Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАҢА ФОРМАТҚА КӨШТІ

22.02.2018
FacebookWhatsappTelegram

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлықөңірінде халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы енгізіле бастады. Жаңа стандарттар бойынша көрсетілетін көмек әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін тиімді болмақ. Қоғамның әлжуаз топтары үшін тағайындалған қолдаудың бұл түрі халықтың тұрмысын жақсартуға, азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталып отыр.

Яғни, Үкімет тек әлеуметтік жәрдемақыны төлеп қана қоймай, жұмыссыздарға жұмысқа тұруға жәрдемдесетін болады. Мәселен, тұрақты жұмысы жоқ адамдар мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, «Жастар тәжірибесі» арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылады немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті өз кәсібін ашқысы келетіндерге шағын несие де беріледі. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету талаптарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жөнінде 20 ақпан күні қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өткен брифинг барысында айтылды.

Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Құралай Жұмабаеваның айтуынша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан аспайтын отбасыларға шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде көрсетіледі екен. Шартты көмек деп отырғанымыз — отбасында кем дегенде еңбекке жарамды бір мүшесі бар жанұяларға берілетін жәрдемақы. Ал еңбек етуге қабілетті азаматы бар отбасыларға қарастырылған көмек шартсыз болып саналады. Алайда жәрдемақы алушылар міндетті түрде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы керек. Бұл мақсатта орталық пен қызмет алушы арасында 6 айға келісімшарт жасалады. Бұрын аз қамтылған тұрғындар, біріншіден, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан төмен болған жағдайда, жанұяның әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмекті, екіншіден, табыс көзі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болғанда, 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын жәрдемақыны, үшіншіден, кәмелеттік жасқа толмаған көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алып келді. Енді биылдан бастап аталған үш жәрдемақы біріктірілді. Бір пакетпен ұсынылатын көмектің мөлшері үш жәрдемақының жалпы сомасынан орташа есеппен 25 пайызға жоғары болады. Оңтайлы жүйе мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін көбейтуге қатысты мәселелердің шешілуіне жол ашары сөзсіз.

Брифингте қозғалған тағы бір мәселе. Семейде тұрғындарға электронды форматта қызмет көрсету ісі жақсы жолға қойылып келеді. Бүгінгі күні қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шаһар және ауылдық округтердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтің 18 түрін ұсынып отыр.

Жаңа жылдан бастап, мемлекеттік қызметтер реестрі енгізген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес, 18 қызметтің алтауы, яғни мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жергілікті органдардың шешімдеріне орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек тағайындау, Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеп, куәлік беру, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға анықтама беру, жұмыс іздеушілерді тіркеу «Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

— Біз қала және ауыл халқын мемлекеттік қызметтерді мейлінше «Электрондықүкімет» порталы арқылы алуға шақырамыз. Кез келген азамат сандық электрондыққолтаңбасын жасатып алып, ғаламтор желісі арқылы қызмет алуға мүмкіндігі бар. Порталға кіру кезінде қандай да бір мәселе туындаса, қызмет алушы 1414 нөміріне хабарласып, қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады. Сонымен қатар порталда электрондыққызметтерді алу бойынша оқыту роликтері де бар. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар да тиісті деңгейде жүргізілуде. Осы орайда шенеунік пен қызмет алушы арасында кездесетін сыбайлас жемқорлықты болдырмас үшін біз олардың басым көпшілігін Халыққа қызмет көрсету орталығына жібереміз. Себебі қазіргі күні мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орындарынан да алу мүмкіндігі туып отыр. Мұның барлығы Қазақстанды цифрландыруға бір табан жақындатуға ықпалын тигізеді,- дейді Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Құралай Жұмабаева.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС