Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ БАСПАНА БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

27.03.2018
FacebookWhatsappTelegram

Аягөзде апатты жағдай орын алған уақытта, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шұғыл келіп, тасқын судан баспаналары бүлінген тұрғындармен жүздескенінде олардың ешқайсысы баспанасыз қалмайтынын, тиісті деңгейде көмек һәм қолдау көрсетілетінін айтқан еді.

Айтылған сөз жерде қалмай, араға апта салып, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша, «Аягөз-Болашақ» қайырымдылық қорына жинақталған 49 млн. 500 теңгеге 12 үй сатылып алынып, құжаттары рәсімделді. Осылайша, Аягөз қаласында қызыл судан зардап шеккен отбасылардың алғашқы легі баспана кілтін алды. Даниал Ахметов Аягөзге 20 наурыз күні арнайы іссапармен келіп, жеке өзі сатылып алынған үйлерді аралап, онда тұрып жатқан отбасылардың жағдайымен толық танысып шықты. Қоныс тойын тойлап жатқан жанұялардың қуанышына ортақтасқан облыс әкімі әр шаңыраққа теледидар табыс етіп, мерекелік тарту жасады. Сапар барысында аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Даниал Кенжетайұлы аягөздіктерге еліміздің әр аймағынан, облыстың аудандарынан жеткізілген гуманитарлық көмек жинақталған қойма алдында зардап шеккендермен жүздесті. Уәдеге берік басшыға осы жерде ақжарма тілектер айтылып, 82 жастағы Совет Исағұлов ақсақал ақ батасын да берді.

Облыс басшысының өткен жолғы сапарында көмек сұраған ана Меруерт Дүтбаеваға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтқаны ел есінде.

— Сіз табиғат апаты басталғаннан бері екінші рет келіп тұрсыз. Бір апта ішінде талай шаруа тындырылды. Халық та куә. Апатқа ұшырағандардың көңіл-күйі жақсы. Бәріміз жылап едік, қазір күліп жүрміз. Жан-жақтан азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары келіп жатыр. Мың да бір рақмет,- деп тілегін жеткізді, — М.Дүтбаева.

Кездесу сәтінде облыс әкімі зардап шеккендерге көмек көрсету мұнымен тоқтамайтынын,   облыстан 80 млн. теңге қосымша қаражат бөлінетінін жеткізді. Аудан әкімі Бақытжан Байахметовке тағы да 15 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды. Мұнан кейін облыс әкімі гуманитарлық жәрдем қоймасына еліміздің әр аймағынан келіп түскен қайырымдылық көмек түрлерімен танысты.

Сапар барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Шоранов облыс әкімін Аягөз аудандық орталық ауруханасында биылғы жылы ашылатын Инсульт орталығы мен Перинаталдық орталықтың жұмысымен таныстырды. Мұнан кейін аймақ басшысы аудандық орталық аурухананың терапия, хирургия, операция блогында емделушілердің хал-жағдайларын біліп, қысқаша әңгімелесті. Аурухананың жағдайымен танысқан Даниал Кенжетайұлы ғимараттың ішкі бөліктеріне еуропалық талаптарға сай жөндеу жүргізу қажеттігін және оған қаражат бөлінетінін жеткізді. Аягөз аудандық орталық ауруханадан ашылатын Инсульт орталығына 610 млн. теңге және Перинаталдық орталыққа 425 млн. теңге заман талабына сай құрал-жабдықтар алуға «KAZ Minerals» компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаражат бөліп отыр.

Сапар соңында облыс әкімі Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде болып, білім ордасының материалдық — техникалық базасымен танысты. Бірінші кезекте, осы бағыттағы жұмыстардың Ақтоғай ауылдық округі шегінде жұмыс атқарып отырған «KAZ Minerals» компаниясымен екі жақты жасалған меморандум негізінде ұйымдастырылуы қажеттігіне тоқталды.

Айта кету керек, ауданға бүгінде 34 млн. 255 мың теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді. Сонау Атырау, Алматы, Павлодар облыстарынан да, азық-түлікпен қатар, құрылыс материалдары жеткізілді.

Даниал Ахметов, қоғам белсенділерінің қатаң бақылауымен, жиналған қаражат пен гуманитарлық қорды тек мақсатты іске жұмсауды тапсырды. Өз кезегінде аягөздіктер аз уақыт ішінде атқарылған жұмысқа, әсіресе күллі Қазақстан халқының ауызбіршілігіне ризашылықтарын білдірді.

Марат ЖҰМАБАЕВ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС