Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«АҚШЫҢНЫҢ» АЛАР АСУЫ АЛДА

20.02.2018
FacebookWhatsappTelegram

Биыл Семейдегі «Ақшың» корпорациясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай сауда үйінің мәжіліс залында корпорация президенті Марат Құрманбайдың жетекшілігімен баспасөз конференциясы өтіп, оған бірқатар кәсіпкерлер қатысты. Мәжілісте сауда орталығының басшысы корпорацияның құрылу тарихына тоқталып, осы жылдар аралығында бағындырған белестері жайлы айтып, болашаққа құрған жоспарларымен бөлісті.

Иә, еліміз еңсесін тіктеп, егемендігін алған уақыттан бастап нарықтық экономикаға бет бұрған корпорация кәсіпкерлікпен айналысу арқылы сауда ісін дұрыс жолға қоюды көздеді. Қомақты қаражатты талап ететін бизнесті игеруге тәуекел еткен азаматтарға таптырмас мол мүмкіндіктер берілді. Талай жылдан бері арман болған тәуелсіздікке қол жеткізген тұста республикамыздың барлық аймақтарында базарлар ашыла бастады. Семей де кәсіпкерлік саласынан тыс қалмай, бизнеске икемі барлары сауда жасауға кіріскен-ді. 1993 жылдың 16 ақпаны күні «Семей базары» акционерлік қоғамы болып тіркеліп, жаңа негіздегі сауда құрылымы құрылған еді. Жаңадан құрылған сауда орталығының құрамына сол кездегі «Семей саудасы» облыстық сауда басқармасы, мемлекеттік мүлік бойынша Семей аумақтық комитеті, Семей арақ-шарап зауыты, «Мереке» жекеменшік базары және «Олжа» атты брокерлік компания құрылтайшы болып енді.

Сауда құрылымы ең әуелі заман талабына сай жабық базар салуды көздеген болатын. Алайда бұл мақсат күш-жігер мен қажырлы еңбектің, одан кейін қыруар қаржының көмегімен орындалатыны белгілі. Осы ретте «Семей базарының» аясына топтасқандар сенімсіздік танытып, райларынан қайта бастаған-ды. Осы уақытта білімі мен іскерлігінің арқасында болашаққа нық сеніммен қадам басқан сол кездегі «Олжа» брокерлік компаниясының басшысы, жас бизнесмен Марат Құрманбай алға қойылған мақсат-міндетті іске асыруға бел буады. Сөйтіп, «Семей базарының» құрамынан шығып, өз жолын іздестіргендерге тиесілі акцияларды сатып алып, өңірде сауда мәдениетін қалыптастыруда 400 адамға шақталған базар құрылысының бой көтеруіне белсене атсалысады. Осылайша, қарапайым халықты қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің нарықтық үлгісін қалыптастырған «Семей базарының» қызмет аясы жыл санап кеңейе береді. Бұған қоса саудаға шығарылатын өнімдердің сапасын, қауіпсіздігін сақтау үшін мұнда «Семей Вет» ветеринарлық зертханасы ашылды. Айта кеткен жөн болар, мұндай зертхана еліміздегі базарлардың арасынан бірінші болып ашылған еді. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зертханада ет, сүт өнімдері ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтеді, яғни тұрғындар таза өнімдерді тұтынуға мүмкіндік алып отыр деген сөз. Мал сою цехы да жұмыс істеп тұр мұнда. Қасапшылар жылқы, сиыр, қой еттерін бір бөлек, шошқа етін бір бөлек арнайы залдарда тоқ арамен бөлшектеп, тиісті орындарға жөнелтеді. 25 жыл ішінде базар жанынан «Жан-Жақ» мейрамханасы, Цементшілер кентіндегі сауда орталығының филиалы, жүк сақтау орындары, өнеркәсіптік база, «Азамат» күзет қызметтері және еуропалық стандарттарға сай «Ақшың» әмбебап дәріханалары сынды еншілес кәсіпорындар ашылды.

— «Ақшың» сауда үйі — Семейдің бетке ұстар сауда орталығы. Сондықтан, халықпен бірге жұмыс істей отыра, қала тұрғындарына сапалы таза өнім ұсынуды мақсат етіп келеміз. Себебі біздің ең басты кредомыз – Семей жұртшылығын таза әрі табиғи өніммен қамтамасыз ету. Корпорацияның 25 жылдығына орай, 25 игілікті іс-шара атқармақпыз. Қазақстанда сауда жүйесін дамыту, техникалық логистика бағытында бірқатар жоспарлар құрылып, соның шеңберінде біраз шаруаларды қолға алдық. Қысқасы, өзіміздің тұтынушыларға бағасы төмен әрі сапалы азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері мен киім-кешектерді ұсынатын боламыз. Облыс басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Менің мектебім» акциясы аясындағы жұмыстар да жалғасын таппақ,- деп атап өтті Марат Құрманбай.

400 орындық базар бүгінде 3 мың адам өз нәпақасын тауып отырған үлкен сауда орталығына айналды. Бұл, әрине, ең бірінші кезекте, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасып, олардың озық үлгілерін елімізге әкеліп, қолданысқа енгізу жолындағы кәсіпкер еңбегінің жемісті нәтижесі. Осы орайда тағы бір ерекшеліктерді айта кетпеуге болмас. Бүгінгі таңда дүкен, дәріхана сынды тағы басқа да шағын бизнес орындарын ашқан кәсіпкерлердің түгелі дерлік өз ісін «Ақшың» корпорациясынан бастағандар. Олардың қай-қайсысы болмасын саудагерлікті Марат Серікжанұлы қалыптастырған сауда орталығында үйренгендерін айтады.

— Бүкіл дүние жүзінде орын алған экономикалық дағдарыс біздің елді де айналып өтпегенін бәріміз жақсы білеміз. Сол тұста корпорация президенті Марат Құрманбай сауда орталығындағы барлық кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, бутиктердің жалға беру ақысын он пайызға түсіргені әлі есімізде. Мұның барлығы корпорация басшысының іскерлігі мен халық алдындағы жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді. Соның нәтижесінде қазір бұл сауда үйі биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға қол жеткізді,- дейді кәсіпкер Зәуре Абижанова.

Өркениет көшіне ұмтылған еліміздің әлемдік нарықтағы орнының қалыптасуына үлкен үлес қосуда «Ақшың» корпорациясының рөлі айрықша. Бұл ретте Марат Құрманбайдың ел алдындағы еңбегі елеусіз қалмады. Мемлекет басшысының алғыс хатына бірнеше мәрте ие болған кәсіпкер «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайықты деп танылды. Сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық палатасының Құрмет грамотасымен, «Алтын жүрек» дипломымен марапатталды. Халық «атымтай жомарт» деп танитын Марат Құрманбай ШҚО әкімдігінің кәсіпкерлері арасында қайырымдылық саласы бойынша «Жыл адамы» аталып, сауда-саттық саласы шеңберінде республика бойынша «Жылдың үздік басшысы» атағы берілді.

Көз алдымызда күн санап өсіп, еңсесін елмен бірге тіктеп келе жатқан «Ақшыңның» абыройы әрдайым асқақ боларына, бизнестің баспалдағымен өрлей беретініне қала тұрғындарының сенімі мол.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС