі, тіл тағдырына қатысты ой бөлістік. Есімдері ескерусіз қалып келе жатқан ардақтылар рухына құрмет көрсету жайлы жазылған талай мақалалар жарық көрді. Барлығы болмаса да бірқатар бастамаларымыз биліктің құлағына жетіп, қолдау тапқанын да айта кеткен артық болмас. Семейдің орталық көшесінен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш қойылып, біздің редакция орналасқан көшеге Қайым Мұхамедханов есімі берілгенін бүгін мақтаныш сезіммен жеткізе аламыз.

Тарихы сонау «Сарыарқадан» басталатын бүгінгі «Семей таңы» газеті кешегі бабалар өсиетіне адалдық пен жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосуды басты бағдар етіп ұстап отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу туралы бастамасын Қазақстанда бірінші болып қолдаған біздің «Семей таңы» газеті болғаны да өткен жылдың айта кетуді қажет ететін айшықты оқиғаларының қатарында деп есептейміз. Латын әліпбиімен жазылған тұңғыш мақала республика бойынша біздің газетте жарық көрді.

Еліміздегі жетекші партия «Нұр Отанның» — «Нұр Сұңқар» байқауында ең үздік аймақтық басылым деп танылып, жеңімпаздар қатарында болдық. Геннадий Толмачев атындағы сыйлықтың жүлдесі де бізге бұйырды. Республикамызда өткен тұңғыш «Үркер» байқауында сайысқа түскен 600 БАҚ арасында алдыңғы үштіктің бірі болғанымызды да газет жұмысына республикалық деңгейде берілген баға деп есептейміз. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің жүлдесі де биыл бізге бұйырды. Жыл соңында аймақ басшысы Даниал Ахметов біздің газетке арнайы сұхбат беріп, облыстың өткені мен болашағы жайлы ойларын «Семей таңының» оқырмандарымен бөлісті.

Сонымен, 2017 жыл да аяқталды. Байқап отырған боларсыздар, «Семей таңы» газеті үшін өткен жылдың есте қалар жарқын сәттері аз болған жоқ. Алайда біздің ең басты байлығымыз бен қолдаушымыз өздеріңіз деп білеміз, ардақты оқырман! Редакция қызметкерлері жыл бойы өздеріңізбен тығыз байланыста болды. Көшпелі редакция оқырманы көп аудандардың барлығын аралап, әр өңірге айқара бет арнадық.

2018 жылға баспасөзге жазылу науқаны да аяқталды. Қазақ мал мен жанды санамайды ғой, тіл мен көзден сақтанғандықтан шығар. Дегенмен оқырман санының азаймағанын  айта кеткен орынды болар. Газетіміздің таралым аумағы кеңейді. Жаңа жылдың оқырмандары қатарын күршімдіктер толықтырды. Баспасөзге жазылу мәліметтеріне қарағанда, Абай ауданындағы соңғы жылдары жоғалтып алған оқырмандарымыз қайта  оралған сияқты. Жаңа жылға жоспарланған істер де аз емес.

Келіп қалған жыл — халқымызда жеті қазынаның бірі саналатын Ит жылы.  «Адамның досы болып саналатын жануар адалдықты жақсы көреді. Еңбекқор, шыдамды, алға қойған мақсат-міндеттерді орындау жолында табанды жандарды  қолдайды. Көтеріңкі көңіл-күйді, ойын-сауықты ұнатады. Бірақ арамдықты, әділетсіздік пен өтірікті кешірмейді. Ит — адал ойынның жақтасы, жыл соңында әр адамды еңбегіне, таза ниетіне қарай марапаттайды, жауапкершілікті талап етеді» деген жұлдызшылар жорамалының қаперімізде жүргені артық болмас.

Ардақты оқырман, Сіздерге келіп жеткен 2018 Жаңа жылдың жағымды жаңалықтары мен толағай табыстары көп болып, қолға алған әр игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болсын! Жаңа 2018 жыл әр шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Ит басына іркіт төгілетін молшылық жылы болсын деген тілек айтқым келеді!

Құрметпен, РИЗА МОЛДАШЕВА.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС