Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢАРУҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ҚҰЖАТ

29.01.2018
FacebookWhatsappTelegram

25 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының активі Президенттің халыққа арнаған биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген он бағытты талқылады. Онлайн режімдегі селекторлық жиын аймақ басшысы Даниал Ахметовтің жетекшілігімен, облыстағы қалалар мен аудан әкімдерінің қатысуымен өтті.

Облыс әкімі Елбасы жүктеген басты міндеттерді тізбектеп, осы бағытта алда атқарылар қыруар шаруаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

— Елбасының жыл сайынғы Жолдауы — қазақстандық қоғам асыға күтетін аса маңызды саяси құжат,- деп бастады өз сөзін ШҚО әкімі. – Бұл — экономика және әлеуметтік даму бағыттары айқындалатын басты бағдарлама. Биылғы Жолдау — «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау жолындағы жасампаз істердің тағы бір кезеңі.

Жолдау әлемдік бәсекеге қабілетті болудың кезекті баспалдағы екенін айтқан Даниал Кенжетайұлы Мемлекет басшысының уақыт талабынан туындайтын өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап бергенін, дүние жүзін қамтып отырған төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімделу және еліміздің одан әрі өркендеуіне тың серпін беретін он негізгі міндетті атап көрсеткенін тілге тиек етті.

Аймақ басшысының айтуынша, Президенттің экономиканы индустрияландыруға және цифрландыруға қатысты тапсырмасының маңызы ерекше. Бұл ретте инновацияның, соның ішінде IT саласының және инжинирингтік қызметтерін жетілдірмей, әлемдік стандартқа сай өнімдер шығару мүмкін емес.

— Алдымызда «жасыл» экономика арқылы, экология жағынан таза, тиімді энергия өндіру орындарын ашу жұмыстары тұр. Ақылды технологиялар арқылы агроөнеркәсіптік экспорттық әлеуетті күшейту біздің облыс үшін басымды шаруалардың бірі екені анық. Жолдауда әлеуметтік мәселелерге айрықша сипат берілді. Адам капиталын жаңа деңгейге көтеру мәні зор стратегиялық мақсат болып қала беретіні айтылды. Жүктелетін міндеттердің барлығы экономиканы цифрлық технологияға негіздеп дамытуға және ең алдымен ел азаматтарының тұрмысын одан әрі жақсартуға, өмір сапасын арттыруға бағытталған,- деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың нақты бағдарламасы қазақ елінің жаңа бет-бейнесін жасауға, заманауи мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіруге, экономиканы ілгерілетуге, цифрлық технологияны дамытуға, интеллектуалды көлік инфрақұрылымын жетілдіруге, жастарға сапалы білім беруге, денсаулық сақтау саласын бәсекеге қабілетті етуге, халықты жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда өндірісті цифрландыру оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ең негізгі алғышарты болып отыр. Осы орайда облыстың «Казцинк» ЖШС, «Восток-Цемент» серіктестігі, «KAZ Minerals Ақтоғай» сынды жетекші мекемелер индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жалпы құны 15 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны қолға алған. Бұдан бөлек Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті аймақтың ең ірі кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 7,9 млрд. теңгені қамтитын он шақты ғылыми-техникалық жобаларды өткен жылдан бастап жүзеге асыруда. Мәселен, облыстағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жобасы шеңберінде травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтымен бірге танталдан имплантат жасап шығару ісі жолға қойылмақ. Бұл үшін Қазақстанның, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының мүмкіндігі мол.

Төрткүл дүние көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің біздің елде өтуі республикада энергия үнемдеу технологиясы мен «жасыл» экономиканы дамытуға серпін бергені анық. Жолдаудың екінші бағытында көрсетілген ресурстық әлеуетті одан әрі дамытуға қатысты 26 жоба қаралу үстінде. Солардың ең бірегейі саналатын Өскемен қаласында салынатын қоқыс өңдеуші зауыттың жобасы Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп іске асырылатын болады. Зауыт 20 мың тонна қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуге қауқарлы. Қазіргі сәтте маңызды жобаның қаржылық моделін құру жұмысы жүргізілуде. Даниал Ахметов өзінің орынбасары Серік Ақтанов пен ТҮКШ басқармасы басшысына, сондай-ақ қала және аудан әкімдеріне энергия үнемдеудің кешенді жоспарын құруға, инфрақұрылымды модернизациялау бойынша жол картасының тиімділігін жоғарылату жөнінде тапсырмалар берді.

Жолдаудың үшінші бағытында айқындалған аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруда және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуда біздің облыс шет қалып қойған жоқ. Бұл ретте ет өңдеу кешенін Семейде салу жоспарланып отыр. Ауқымды жоба ирандық инвесторлардың күшімен жүзеге асатын болады. Аталмыш компания 1,5 млрд. теңгеге қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп қойған. Жуырда ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен инвестициялық келісімшартқа да қол қойылды.

Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға да тоқталған Даниал Ахметов жергілікті маңызға ие жолдарды жөндеу және қайта қалпына келтіру ісіне баса мән беру керектігін айтты. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 83,60 млрд. теңге қарастыры-лып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес, биыл Алматы-Өскемен, Семей-Қалбатау-Майқапшағай сияқты маңызды бағыттағы тас жолдар жөнделмек. Сонымен бірге Өскемен және Семей қалаларындағы әуежайлардың ұшып-қону алаңын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

— Ал құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу бойынша облыс аумағында 37 жоба назарға алынған. Жолдауда басымдық берілген бұл бағыт бойынша әсіресе Жарма, Ұлан, Көкпекті аудандарының әкімдері тыңғылықты жұмыс атқаруы тиіс. Себебі аты аталған осы үш аудан халықты таза ауыз сумен қамтудан кенже қалып отырған жайы бар,- деген Даниал Ахметов сонымен бірге үйлердің құрылысы, аудандарды газдандыру, жеке құрылыстарды салу ісіне де көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.

Ел Президенті биылғы Жолдауында «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» екенін айтқан болатын. Осы бағытта облыс көлемінде үштілділікті енгізу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру шеңберінде мұғалімдерді дайындық курсынан өткізу міндеті тұр.

— Біз ағылшын тілін жетік меңгерген химия, физика, биология, информатика пәндерін оқытатын 200 педагог маманды даярлауымыз керек. Үштілділік бағдарламасын енгізу латын қарпіне тез көшуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру да басты назарда. Мақсатты міндеттерге жету үшін грант санын көбейтіп, ЖОО бәсекелестігін жақсарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуіміз керек. Президент қойған міндеттер бүкіл қоғамға, әрбір азаматқа зор жауапкершілік жүктейді. ШҚО бұл тапсырмаларды абыроймен орындайды,- деп сенім білдірді аймақ басшы.

Жібек СЕРҒАЗЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС