Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР БЕЛ ШЕШЕ КІРІСТІ

06.04.2018
FacebookWhatsappTelegram

Қазіргі күні қаламызда су тасқынынан келген зардаптарды жоюға бағытталған түрлі іс-шаралар қолға алынып жатыр. 2 сәуір күні Электротехникалық колледж жастарының бастамасымен өткен студент жастар сенбілігінің орны бөлек болды. Жүзден астам колледж студенттері шаһардың Пристань аумағында бұрынғы Өзен техникумы маңын тазартты.

Біз сөзге тартқан колледждің техника қауіпсіздігі ұстазы Нұрлыбек Теміров:

— Біз, осы маңды тазартумен қатар, электр сымдарын жалғап, қауіпсіздік шараларын да жолға қоямыз. Біздің басшылық студенттер бастамасын қолдап, алғашқылардың бірі болып тасқын су жүрген аймақты тазартуға кірісуге бел буды. Студенттер мұнымен шектеліп қалмайды, сенбіліктерге шығып, туған қалаларының тазалығы үшін өз үлестерін қосатын болады,- дейді.

Енді осындай студенттік сенбіліктер жоғары оқу орындары мен колледждер тарапынан жиі өтіп тұратын болады. Сенбіліктер арқылы қоғамның басты қозғаушы күші саналатын жастарымыздың қала экологиясына бейжай қарамайтындарына куә болдық.

Сондай-ақ семейлік 20 студент жас Түйемойнақ аралында орналасқан Биологиялық орталыққа да барып, тазалық жұмыстарын жүргізген-ді.

— Қаламызда орын алған төтенше жағдайдан кейін су алған аумақтарды ретке келтіру ісі тек коммуналшыларға ғана емес, бүкіл қоғамға артылған жүк. Кез келген қиындықты бүкіл халық болып жеңу керек. Бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, істі бірге атқарсақ, жұмыс нәтижелі болары сөзсіз. Мұны Семейдің студенттері жақсы түсінеді,- дейді Облыстық технологиялық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайрат Қалиев.

Түйемойнақ аралының басым бөлігін су алған, алайда төтенше жағдайлар қызметінің шұғыл әрекеті арқасында Биология орталығына қарғын су кірмегені көңіл қуантады. Нәтижесінде орталықта мекендеп жатқан аң-құстар дін аман қалды.

— Десек те бүгінгі күні тұрғындардың табиғат — анаға деген қарым-қатынасы алаңдатады. Көктемгі су тасқыны орталыққа еш зардабын тигізбегенімен, арал маңы тұрмыстық заттар қалдықтарына, қоқысқа толып кетті. Бұл – жалпыадамзаттық экологиялық өзекті мәселе. Табиғатқа деген адамдардың қарым-қатынасы өзгермейінше, аумақты тазартуға еріктілер мен жастарды тартудан ғаламдық мәселенің тұтас шешіле салуы екіталай,- деп өз сөзін түйіндеді Биологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Дарья Вощакина.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС