Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҮЛЕКТРГЕ БАҒДАР

02.03.2018
FacebookWhatsappTelegram

«…Алдымда толған мақсат, толған таңдау, алайын анасын ба, мынасын ба»,- деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, әрбір мектеп бітіруші түлек толқынысты, толқымалы сәтте жүргені анық. Мамандық таңдау — жауапты іс. Армандаған мамандығың жүрегіңе жақын ғана емес, еңбек нарығындағы сұранысқа ие болса игі. Яғни, жастардың арман-қалауы бір жаққа, қажетті мамандықтар өзге арнаға тартып, «Аққу, шортан һәм шаянның» таласына айналмаса болғаны.

Соған орай мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауға көмек көрсетіп, бағыт беру мақсатында 28 ақпан күні Семей қалалық Мәдениет сарайында 7-11 сынып оқушыларына арналған «My PRO» фестивалі басталды. ШҚО Білім басқармасының бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған бұл   фестиваль биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

— ШҚО Білім басқармасының бастамасымен аталмыш шараны биыл екінші жыл ұйымдастырып отырмыз. Ол игілікті іске айналды деп айта аламыз. Себебі мұнда оқушылар біздің өңірде қандай тамаша оқу орындары, сан алуан мамандықтардың бар екеніне көз жеткізеді. Сонымен қоса сол мамандықтардың маңыздылығы мен мүмкіндіктері, қажеттілігі жайлы толық ақпарат ала алады. Бұл мамандықты дұрыс таңдауына септігін тигізеді деген ойдамыз,- деген ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау орталығының бизнес және карьера тобының маманы Динара Рахымжанова шара аясында оқушыларды қамту ауқымы жыл санап артып келе жатқанын мәлімдеді. — Былтырғы жылы 1500 оқушыны қамтысақ, биыл 2190 оқушыға бағдар беруді жоспарлап отырмыз.

Динара Алтынбекқызының айтуынша, аталмыш шара 3 наурызға дейін жалғасады. Алғашқы күні қала мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасынан 700 бала әртүрлі мамандықтар жайлы мағлұмат алса, фестивальдың соңына дейін, Семей қаласымен қоса, Курчатов қаласының, Шемонайха, Бородулиха, Бесқарағай аудандарының оқушылары келеді деп жоспарлануда.

Фестивальға аймағымыздағы 4 жоғары оқу орны мен 17 колледж ұжымы қатысты. «Құрылыс жұмыстарының шебері», «Мұғалім», «Байланыс», «Ветеринар», «Дәнекерлеуші», «Шаштараз», «Медбике», «Техник — электрик», «Аспаз», «Қауіпсіздік», «Геодезия», «Есеп және аудит», «Құқық», «Көлік», «Машина жасау», «Өнер» алаңдары бойынша әрбір оқу орнының үздік студенттері оқушыларға өз мамандықтарының қыр-сырын түсіндіріп, артықшылықтарын айтты.

— Көлік колледжі — 90 жылдық тарихы бар мемлекеттік оқу орны. Екі бағытта – «Автокөлік» және «Су көлігі» мамандықтары бойынша мамандар даярлаймыз. Айта кетсем, еліміз бойынша су көлігі мамандығының түлектері тек біздің колледжден ғана түлеп ұшады. Білім ордасында бүгінгі таңда 1000-нан астам студент 5 мамандық, 8 біліктілік бойынша білім алуда. Біздегі мамандықтар қоғамның қажеттілігін тудырып, қазіргі таңда сұранысқа ие болып отырған мамандықтар сапында. Оқу орны аясында студент техник-механик мамандығына әзірленсе, автослесарь сынды біліктілік қосымша беріледі. Қолдарына диплом алған түлектеріміз жүз пайыз жұмысқа орналасады. «Су көліктері» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер Астана, Өскемен, Павлодар қалаларында тәжірибеден өтеді, машықкерлерге жалақы да тағайындалады,- деді Көлік колледжінің кәсіптік бағыт беру, жұмысқа орналастыру және мониторинг бөлімінің менеджері Гузалия Бариденова.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС