Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.03.2018
FacebookWhatsappTelegram

14 наурыз күні Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі талқыланған жиын қала әкімдігінде өтті. Қала әкімінің қос орынбасары Надежда Шарова мен Николай Ушаковтың, салалық бөлім басшылары, оқу орындары мен банк құрылымдарының, сондай—ақ үкіметтік және үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен мәжілісте Президенттің бес әлеуметтік бастамасы жан—жақты талқыланды.

Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бастамасының пәтер кезегінде тұрғандардың санын азайтуға септігі зор екенін ерекше атап өтті. Айтуынша, қала және аудан әкімдерінің алдында тұрғын үй құрылысын белсенді түрде дамыту міндеті тұр.

— Қазіргі күннің өзінде 2017-2031 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жоспар құрылып, бекітілді. Бұл бағытта берілген 10 аумаққа жеке тұрғын үй құрылыстарын жүргізбекпіз. «7 – 20 – 25» жаңа ипотекалық бағдарламасына келер болсақ, жұмысқа икемі бар әрбір тұрғын жылына 7 проценттен аспайтын мөлшерлемемен несие алу мүмкіндігіне ие болмақ. Бүгінде банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 немесе 50 процентіне дейін салуды талап етсе, жаңа бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауы тиіс және несие алу мерзімі 25 жылға дейін ұзартылады. Аталмыш бағдарлама шілде — тамыз аралығында нақты бекітіледі деп күтілуде. Бұл уақытқа шейін ипотекалық несиелерді алу үшін арнайы қосымша ұйым құрылатын болады. Бұдан бөлек «Нұрлы жер» бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту да көзделіп отыр,- деді Николай Ушаков.

«7 – 20 – 25» бағдарламасынан бөлек, қалада халықты баспанамен қамту бойынша қолға алынған жобаларды жүзеге асыру ісі жалғаса бермек. 147 гектар аумақты қамтитын Қарағайлы шағын ауданында іске асып жатқан 43 жобаға қоса, тағы 20 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Алдағы жылдары шағын аудандағы көп қабатты баспаналардың саны 100-ге жетеді деген болжам бар.

Жиналыста сондай-ақ Елбасының екінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру да әңгімеге өзек болды. Бұл бастамаға қатысты Семей қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы құқықтық қызмет және салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Шырын Әмірханова өз ойын ортаға салды. Өз сөзінде ол еңбекақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға бағытталған шараларға тоқталды. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбеккерлердің салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салынады. Бұл айлығы аз жұмыскерлерлерге салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдетуге жол ашпақ.

«Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты Ұлт Көшбасшысының үшінші бастамасын тілге тиек еткен ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының облыстық кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев қалада студенттік жатақханалардың тапшылығы мәселесін көтерді. Семейдің бірқатар колледждері жекешелендіруден кейін талан-таражға түсіп, мүлдем жойылды. Олардың бұрынғы ғимараттары қазіргі күні өзге мақсаттарға пайдаланылуда. Жалпы, қазіргі уақытта мемлекет меншігіндегі 13 колледждің тек алтауында ғана жеке жатақхана бар екен. Оралхан Сартаевтың сөзіне қарағанда, қаладағы 29 колледжде жиыны 17 мың студент білім алуда. Олардың дені тек қалалықтар емес, оның ішінде жақын маңдағы, алыстағы ауыл-аймақтардан келген студенттер де бар. Бірақ болашақ маман иелерін жатақханамен қамту мәселесі әлі шешімін таппай келеді.

— Ауылдан келген студентке жатақханадан орын тимесе, ол туған-туысқандарының үйін паналауға немесе пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Өздеріңіз білесіздер, жалдамалы пәтерлердегі тазалық көбінесе санитарлық талаптарға сай келмейді. Бұл жастардың денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймасы анық. Сондықтан ел Президентінің студенттерге қолдау білдіру мақсатынан туындаған бастамасы бүкіл қоғам үшін маңызды,- дейді Оралхан Сартаев.

Елімізді көгілдір отынмен қамтуды жалғастыруға, сонымен бірге өз ісін енді ғана бастаған кәсіпкерлерге бизнесін дөңгелетуге мол мүмкіндік беретін жаңа 5 бастамадағы міндеттердің орындалу барысы қатаң бақылауда болатынын жеткізген Надежда Шарова Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Семейдің де алға қарай нық қадам басуына, өсіп-өркендеуіне дем беріп, оң әсерін тигізетінін айтып, жиынды қорытындылады.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС