Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

30.03.2018
FacebookWhatsappTelegram

Ертіс өзені мен Семипалатинка тоғанында су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты Түйемойнақ аралы, Мирный және Шығыс кенттеріндегі тұрғын алқаптарын, Ертіс өзеніне жақын орналасқан көшелердің төңірегін су басу қаупі төнді. Салдарынан Түйемойнақ аралының тұрғындарын эвакуациялауға тура келді.

Шүлбі су электр станциясынан пайдаланылған судың Ертіс өзеніне жіберілетін орташа тәуліктік есебі — 500 м3/секунд. Алайда 28 наурыз күні орташа тәуліктік мөлшердің 1800 текше м-ге дейін ұлғаюына байланысты Ертіс өзені мен Семипалатинка тоғанында су деңгейі күрт көтерілді. Осыған орай осы күні ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильин мен қала әкімі Ермак Сәлімов, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Мадьяров қауіп төнген аумақтарды тікұшақпен аралап, судың көтерілу деңгейін бақылап қайтты. Қазіргі күні қаланың Мирный кенті және ипподром аумағындағы Ертіс өзенінің төменгі ағысы бойында «Востоквзрывпром» ЖШС қызметкерлері мұз жару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал су астында қалу қаупі төнген Түйемойнақ аралындағы 30-дан астам үйдің отбасы мүшелері қонақ үйлерге көшірілген болатын.

Сәрсенбі күні кешкісін Семей қалалық әкімдігінде арнайы жиын өтіп, онда күндіз атқарылған жұмыстардың барысы туралы айтылды.

— Ертіс өзенінің қалыпты мөлшердегі деңгейінің 450 сантиметрден 506 сантиметрге дейін көтерілуіне байланысты Түйемойнақ аралын, Мирный және Шығыс кенттеріндегі тұрғын алқаптарын су басу қаупі төнді. Бұл жерде айта кететін басты мәселе — су жіберу жұмыстарымен айналысатын «Ертіс» бассейндік инспекциясының өзен суының көтерілу деңгейі туралы мәліметтерді алдын ала ескертпегені. Шүлбі су электр станциясынан келетін су деңгейі 1 наурызда 500 м3 болса, біртіндеп көтеріліп, 27 наурыз күні 1200 м3-ге дейін жеткен. Ал 28 наурыз күні 1800 мЗ-ге дейін ұлғайып, нәтижесінде ол мұздың бөлінуіне алып келді,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.  — Бәріңіз байқағандай, биылғы көктемде Семейдегі жағдай қалыпты болды. Қыс бойы мониторинг жүргізіп, жағдайды бақыладық. Жол өтпелерінде жақсы жұмыс жүргіздік. 9 сорғы жаңартылды. «Жансая» СҮ аумағында, Абай, Қабанбай, Селевина көшелерінде қар шығару жұмыстарымен белсенді айналыстық. Қар суының өзен деңгейінің көтерілуіне әсері болған жоқ.

Сол күні Түйемойнақ аралына инертті материалдар жеткізіліп, 16 бірлік техника жұмылдырылды, бөгеттер қойылып, құм – топырақ төгілді. Осылайша, төтенше жағдайлар қызметінің шұғыл әрекетінің нәтижесінде, су басу қаупі ауыздықталды.

Ал келесі күні, яғни 29 наурыз күні, облыс басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласында жиын өткізіп, тиісті мониторинг жұмыстарын уақтылы жүргізбеген «Ертіс» бассейндік инспекциясының жұмысын қатаң сынға алды.

— 27 — 28 наурыз күндері Шүлбі су электр станциясынан Ертіс өзеніне су жіберу мөлшері үш есеге артқан. Қалыпты жағдай 13 наурызға дейін сақталып, 14 наурыз күні 600 м3/секундққа жетіпті. 26 наурыз күні су деңгейі 726 м3 болса, 27 наурыз күні 1200 м3, 28 наурыз күні 1800 м3-ге көтерілген. Салдарынан Семейде Түйемойнақ аралы маңында орналасқан 10 үйді су басты. Бесқарағайда да осындай жағдай күтілуде. Сонда сіздер жағдайды ай бұрын немесе апта бұрын бақыламадыңыздар ма?- деген облыс әкімі «Ертіс» бассейндік инспекциясының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

Өткен жылдардың есебін тізбектеген Қазымбек Баймағамбетов 23 — 26 наурыз аралығында қар аралас жаңбырдың жауғанын алға тартқан еді. Алайда Даниал Ахметов жергілікті билік өкілдеріне алдын ала ескерту жасамаған жауапсыз мекеменің жұмысына салғырт қарағанын сын тезіне алды.

— Қар аралас жаңбыр жауғаны бәрімізге мәлім. Егер су қоймасы тау етегінде орналасып, оған кенеттен су құйылса, жағдайды  түсінуге болатын еді. 11 наурыздан бастап екі күн қатарынан нөсер жаңбыр болғанын біле тұра, сіздер ешқандай шара қолданбадыңыздар. Бір түннің ішінде, кенет қауіп төнгенін сезіп, Семейді суға батырдыңыздар,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Осыдан соң Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев ауданда сақтық шараларының қатаң қолға алынғанын баяндаса, Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков қалада арнайы комиссия құрылғанын және оның су басқан үйлердің шығынын есептейтінін жеткізді.

— Су басу қаупі төнген аумақтарда төтенше жағдайлар қызметтері жұмыс істеуде. Азаматтық қорғаныс қызметтері толықтай дайын және жағдай жергілікті билік органдарының  қатаң  бақылауында.    28 наурыз күні кешкі сағат 23.00-ге дейін Ертіс өзенінің деңгейі қалыпты мөлшерден 75 см-ге көтеріліп, 525 см-ге жетті. Нәтижесінде 10 үйді 30 см-ге дейін су басты. Қазір бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, шығындарды есептеуде. Мирный, Затон, Шығыс кенттеріндегі су басу қаупі төнген 673 үйдегі 1504 азаматқа ескерту жасалып, Түйемойнақ аралындағы барлық жанұя мүшелері қауіпсіз жерге көшірілді және қала тұрғындарына Ертіс өзені маңына жақын бармаулары жөнінде ескерту жасалды. Қазіргі күні жағдай қалыпты. 29 наурыз күні таңғы сағат тоғызға дейін су деңгейінің 443 см-ге төмендегені белгілі болды,- деді Николай Ушаков.

Айта кету керек, қар суы жиналған аумақтарда және қаламыздағы Ертіс өзенінде 29 наурыз күні мұз жару жұмыстары қала әкімі Ермак Сәлімовтің бақылауымен жүргізілді.

— Бүгінде біз мұзға айналған қарды алып тастау үшін, сондай-ақ тез арада суды өткізу мақсатында шұғыл шараларды қолға алдық. Ол үшін үш аумақты анықтадық. Аталған жұмыстарды атқаруға тиісті мамандар жұмылдырылды, облыстан көлемі 3,6 тонна болатын мұзжарғышты жеткіздік, қосымша тағы мұзжарғыш құрылғылар әкелінбек. Бұл өзен суының деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Сонымен қатар бізден кейін су көршілес аймақтарға жететінін түсіне отырып, олармен мұз жару жұмыстарын бірлесе жүргізу үшін тығыз байланыс орнаттық. Осыған орай, олар ешқандай қауіп-қатерсіз суды өткізе алады деген сенімдеміз,- деді Ермак Сәлімов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС