Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АСЫЛ – ТАСТАН, АҚЫЛ – ЖАСТАН

20.02.2018
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен Елбасы Жолдауындағы басты 10 міндетті түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихат тобы құрылған болатын. Осы топтың құрамына бекітілген облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов тарихи құжаттағы нақты 10 міндетке қатысты қаламыздағы техникалық колледждердің студент жастары және ұстаздарымен кездесу өткізді.

Кәсіби білім беру саласы және ел болашағының ертеңі сөз етілген алқалы отырысқа қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков қатысты. Жолдау жолдарының талқыға түсуіне электротехникалық колледждің директоры Азат Толқынұлы Сарпеков төрағалық етті. Семей электротехникалық колледжі осындай басқосуға тегін таңдалып отырған жоқ. Білім ошағы өз саласында еліміз бойынша үздік білім беретін 10 колледждің қатарына енеді. Онда білім алып жатқан шәкірттерге еңбек нарығында сұраныс мол. Әрі студенттер теория мен тәжірибені берік ұштастырып жүргені де жасырын емес. Еуропа даму және қайта құру банкінен оқу мен білімді ұштастырған талапты студенттер өздері жасаған жобаға 1 миллион теңгенің грантын ұтып алған, бұл — ұжым ұстаздары үшін зор мәртебе, үлкен жетістік.

— Қазақстан дамыған елдер қатарына қарай батыл қадам басуда. Бұл жолы Ұлт Көшбасшысы цифрлы білім беру ресурстарын дамытуға бет бұрды. Кең жолақты интернетке қосу және арнайы білім беру ошақтарын заманға сай жабдықтау жұмыстарын жалғастыру міндеттерін алға қойды. Мұндай талаптарды орындауға қазір мүмкіндік өте көп. Біз, ұстаздар, заман талабына сай білім беруді қолға алып жатырмыз,- деді жиын шымылдығын ашқан Азат Толқынұлы.

Алқалы жиында облыс әкімінің орынбасары стратегиялық маңызды құжаттың ел дамуына жол ашатын басым бағыттарына тоқталды.

— Сіздер, жастар, бүгінгі алған кәсіптеріңізден өз нәсіптеріңізді табатын боласыздар. Кезі келгенде араларыңыздан алашқа танымал тұлғалар да шығады. Елбасы Жолдауындағы міндеттер сіздер білек сыбана кіріскенде жүзеге асады. Елбасы айтқандай, бүгінде көл-көсір мұнай дәуірі аяқталып келеді. Сондықтан қазір назар аударатын маңызды міндеттердің бірі – индустрияландыруды жолға қойып, «ақылды технологияның» қызығын көріп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту. Бұған елімізде кеңінен мүмкіндік беріліп жатқанда, бізге еңбек өнімділігін арттырып, экспортқа бағытталған тауарларды молынан шығару қажет. Өндірісті жаңғырту жайы да ұмытылмауы тиіс,- деді Серік Қасымбекұлы.

Кездесуді қорытындылаған колледж басшысы:

— Бұл Жолдаудың мәні ерекше. Бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалып, алдағы бағыттарымыз айқындалды. Соның ішінде бәріміз «Адами капитал – жаңғыру негізі» деген тарауға ерекше назар аударуымыз қажет,- деп сөзін түйіндеді.

Сондай-ақ жиында басты инвестиция – адами капиталға ерекше көңіл бөлінді. Білім беру сапасы ұдайы назарда тұруы қажеттігі айтылып, сұранысқа орай кәсіптік білім берудің маңыздылығы да сөз болды. Жолдауға қатысты талқылау біткен соң, облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов Азат Сәрпеков басшылық ететін Семей электротехникалық колледжінің білім беру процесімен егжей-тегжей танысып шықты. Осындай биік дәрежеге жетіп отырған ұжым ұстаздарына облыс әкімшілігі атынан өзінің ризашылығын білдірді.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, Семей қаласы.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС