Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

20.02.2018
FacebookWhatsappTelegram

Биыл Семей қаласы әкімінің халық алдындағы 16 есептік кездесуінде 22 мәселе бақылауға алынды. Сұрақтардың дені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қамтиды. Мәселелерді шешуге бағытталған жоспар қабылданды. Бұл туралы қала басшысы Ермак Сәлімов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

Қала басшысының есептік кездесулерінде қозғалған күрделі мәселелердің бірі ауыр сырқатқа шалдыққан Ділназ Әбуғалиға қатысты болды. 12 жастағы жеткіншек сирек кездесетін CINCA синдромымен туғаннан бері ауырады. Мұндай диагноз әлем бойынша 180 адамға, республикамызда Ділназға қойылған екен. Айта кету керек, аталмыш синдром медициналық көмек тегін көрсетілетін сырқаттар тізіміне енгізілмеген. Науқасты емдеу үшін «Канакинумаб» атты ресейлік препарат қажет. Оның бағасы да қымбат. Препараттың бір ғана ампуласы 31 млн. теңге тұрады. Алайда Ділназға толыққанды емдеу курсын жүргізу үшін жеті ампула керек. Ал қарапайым отбасында қомақты қаражат қайдан болсын? Осы мәселеге қатысты айтылған өтінішті жауапсыз қалдырмаған шаһар басшысы Ділназдың үйіне барып, ата-анасымен тілдесіп қайтқан-ды.

— Қиын сәттерді басынан өткеріп отырған жанұямен жүздестім. Мән-жайды сұрастырғаннан кейін мәселенің түйінін шешу жолында бірқатар шаралар қолға алынды. Біріншіден, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына CINCA синдромы ауруын кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне енгізу жөнінде сұрау (запрос) жіберілді. Бұл қыз баланың еміне мемлекеттік бюджеттен қажетті қаржы бөлуге мүмкіндік бермек. Өтініш назарға алынғанға дейін стратегиялық мәні бар мәселені шешуде Ділназдың отбасына қажетті қаражатты жинап беруге қол ұшын созуымыз керек. Жаны жомарт, қайырымды азаматтардың арқасында бір ампуланы сатып алуға жететін ақша жиналды. Бірақ науқас толық ем қабылдауы үшін бір ампула жеткіліксіз. Сол себепті біз меценаттардан, кәсіпкерлер мен мейірімді жандардан, сонымен бірге Семей қаласымен тығыз қарым-қатынас орнатқан бірқатар мемлекеттердің елшілерінен қолдау көрсетулерін сұрап, олардың әрқайсысына қаржылай көмек беру жөнінде өтініш жібердік. Сондай-ақ ем-дом шараларына қажетті соманы жинау мақсатында қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды да жоспарлап отырмыз,- деді Ермак Сәлімов.

Қазіргі күні Ділназдың ата-анасы жұмыс істемейді. Үлкен ұлдары қаладағы колледждердің бірінде білім алуда, ал 9 жасар қыздары сал ауруына шалдыққан екен. Бұл жағдайларды да назарға алған қала басшысы көмек беруге кірісіп кетіпті. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Ділназдың әкесі тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Ал мүмкіндігі шектеулі балаларды қарап отырған үш баланың анасы әлеуметтік жәрдемақы алатын болады. Биыл колледжді тамамдағалы отырған тұңғыш ұлдарын «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыру ісі де, баспана мәселесі де қарастырылу үстінде.

Әкім таяуда үйі отқа оранып, күлге айналған көпбалалы Ғабдуллиндер отбасын да назардан тыс қалдырмады. Қала басшысының қорытынды есеп беру жиынына қатысып, әкімнен көмек сұрай келген отанасы мен оның балаларына қазіргі уақытта, жеке тұлғалармен қоса, қоғамдық ұйым өкілдері де материалдық көмек көрсетіп жатыр.

Есептік кездесуде тұрғындар тарапынан Рыков көшесінің жолдарын жөндеуге қатысты өтініштер де болған еді. Осыған орай қала әкімі күн жылына салысымен аталмыш көше қалыпқа келтірілетінін мәлім етті. Бүгінде тиісті қаржы қарастырылды, сметалық құжаттар да дайын тұр. Жауапты мердігер компания анықталған бойда жұмысшылар 1,3 шақырым жолды жөндеу ісіне кіріспек. Ол үшін қазынадан 46 млн. 504 мың теңге бөлінетін болады. Айта кеткен жөн, биыл Ленин көшесін абаттандыру мәселесі де түбегейлі шешімін таппақ. Әкімнің сөзіне қарағанда, бөлінетін қомақты қаржыға 1,7 шақырымды қамтитын жол жөнделеді. Әрі Ленин көшесін «Мәңгілік Ел» деп өзгерту де көзделіп отыр. Жалпы, осы жылы қалаішілік жолдарды жөндеуге 2 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Журналистермен кездесуде кеңінен қозғалған мәселелердің бірі қараусыз жатқан кәріз құдықтарын жабу туралы мәселе болатын. Бірнеше рет адамның өмірін қиған ашық жатқан құдықтарды жабу үшін әкім тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған екен. Әзірге қараусыз жатқан 45 құдық анықталып, қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылды. Иесіз құдықтар түгелдей тізімге енгеннен кейін, олар «Зеленстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тапсырылатын болады.

Семейліктерді толғандырған сұрақтар тиянақталған жиында қала әкімі осы және өзге де мәселелер бойынша жауапты мекемелер жұмыс атқаратынын атап өтті.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС