Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«WORLDSKILLS SHYGYS – 2018» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

06.04.2018
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстың жетекші кәсіпорындарымен бірлесе отырып «WorldSkills Shygys-2018» халықаралық турнирінің аймақтық чемпионатын өткізуде. Чемпионаттың ашылу салтанаты сейсенбі, 3 сәуір күні Семейдегі Абай атындағы театрда өтті. Студенттерге сәттілік тілеуге облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова арнайы келді.

18 — 22 жас аралығындағы жұмысшы жастар мен студенттер арасында өтіп жатқан аймақтық байқауға Өскемен мен Семей қалаларындағы кәсіптік білім беретін колледждер қатысты. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған WorldSkills қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, шеберліктерін шыңдау.

Аймағымызда WorldSkills қозғалысының танымалдылығы артып келеді. Оған дәлел — қатысушылар санының жылдан — жылға артуы. Егер 2016 жылы облыстық чемпионат 7, 2017 жылы 11 құзыреттілік бойынша өтсе, биыл 31 құзыреттілік бойынша: «Дизайн және киімдерді үлгілеу», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика», «Флористика», «Шаштараз өнері», «Мейрамхана қызметі», «Нан пісіру шеберлігі», «Аспаз ісі», «Құрғақ құрылыс — сылақ жұмыстары», «Бояу және сәндік жұмыстары», «Плиткамен қаптау», «Бетонмен жұмыс техникасы», «Сантехника және жылыту», «Кірпіш төсеу», «Ағаш өңдеу», «Шатыр жабдығы», «Ағаш ұстасы», «Дәнекерлеу технологиясы», «Жүк көлігіне қызмет көрсету», «Жеңіл көлікті жөндеу және қызмет көрсету», «Тоңазытқыш және желдету жабдығына қызмет көрсету», «Кузовтық жұмыстар», «Слесарлық іс», «Электроника», «Желілік және жүйелік басқару», «Инженерлік графика», «Графикалық дизайн», «Веб дизайн», «Мехатроника», «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда жұмыс істеу», «Электр монтаждау» ұйымдастырылды.

Шығыстың студенттері тек облыс көлемінде ғана шеберліктерін көрсетіп қоймай, республикалық чемпионаттарда да жүлдегер атанып, сонымен қатар халықаралық сайыстарда ұлттық құрама сапында ел намысын абыроймен қорғауда. Мәселен, олардың осыған дейін Краснодар және Абу-Даби қалаларына барып, бақтарын сынап қайтқандарын айтуға болады.

— Біздің облыс – өнеркәсібі мен өндірісі өркендеген Қазақстандағы алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі. Облысымыздағы мектеп түлектерінің 50 пайызы аймақтағы колледждерде оқып, білім алуда. Елімізде техникалық мамандықтарға деген сұраныстың жылдан — жылға артып келе жатқанын ескерсек, сіздер қазіргі заманның беделді деген кәсіптерін игерудесіздер. Ендеше, жұмыссыз қалмайтындарыңыз да аян. Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен «Қазцинк» ЖШС-мен бірлескен келісімшартқа қол қойылса, биылғы жылы «Kaz Minerals» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде Аягөз политехникалық колледжінің студенттері Ақтоғай, Мирный кен байыту орындарында жұмыспен қамтылады,- деген Әсем Нүсіпова қазіргі қоғамның өз ісін жетік меңгерген жұмысшы мамандықтарына аса зәру екенін баса айтты.

— Тек жоғарғы оқу орындарында білім алған кадрлар ғана емес, кәсіби-техникалық мамандықты жетік меңгерген жұмысшылар да бүгінгі қоғамға аса қажет. Осы орайда, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының кәсіптік — техникалық білім беру орындарындағы білім деңгейін көтеру туралы тапсырмасына сәйкес, қазіргі күні арнайы бағдарлама әзірленіп жатқанын да айта кеткенім жөн. Алдағы уақытта осы салаға инвестиция бөлініп, оқу базасы жаңартылады деп күтілуде. Ал бүгін Семейде алғаш рет өтіп отырған аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары халықаралық сайыстарда ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін. Турнирге төрелік ететін әділ қазылардың кәсіби деңгейі жоғары. Олардың ішінде шаштараз мамандығы бойынша Парижде өткен байқауға қатысып, дүйім жұртшылық алдында өнерін паш етіп қайтқан жерлесіміз Владимир Дубинді мақтанышпен айта аламын,- деді Әсем Нүсіпова.

«Семей машина жасау зауыты» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Азимут» ЖШС, «Парасат Энерго» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Семей-Водоканал» МКК, «ЮКО» ЖШС, «Востоквзрывпром» ЖШС, «ҮМЗ МҮ» ЖШС, «АЭС Согринская ЖЭО», «Промтехмонтаж» ЖШС, «АЭС Өскемен ЖЭО», «Востокпромэнергоремонт» ЖШС, «Қазцинк — Ремсервис» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «Креатив салоны», «Салон Frank Provost» сұлулық салоны, «Michelle» сұлулық салоны, «Пицца Блюз фирмасы» ЖШС, «Мереке» мейрамханасы, «Семей Көркем» ЖШС және аймақтағы тағы басқа мекемелердің жетекші мамандары қазылық еткен байқау 4 — 5 сәуір күндері Семей машина жасау зауытының базасында өтті. Чемпионатқа қатысушылар жұмыспен қамтылудың нақты мүмкіндіктеріне ие болса, жеңімпаздар аймақаралық және Ұлттық «WorldSkills Kazakhstan – 2018» чемпионатына қатысу мәртебесін ұтып алмақ.

Айта кетейік, чемпионат «WorldSkills» Ресей жобасының үйлестірушісі Павел Черныхтың басшылығымен өткізіледі.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС