Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТЕГІН ІРІМШІК ТЕК ҚАҚПАНДА БОЛАДЫ

22.02.2018
FacebookWhatsappTelegram

Бұл апта семейліктердің жадында «Нұр Қаржы Инвест» компаниясының айналасындағы дау-дамаймен сақталатын сыңайлы. Аталмыш компанияның клиенттері сәрсенбі күні, мемлекеттік құрылым өкілдерімен кездесуде жанайқайларын жеткізіп, алданып қалдық деп «аһ» ұрғандарын айтты. Қалалық әкімдікте өткен кездесуге қала әкімінің орынбасарлары Надежда Шарова мен Қайрат Ерембесов, қала прокуроры Марат Турубаев, Семей қалалық ІІБ басшысы Дулат Қазақпаев қатысты.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, мәселенің мәнісіне тоқталайық. Екі жарым жылдан астам уақыт бойы қаламызда жұмыс істеп келе жатқан «Нұр Қаржы» компаниясы осы аралықта «Қаржы Инвест-ЛТД», «Қаржы инвест» деп атауын бірнеше рет өзгертіп үлгерген. Атауымен бірге басшылығы да ауысқан, бірақ оның бағыт-бағдары, әрекеті еш өзгеріссіз қалыпты. Яғни кез келген азамат екінші деңгейдегі банктен өз атына несие рәсімдейді де, сол ақшамен «Нұр Қаржы Инвест» компаниясына барып, келісімшарт жасасады. Ол келісімшарт талаптары бойынша клиент қолындағы несиенің 40-45 пайызын компанияға береді, «Нұр Қаржы Инвест» өз кезегінде клиентінің несиесін кесте бойынша толықтай өтейтін болып келісіледі. Оңай олжаға кенелуді көздеген бірнеше мың адам, шама-шарқына қарамастан, миллиондап несие алып, аталмыш компанияның клиентіне айналған. Ол аздай, несиесін бәз-біреулер өтейді деген сеніммен алаңсыз кете барған. Жеңіл әрі лезде молшылыққа кенелуді көздегендер саны күн санап артып, бірнеше мыңнан асып жығылғанда, «Kaspi Bank» (қарыз алушылардың басым бөлігі осы банкке жүгінеді) алғашқы болып компания жайлы дабыл қағыпты. Банктің ресми түрде құқыққорғау органдарына жолдаған хатынан соң «Нұр Қаржы Инвест» жұмысы тоқтап, қаржы ұйымыныңбасшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Есепшоттары бұғатталған соң, клиенттерінің несиесін өтеу де тоқтаған. Ендігі жерде өз несиелерін өздері өтеуге міндеттелетін халық жанайқайын айтып, қала басшылығы мен құзырлы органдарға жүгінді.

21 ақпан күні қалалық әкімдікте өткен кездесуге келген халықтың сұрағы ортақ: қалған несиені кім өтейді және кешіктірілген үстемақыны қысқартудың жолы бар ма?

Әділетсіздікке тап болдық деп налыған тұрғындардың бірі  қарыз алушылардың шама-шарқына қарамай миллиондап несие берді деп банктерді айыптаса, енді бірі оңай олжаға кенелгенімізді көре алмады деп «Kaspi Bank» басшылығына да кінә тақты. Үшінші біреуі банктерде несиеге қойылған үстемақының мөлшері тым көптігіне наразылық танытса, құзырлы органдар мәселені тездетіп шешпеді, халыққа араша түсе қоймады деп реніш білдіргендері де болды. Тіпті қаржы компаниясының жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді сұрағандар да кездесті. Құзырлы органдар нақты статистикалық мәлімет бермегенімен, Семей өңірі бойынша шамамен 12 мыңнан астам адам «Нұр Қаржы Инвесттің» клиенті екен. Осы жолғы жағдай болмағанда, сенгіш халықтың саны бірнеше есеге өсер ме еді, кім білсін?!

Мамандардың айтуларынша, «Нұр Қаржы Инвест» шынымен де жалған қаржы ұйымы болса, ол көп ұзамай «құлаушы» еді. Себебі тез арада сенімге кіріп, қалталарын қампайтқан соң тайып тұру мұндай ұйымдардың әдеті ғой. Ал 40 пайызын алып, есесіне жүз пайыз несиені өтеу компанияны жетістікке жеткізеді дегенге сену қиын. Бірақ атүсті шешім шығарып, кесіп-пішуден аулақпыз. Тергеу амалдары аяқталған соң, ақиқаттың анығына көз жеткізетін боламыз.

— Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ол аяқталмайынша, біз қандай да бір шешім айта алмаймыз. Компанияның есепшотында белгілі бір сомада ақша бар. Басшысы сол ақшаны  халыққа қайтарып беруден немесе несиелеріңізді өтеуден бас тартты. Шот бұғатталғандықтан, ол ақшаны өзі де жұмсай алмайды,- деді қала прокуроры Марат Турубаев.

Семей қалалық ІІБ басшысы Дулат Қазақпаевтың айтуынша, тергеу бірнеше айға созылуы мүмкін. Десе де құқыққорғау органдары оны жылдамдату үшін аянып қалмақ емес. Дау-дамайға ұласқан мәселеден қала басшылығы да тасада қалмайды. Қайрат Ерембесовтің айтуынша, енді шаһар басшылығы банк-терге аталмыш іске қатысы бар борышкерлердің несиелеріне жеңілдіктер жасау немесе төлемдерді уақытша тоқтату жөнінде өтініш білдірмек. Содан кейін қарызы бар тұрғындар тиісті өтініштерімен банкке барулары керек.

Әрине, қалай десек те, тиыннан теңге құрап аламын деп ұрынған әрбір тұрғынныңүйінде отбасы, бала-шағасы бар екені анық. Бұл жағдай оңай олжаға кенелуді көздейтін өзге халыққа сабақ болса екен дейміз. Бір анығы — қаржы пирамидасы немесе күмәнға толы қаржы жүйесі ұшпаққа жеткізбейді.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

06.05.2026
В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

В настоящее время под контролем Департамента санитарно-эпидемиологического контроля области Абай функционируют 11 сезонных детских лагерей. Из них 8 – государственные,...

Читать далее ...

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

06.05.2026
Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

Касым-Жомарт Токаев в торжественной обстановке передал знак особого отличия – Золотую звезду и орден «Отан» Махамбету Кенжебайулы, сыну «Халық қаһарманы»...

Читать далее ...

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

06.05.2026
Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

Глава государства Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания, классные чины военнослужащим и сотрудникам силовых структур, передает агентство Kazinform...

Читать далее ...

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

06.05.2026
Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду....

Читать далее ...

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

06.05.2026
Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

Глава государства выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду. В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев сказал, что...

Читать далее ...

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

06.05.2026
В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

В регионе подводят итоги 2025–2026 учебного года: вырос показатель качества образования, определены сроки экзаменов для выпускников и обозначены планы на...

Читать далее ...

Новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

6 часов назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

6 часов назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

6 часов назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

6 часов назад

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

6 часов назад

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

6 часов назад

В Семее состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества и Дню Победы

6 часов назад

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

2 дня назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

2 дня назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС