Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР…

13.02.2018
FacebookWhatsappTelegram

Әке – отбасының тірегі һәм қамқоршысы. Оның мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өмірі мен білімі баланың көз алдындағы әлем.Осы ретте әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында бейсенбі, 8 ақпан күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында әкелер слеті өтіп, 300-ге жуық адам бас қосты. Ауқымды жиында «Әкелер кеңесінің рөлін күшейту жолдары», «Ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру», «Ұлды, ерді, әкені, патриотты тәрбиелейміз!», «Дені сау әке – дені сау бала», «Мәселені әкелер жолымен шешу» тақырыптары қозғалды.

2016 жылы шаһардың барлық білім беру мекемелерінде Әкелер мен Аналар кеңестері құрылған болатын. Осы жылдың 15-20 қаңтары аралығында қаламектептерінде әкелер слетінің мектепішілік кезеңі өтіп, оның аясында дөңгелек үстелдер мен спартакиадалар ұйымдастырылған. Байқау жеңімпаздары осы алқалы жиынға жолдама алыпты.

-Қаламызда әкелер слетінің жұмысын бастағанына екі жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында әкелермен бірлесе бірқатар жұмыстар атқардық. Отбасында бала тәрбиесі көбіне аналардың мойнына жүктелетіні рас. Біз бұл сеңнің сетінегенін қалаймыз. Әкелер де мектеппен тығыз қарым-қатынас жасап, ондағы өмірге араласуы қажет. Бала тәрбиесінде әкелердің шет қалғаны дұрыс емес,- дейді білім бөлімінің бас маманы Сәуле Қожыбекова.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Бауыржан Мұқашев әкелер денсаулығын нығайту жайлы әңгіме өрбітіп, маңызды мәліметтермен бөлісті.Салтанатты кеште «Әкелер кеңесінің үздік төрағасы» анықталды. Сондай-ақ мектепке арнайы демеушілік көмек көрсеткені үшін «Жомарт жүрек» иесі марапатталып, көп балалы әкелер «Даңқ сәті» аталымын иеленді. Білім саласында 45 жыл еңбек етіп келе жатқан 5 баланың әкесі, 6 немеренің атасы, №21 орта мектептің директоры Тоқтарбек Зейнелов көп балалы әкелерді марапаттады.Әсіресе көпшілік ықыласына бөленген №15 орта мектептен қатысқан 18 баланың әкесі Виктор Владимирович болды.

-Президентіміз «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды»,- деп, ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек, көне дәуірлерден бастау алатын өзініңтарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлде қол үзген қоғамда жаңғыру мен жаңару мүмкін емес. Елбасы өз мақаласында отбасылық құндылықтарға да көп тоқталғанын білесіздер. «Әке-асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірдегі рөлін айқындап тұрғандай. №23 жалпы орта білім беретін мектепте Әкелер кеңесі 2015-2016 оқу жылында құрылды. Әкелер кеңесін құрудағы мақсатымыз – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әкелердің балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.Елбасы: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет»,- деп атап көрсетті. Ендеше, ардақты әкелер, Президентіміз айтқан тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерді, құндылықтарды ата-ана болып, ұстаз болып, оқушылар болып бірге орындауға атсалысайық,- деді №23 мектептің Әкелер кеңесі төрағасы Ербол Елеусізов өз баяндамасында.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Әр бала, атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты, ұлттық рухани құндылықтарды ең алдымен отбасында бойына сіңіретіні анық. Ендеше, ұлттық тәрбиеұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС