Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОРМАНШЫЛАР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

08.01.2018
FacebookWhatsappTelegram

Семейге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Ольга Шишигина, Евгений Козлов Спорт академиясында спортшылармен жүздесіп, «Нұр Отан» партиясының филиалында партия активімен және «Семей орманы» МОТР» ММ-де еңбекші ұжыммен кездесті. Кездесу барысында халық қалаулылары мәжілісте өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, жоспарлармен таныстырды.

«Семей орманында» өткен жүздесуге халық қалаулыларымен бірге қала әкімі Ермак Сәлімов пен Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев және «Нұр Отан» партиясының  өкілдері қатысты. «Семей орманы» МОТР» ММ бас директоры Мұрат Давлетов 2003 жылы құрылған мемлекеттік табиғи резерваттың тарихына тоқталып, бүгінгі күнгі хал-ахуалы жөнінде мәлімет берді.

— Жалпы аумағы 663,6 мың гектарды қамтыса, оның 59 пайызы — орманды алқап. Мекеме құрамына 10 филиал енеді. 1995-2002 жылдары тілсіз жаудың кесірінен орманды алқаптың 20 пайызы өртеніп кеткен. Сол жылдардан бері қалпына келтіру жоспары жасалынып, орындалды, әлде де жалғасуда. 2003 жылы 44,0 га-ға қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, 2017 жылы ол аумақ 3633 га-ға жеткен,- деп атап өтті Мұрат Қалибекұлы.

Басты міндеттері өрт қауіпсіздігі ережелерін назарға алып, орманды қорғау және тұқым, көшет отырғызу екенін атап өткен мекеме басшысы қолданып жатқан пилоттық әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар М.Давлетов шешімін таппай келе жатқан мәселелерді де айтты:

— Өзекті мәселе – орманшылар тапшылығы. Аға буынның зейнетке шығуына байланысты, маман жетіспеушілігі айқын аңғарылып отыр. Тракторист, дәнекерлеуші, темір жонушы, слесарь мамандары қажет. Тәжірибе жинақтаған білікті механизаторлардың жұмыстан шығып жатқаны жағдайды қиындата түсті. Ол жалақының аздығымен түсіндіріледі, сала мамандарының еңбекақысы мардымсыз. Сонымен қатар филиалдарда тұрғын үйдің аздығы мен мүлдем жоқтығы да проблема. Мамандарды баспанамен қамту мақсатында бағдарлама мен қаржы қажет. Сонымен қоса жұмыс барысында денсаулығына, өміріне төнген қауіп үшін сақтандыру қаржысы да қарастырылмаған. Өрт кезінде өмірімен қоштасқан орманшылар да болған. Сондықтан, құрметті депутаттар, осы мәселелердің шешім табуына атсалысуларыңызды сұраймыз.

Сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Шавхат Өтемісов аймақ халқымен жүздесудің өздері үшін тиімді екенін атап өтіп, атқарған жұмыстары жөнінде мағлұмат берді.

— Біздің басты мақсатымыз еліміздің бақуаттылығын арттыратын заң жобаларын шығару болса, қыркүйек айынан бастап 54 заң жобасын алдық және өткен сессиядан қалған 24 жобаны қосқанда, жиыны 78 жоба бойынша жұмыс жасадық. Олардың 42-сін қарап, Сенатқа жолдадық. Оның 25-іне ҚР Президенті қол қойып, қолданысқа енгізілді. Мұнымен қоса депутаттар қоғамдық өмірге белсене араласып, өзекті мәселелерді көтеріп, ҚР Үкіметіне сауал жолдайды. Қыркүйектен бері министрліктерге 136 проблемалы сұрақ жолданды,- деген Шавхат Әнесұлы қолданысқа енгізілген заң жобалары туралы толығырақ ақпаратқа қанықтырды.

Жиынға қатысқан қала басшысы да атқарылып жатқан жұмыстарға баға беріп, тарих қойнауына кеткен жыл семейліктер үшін табысты болғанын атап өтті.

— Өткен жыл қала экономикасы үшін ерекше жыл болды. Барлық әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштерімізді орындадық. Әрдайым Семей қаласының өзекті мәселесі жылу болса, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ол шешім тапты, жылу тұрақты түрде беріліп жатыр. Екінші, қаланың орталығындағы бірқатар көшелер жаңа технологиялар бойынша жөнделді. Биыл 1,5 млрд. теңге бөлініп, осы бағыттағы бастамалар жалғаспақ. Келесі, жолаушылар тасымалы бойынша маршруттық бағыттар оңтайландырылған. Бұл жылы жолаушы тасымалдаушыларға конкурс жариялаймыз, басты шарты жаңартылған автобустар мен қызмет сапасы болмақ. Жаңа жылдың алдында 20 жаңа автобусымен жаңа тасымалдаушы жұмысқа кірісті,- деп атап өткен Ермак Бидахметұлы 2018 жылдың жоспарларымен бөлісті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС