Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛІМІЗДІҢ БАС НЕЙРОХИРУРГІ СЕМЕЙДЕ ОТА ЖАСАДЫ

16.03.2018
FacebookWhatsappTelegram

Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы, еліміздің бас нейрохирургі, «Әлемнің қамқор дәрігері» атанған профессор, «Алтын адам» сыйлығының лауреаты Серік Ақшолақов Семейге келіп, бастың тамыр патологиясын эндоваскулярлы емдеу бойынша бірнеше науқасқа ашық операция жасап, екі күн бойы шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар Семей мемлекеттік медицина университеті мен Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылары әріптестік жөніндегі меморандумға да қол қойды.

Өткен аптада Семей мемлекеттік медицина университетінде өткен қорытынды жиынға қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, аталмыш оқу орнының ректоры Ерсін Жүнісов және профессор-оқытушылар құрамы, нейрохирург дәрігерлер мен студенттер қатысты.

Университеттің ректоры Ерсін Жүнісов екі ғылыми орталықтың байланысын жандандырып, әрі қарай дамыту көзделіп отырғанын ерекше атап өтті. Білім, ғылым, тәжірибе бағытында ғылыми орталықтармен байланыста болу университеттің стратегиялық дамуының негізгі бағыты болып табылады. Әсіресе соңғы 7 жылда семейлік болашақ дәрігерлер Ұлттық орталықта тәжірибеден өтіп, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алған. Енді бұл байланыс бұрынғыдан да нығая түспек.

— Ұлттық нейрохирургия орталығы – дүние жүзіне аты шыққан ғылыми орталық. Осы ғылыми орталықтың жетістіктерін, қолданыстағы жаңа технологияларын біздің оқу орнының госпиталіне енгізу, тәжірибе алмасу арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға бағыттау, орталықтың білікті мамандарынан студенттердің тәжірибе алуына жағдай жасау – басты мақсатымыз,- деп атап өтті Ерсін Тұрсынұлы.

Оқу орны ғылыми кеңесінің 2017 жылдың 26 қазанындағы шешіміне сәйкес, жиын барысында Серік Ақшолақовқа Семей мемлекеттік медицина университетінің Құрметті профессоры атағы берілді. Сонымен қоса әріптестікті нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Серік Қуандықұлы мұндай атаққа ие болғаны үшін аса қуанышты екенін жеткізіп, ҰҒҰ жұмысы жайлы мағлұмат берді. Мәліметіне сүйенсек, 2008 жылдан өз жұмысын бастаған Ұлттық нейрохирургия орталығында жылына шамамен үш жарым мың ота жасалады екен. Онда 100-ге жуық білікті мамандар бар. Қазақстанда, тіпті орта Азияда қолданыла қоймаған 60-тан астам жаңа технологияларды алғашқылардың бірі болып енгізуі орталықтың мүмкіндігінің қаншалықты екенін көрсетеді. Сонымен қоса еліміз үшін нейрохирургияның бірқатар бағыттарының ашылуы да тың жетістік.

— Біздің орталық ашылғанға дейін, өкінішке орай, барлық науқастар шетелге барып ота жасатуға мәжбүр болды,- дейді Серік Қуандықұлы. — Яғни шекара асып ем алу қыруар қаржыны қажет ететіні түсінікті. Қазір ақылы болса да елімізде де жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілуде.

Бас нейрохирург жасалынып жатқан ота түрлері, енгізіліп жатқан әдістер жайлы кеңінен баяндап, Семей мемлекеттік университетін базасы жетілген, келешегі кемел оқу орны ретінде сипаттады.

— Еліміз бойынша өзінің клиникасы бар оқу орны санаулы ғана. Мұнда оқытушы-профессорлар                   теория жүзінде білім беріп қана қоймай, тәжірибе де жүргізе алады. Клиниканы көріп таң қалдым, сіздердің болашақтарыңыз зор!– деген Серік Қуандықұлы Ұлттық ғылыми орталық мамандарының   қатысуымен   өткен  оталар жайлы да айтты. — Бастың тамыр патологиясын эндоваскулярлы емдеу бойынша төрт науқасқа ашық операция жасадық. Сіздердің нейрохирургтеріңіз жоғары дәрежедегі мамандар екендерін көрсете білді. Мұндай оталарды алдағы уақытта өздері де жүзеге асыруға қабілетті,- деп мамандарға жоғары баға берді.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

7 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС