Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

20.02.2014
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Елбасының биылғы Жолдауын талқылап әрі насихаттау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо Семейге жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қала тұрғындарын жеке өтініштері бойынша қабылдау жүргізіп, мекемелерде бірқатар жиындар өткізді.

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төр-ағасы Н.Назарбаев партияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінде жергілікті мемлекеттік органдар басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдер, құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарды жеке өтініштері бойынша жүйелі түрде қабылдау өткізу керектігіне баса назар аударған-ды.

Бұл жолы Светлана Ферхоның қабылда-уына жиыны 20-дан аса қала тұрғыны жазылыпты. Қабылдауға, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Жігітбаева мен қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ғалия Жуасбаева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қалияс Жұмабай сынды басқа да құзырлы мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Әр адамды мұқият тыңдаған Светлана Ивановна байыппен жауап қайтарып, мәселелерінің шешімін қатысушылармен бірге талқылады. Халық қалаулысының қабылдауына І топтағы мүгедек Танзира Жаманқызы Новобаженово ауылынан арнайы келіпті. 27 жастағы Танзира Моңғолия елінде туған. Бала күнінде отбасымен бірге атамекеніне оралған ол Новобаженово ауылындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 5-сыныпта оқып жүрген ке-зінен бастап айықпас дертке шалдығыпты. Алайда, арбаға таңылған қыздың ауруының себебі әлі күнге дейін анықталмаған. Қабылдауға әпкесімен бірге келген Танзира халық қалаулысына бірнеше өтініш-тілегін айтты. Қамкөңіл жанның айтуынша, жасы 70-тен асқан жал-ғыз басты қарт анасы екеуі мекен етіп отырған ауылдағы баспаналары ескі әрі жайсыз көрінеді. Сондай-ақ, науқас қызын күту 70-тегі қарияға да оңайға тимеуде. Сондықтан, оларға көп қабатты пәтерде тұру қолайлырақ екенін айтады Танзираның әпкесі. Халық қалаулысынан осы мәселені шешіп беруге көмектесуін сұраған соң Танзира Жаманқызы шипажайда ем алғысы келетінін, сонымен қатар, жоғары білім алуға да құлықты екенін жеткізді. Әңгіме барысында Светлана Ферхо Танзираға Заң шеңберінде тиісінше көмек көрсетілетіндігін айтты. Құзырлы мекемелер мамандарына қамкөңіл жанның барлық мәселелерін мүмкіндігінше шешіп беруді тапсырды. Алайда, Танзираның тіркеуде ауылда тұрғанын білген мамандар пәтерге кезекке тұру үшін қалаға тіркелуі міндет екенін жеткізді. Дегенмен, бұл мәселе назарында болатынын айтқан Светлана Ивановна шипажай мәселесін бірден шешіп берді. С.Ферхоның сөзінше, енді жаз шыға Танзира мен оның күтушісі екеуі мемлекеттік шипажайлардың бірінде ем алуға тиіс. Ал, білім алу алдағы уақыттың еншісінде екенін, әзірге осы мәселелерді бір жақты етіп алғаны дұрыс болатынын айтып, қамкөңіл жанды жылы сөздермен жұбатты. Ал, баласының жүрегі ауыратынын айтқан көпбалалы ана Жанар Айсанова ҚР Парламенті Мәжілісі депутатынан баласын мүгедектік топқа шығарып беруіне көмек сұрай келіпті. Қабылдауда бол-ған барлық азаматтарға олардың мәселелерінің Заң тұрғысында шешілу жолдарын айтып, өзінің де қолынан келгенше көмек көрсететінін, кейбір мәселелерді ми-          нистрліктерге жеткізуге өзі ықпал жасайтынын айтқан С.Ферхо:

 

{jcomments on}- Соңғы уақытта мүгедектік топқа шығу мәселесі жиі көтеріліп жүр. Сонымен қатар, қай топтағы мүгедек болмасын жыл сайын тексерістен өтіп тұрады. Қолы немесе аяғының кемістігі бар адамдарды жыл са-  йын тексерістен өткізіп, оларды қайта-қайта әурелеудің не қажеті бар? Бұл жағына да мән беруіміз керек екен. Сондықтан, алдағы уақытта осы жөніндегі Заңға өзгерістер енгі-зуді қолға алу қажет сияқты, — деп атап өтті.

 

Халық қалаулысының қабылдауында болған қала тұрғындары Светлана Ферхоның атына жазған өтініштерін тікелей өз қолдарымен табыс етті. Құрғақ уәде беруден аулақ екенін айтқан Светлана Ивановна барлық өтініш-тілектерді қараусыз қалдырмайтынын, мәселелердің оңды шешімін табуына қол ұшын беруге барынша тырысатынын жеткізді.

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы мекемесінен шыққан соң ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо жұмыс сапары барысында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің белсенді студенттерімен кездесіп, Елбасының Жолдауының маңыздылығын түсіндірді.

Ал, тәуліктің екінші жартысында «Восток бройлер» ЖШС-нің ұжымымен, одан кейін қалалық әкімдіктің кіші залында қала активімен кездесті. Әкімдіктегі жиынға, сонымен қатар, бөлім басшылары, қалалық және облыстық мәслихаттың депутаттары, білім саласының мамандары мен колледж және мектеп басшылары қатысты. Жиында қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың кіріспе сөзінен соң Севтлана Ферхо мінберге шығып, баяндама жасады.

— Елбасының биылғы Жолдауы бұрынғы жылдардағыдан мүлдем өзгеше. Өйткені, онда елдің алыс болашағына, яғни 2050 жыл-ға дейінгі уақыт жеті бес жылдыққа бөлініп,  бағыт-бағдар жасалған. Жоспар бойынша осы уақыт ішінде әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тағы бар. Бұл үлкен міндетті орындау үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Сондай-ақ, Жолдауда «Мәңгілік Ел» идеясы айтылған. Бұл да еліміздің келешегінің кемел екенінің дәлелі болса керек, — деді С.Ферхо өз сөзінде.

Семейге дейін жұмыс сапарымен Өскемен мен Риддер қалаларында болған Мәжіліс депутатының Семейден кейінгі жұмыс сапары Риддер қаласы мен Глубокое ауданында  жалғасты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС