Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТАУЛЫ КҮН КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

20.02.2014
АТАУЛЫ КҮН КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
FacebookWhatsappTelegram

Биыл кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарыл-ғанына 25 жыл толды. Осы атаулы күнге орай қаламызда ауқымды шаралар ұйымдастырылды.   Акция аясында Ауған соғысы құрбандары ескерткішінің алдында еске алу митингісі өтті.

Салтанатты жиынға Ұлы отан соғысы ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Ауған соғысы ардагерлері мен сол соғыста қаза болған      жауынгерлердің ата-аналары, оқу орындарының студенттері, Шығыс өңірлік  қолбасшылығының әскерилері қатысты.

Митинг Ауған соғысы құрбандарының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Содан соң   жиналған қауым Ауған жерінде, майдан даласында қаза тапқан сарбаздарды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Шараның негізгі бөлігі тәмамдалғаннан кейін сөз алған қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева Ауған  соғысына бұрынғы Семей облысының бір өзінен 1100 жауынгер қатысқанын, олардың 46-сы ұрыста оққа ұшып, 2-уі із-түссіз жоғалғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, З.Рамазанқызы өз сөзінде: «Қыршын кеткен жастардың ерлігі мен есімдері әр кез жерлестерінің жүрегінде сақтаулы. Олардың есімдерін ел болып ұлықтау біздің борышымыз бен парызымыз. Ауған соғысында қаза болған боздақтарға арналған мына ескерткіш семейліктердің ерлікті қадірлей білетіндігінің белгісі деп айтуға болады. Бүгінде Семей қаласында Ауған соғысының 540 ардагері бар. Олардың қоғамға сіңіріп келе жат-қан еңбектері, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктері жастардың па-  триоттық сезімін арттыруға тікелей ықпал етуде», — деді.

 

{jcomments on}Осыдан соң сөз алған Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшысының орынбасары полковник Азамат Мұқатаев та бүгінгі атау-лы күннің мән-мағынасына тоқталып өтті. «Қиырдағы Ауған жерінде отандастарымыз ерлік пен адамгершіліктің тамаша үлгісін таныта білді. Қақаған аяз бен қапырық ыстықта да Отан алдындағы борыштарын адал атқарды. Өздеріне жүктелген міндетті толық орындауға жандарын салды. Сондықтан да олар мәңгі біздің есімізде қалады, сол үшін де біз оларды құрметтеуіміз керек», — деп түйіндеді сөзін полковник. Ауған жерінде ерліктерімен танылған алдыңғы буын ағаларының жолын жалғаған қазіргі офицердің бұл соғыстың ардагерлеріне деген лебізі осындай болды.

 

Салтанатты жиында жиналған жұртшылық алдында Ұлы отан соғысы ардагерлерінің атынан Ғазиз Ахмеров ақсақал сөз сөйледі.      Ардагер өз кезегінде ауған соғысына қатысқан сарбаздардың Ұлы Отан соғысында ерліктің талай үлгісін көрсеткен батыр аталары мен әкелерінің лайықты ізбасарлары бола алғандықтарын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол соғыс құрбандарын еске алып, арамызда жүрген ардагерлерді құрметтеу парызымыз екенін айта келіп, бүгінгі бейбітшіліктің мәңгілік болуын тіледі.

Митинг барысында соңғы болып қалалық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Боранбай Бегатов сөйледі. Өз сөзінде ол Ауған  жерінде Отан алдындағы борыш- тарын абыроймен атқарған байырғы жауынгерлердің бұдан былай да еліміздің, қала берді қаламыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында жүргізіп жатқан жұ-мыстарын жалғастыра беретіндерін айтты. Сондай-ақ, Боранбай Бегатов Ауған соғысы ардагерлерінің ата-аналарына алғысын білдіріп, зор денсаулық тіледі.

Осындай жылы лебізге толы сөздер айтылып, Ауған соғысы ардагерлерінің ата-аналарына шынайы тағзымның белгісі іспеттес гүл шоқтарын табыс ету рәсімі аяқталған соң аталмыш шара Абай атындағы театрда жалғасын тапты. Мұнда да алғашқы болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Зәуреш Иса-баева жиылған қауымға құттықтау тілегін білдірді. Сондай-ақ, қаламыздағы патриоттық тәрбие жұмыстарына белсене қатысып жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне қала әкімі Айбек Кәрімовтың атынан Алғыс хаттар табыстады. Осыдан соң сахнаға шыққан Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерилері қолбасшысының орынбасары полковник Азамат Мұқатаев қазіргі таңда қарулы күштер қатарында қызмет етіп келе жатқан, ерен еңбектерімен көзге түскен Ауған соғысы ардагерлерін мерейтойлық медальдармен, Шығыс өңірлік қолбасшылығының арнайы грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Атаулы күнге орай еліміздің әр шетінен, алыс-жақын шетелдерден қазақ еліндегі бейбітшіліктің мәңгі болуын, халықтың бақуатты болуын тілеген хаттардың келуі игі дәстүрге айналған. Осы жолы да қызыл империя әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 25 жылдық мерейтойы ескерусіз қалмады. Кезегімен сахнаға шыққан қалалық Ауған соғысы мен жергілікті соғыстар ардагерлері кеңесінің төрағасы Боранбай Бегатов әр түрлі ұйымдардан келіп түскен құттықтау хаттарды оқыды. Олардың арасында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының интернационалист-жауынгерлер жөніндегі комитеттің, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ардагерлер кеңестерінің құттықтаулары болды.

Театрда өткен акцияның маңызды тұсы — Ауған соғысы ардагерлерінің ата-аналарына арнайы мерейтойлық медальдардың табысталу сәті болды. Үлкенге құрмет көрсетуді ешқашан ұмыт қалдырмайтын қалалық Ауған соғысы және жергілікті соғыс  ардагерлері кеңесінің бұл жолғы бастамасы да жиылған қауым тарапынан қошеметке ие болды.

Салтанатты шара қалалық өнерпаздар ұжымдары әзірлеген мерекелік концертке ұласты. Дәулескер күйшілеріміздің туындылары орындалып, отанды сүю, туған жерді қорғау тақырыбындағы әскери-патриоттық әндер шырқалды. Осылайша кеңес одағы әскерінің ауған жерінен шығарылғанының 25 жылдығы қаламызда кең көлемде аталып өтілді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС