Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СУ КІРГЕН ҮЙЛЕР ЖАРТЫ АЙДА ЖӨНДЕЛЕДІ

30.03.2018
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Аягөз ауданына 27 наурыз күні кезекті рет жұмыс сапарымен келді. Бұл жолы тасқын судан қираған, құлаған, бүлінген үйлерді қалпына келтіруге байланысты арнайы жиын өткізді. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарына қатысатын аймақтағы барлық құрылыс компанияларын жинап, құрылыс жұмыстарын қысқа мерзім ішінде әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

Даниал Кенжетайұлы бұл жолғы сапарында қаланың оңтүстік бөлігіндегі кіші Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен болған апатты жағдайдан кейінгі жергілікті биліктің атқарып жатқан жұмыстарымен жан – жақты танысты. Облыс әкімі қызыл судан құлап қалған, қираған үйлерді қалыпқа келтірумен айналысатын өңірдегі бірқатар құрылыс компанияларының басшыларымен де осы жерде жүздесті. Даниал Кенжетайұлы тұрғын үй салуда облыста айтарлықтай тәжірибелері бар құрылыс компанияларының басшылары Ә.Досқожанов, М.Мирошишенко, Ә.Мұфтиев, Х.Мұхаметжановтарға жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуіне баса мән беріп, қысқа мерзімде аяқтауды ерекше тапсырды.

Айта кетсек, бүгінде 114 үйдің жобалық — сметалық құжаттамасы дайын. Енді, сәтін салса, алдағы аптада жөндеу жұмыстары басталады деп күтілуде. Ол үшін 259 млн. теңге қаражат қарастырылған. Бұл ретте облыс әкімі күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілетін бірқатар үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті.

— Мен комиссияға өте мұқият түрде жұмыс істеуге тағы да тапсырма бердім. Бұл жерге ірі компаниялар келді. Екеуі Семей қаласынан, үшеуі Тарбағатай ауданынан. Дүйсенбіден бастап олар іске кіріседі. Мен келесі айда келіп, атқарылған жұмысты өзім тексеремін,- деп атап өтті Даниал Ахметов.

Облыс әкімі А.Иманов көшесі бойындағы 58, 64, 66-үйлердің иелері Е.Төлеужанов, С.Рахимов, Ә.Мамырбаевалардың баспаналарына қызыл судан келген залалды көзімен көрді. Осы үйлерге келген зиянды анықтау, бағалау бойынша жұмыс жүргізетін комиссия қорытындысымен таныс болып, аталған үйлерге сапалы күрделі жөндеу жүргізіліп, қалпына келтірілетінін айтты. Бұл жерде айта кететін бір жайт бар: «құрылысшылардың міндеті» деп қол қусырып қарап отырмай, қолғабыс жасап, ортақ мақсатта жұмыла жұмыс істеу қажет.

Облыс әкімі көше бойындағы балалармен де тілдесіп, оқу үлгерімдерін сұрап, өзін күткен тұрғындардың тағы бір тобының жай — күйлерімен танысып, өтініш – тілектерін, мұң – мұқтаждарын тыңдап, атқарушы билік тарапынан нақты көмектер көрсетілетініне уәде берді. Бұл орайда Тоқсанғазин көшесіндегі 123-үй, 2-пәтер иесі Р.Омарова үйіне қажетті құрылыс материалдары бөлінсе деген тілегін жеткізсе, баспаналы болған А.Мырзабаев, С.Смағұлова, А.Тұржігітова, Д.Бертикова, М.Ықласова атқарушы билікке алғыстарын айтты.

Енді жөндеу көретін үйлерге келетін болсақ, 30 үйді аягөздік мердігерлер жөндейтін болса, қалғандары Семей қаласы мен Тарбағатай ауданынан келген компаниялардың еншісіне тиіп отыр.

— Жобалық — сметалық құжаттамалар дайын. Соған сәйкес жұмыс істейтін боламыз. Сметаны кәсіби білікті мамандар жасады. Біз үйлердің басым бөлігін аралап көрдік. Барлық іс сапалы және қысқа мерзімде атқарылады деп сендіремін,- деді «Азия» құрылыс компаниясының басшысы Әсемхан Досқожанов.

Айта кетейік, апат кезінде Аягөздегі 162 үйге су кірген болатын. Қазіргі таңда комиссия барлығын тексеріп, тиісті шешімдерін шығарды. Нәтижесінде 41 үй жөндеуге жатпайтын болып шықты. Бүгінде жергілікті әкімдік 32 баспана сатып алды.

Сондай-ақ қаланың кейбір тұрғындары, мәселен, Подгорная көшесіндегі 171-үйдің тұрғыны, аймақ басшысымен кездесуге келіп, баспана мәселесіне қатысты ойларын айтты. Даниал Ахметов оның баспанасының жағдайын жеке өзі барып көрді.

— Қанша рет, мейлі 25 рет келіп қараңыздар. Бұл үйді күрделі жөндеуден өткіземіз. Соншалық үрейленетіндей қауіп жоқ. Үй иесінің өзі ешқашан жасамаған жөндеуді жүргізіп береміз,- деді үйдің жағдайын көзімен көріп, бағасын берген облыс әкімі.

Даниал Ахметов табиғи апатты жеке мақсаттары үшін пайдаланып кетуді көздейтіндер қатары көбейгенін де атап өтті. Тіпті өз үйлерін өздері қиратқан жағдайлардың болғаны белгілі болып отыр. Осыған орай, аймақ басшысы:

— Қазіргі мына жағдайды пайдаланып қалғысы келетіндер де табылып жатыр. Олар жаңадан үй алғысы келеді. Бірақ, расымен, кейбір үйлерге жақсылап жөндеу жүргізу қажет. Бұл мәселеде қоғам белсенділері қайда қарап отыр?! Мұндай жағдайға жол берілмеуі тиіс. Үйі қирап, жөндеуге мүлдем жарамай қалған отбасыларға ғана жаңа баспана беріледі. Қалғандарын қалпына келтіреміз. Жақсылап жөндейміз. Көп ұзамай адамдар өз үйлеріне кіретін болады,- деді.

Мұнан кейін аймақ басшысы аудан әкімдігінде Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев, Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметовтің және құрылыс компаниялары басшыларының қатысуымен жиын өткізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе көктемгі су тасқынынан бүлінген тұрғын үйлерге қысқа мерзімде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты болды.

Даниал Кенжетайұлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бүгінгі күні Аягөз ауданына 259 млн. теңге бөлінгенін, алдағы аптада құрылысшылар жедел түрде өз жұмыстарын бастайтынын айтып, қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Ал құрылысқа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды жергілікті жерден алу немесе Семей мен өзге де өңірлерден жеткізу қажеттігін айтты. Ал келесі айда жұмыстың орындалуы мен сапасын қатаң тексеретінін ескертті.

Қазір тасқын судан зардап шеккендер қатарынан 361 адам үйлеріне оралса, 56 адам жалдамалы пәтерлерде, 72 адам туған-туыстарының үйінде уақытша тұрып жатыр, ал 59 адам сатылып алынған 13 үйге қоныстанды.

Жиында Даниал Кенжетайұлы:

— Ауданға үшінші рет келгенімде де тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап беруімді сұрайды. Ойланып қарасақ, жергілікті билік органдары өздері-ақ шешетін мәселелер. Бұл ретте аудан әкімдігінің жұмысын мәслихат депутаттары, қала активі мен қоғамдық ұйымдар қолдап, тығыз байланыста болып, түсіндіру жұмыстарының ауқымын жан-жақты кеңейтуді назарда ұстау керек,- деді.

Сонымен, «Азия» ЖШС 30, «Востокстройгруппа» 20, тарбағатайлық құрылысшылар 20 және жергілікті құрылысшылар 30 тұрғын үйге қысқа мерзімде сапалы күрделі жөндеу жүргізетін болды.

Марат ЖҰМАБАЕВ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

2 недели назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС