Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20.04.2018
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада қала әкімі Ермак Сәлімовтің төрағалығымен қалалық Жеңіл атлетика федерациясының отырысы өтті. Отырысқа дербес бөлім басшылары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, жаттықтырушылар, спортсүйер қауым қатысты. Күн тәртібінде жеңіл атлетика саласын дамыту мәселесі қаралды.

Ең алдымен қала әкімі Ермак Сәлімов республикалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті, облыс әкімі Даниал Ахметов салаға серпін беру қажеттігі жөнінде бірқатар тапсырма жүктегенін тілге тиек етті.

— Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, жеңіл атлетикаға арналған жаттығу залын кіріктіру үшін «Абай Арена» кешенінің жобасына өзгеріс енгізіп жатырмыз,- деген Ермак Бидахметұлы спорттың бұл түрін дамыту үшін проблемаларды анықтап, шешу жолдарын қарастыру керектігін айтты.

Салада атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев баяндап, мән-жайға тоқталды.

— Жеңіл атлетиканы дамыту үшін «Спартак» стадионында 400 метрлік 6 жолақты жүгіру жолы, ұзындық пен биіктікке секіруге, спорттық ядроларды лақтыруға арналған алаңдар, қысқы уақытта пайдалану үшін шығыс трибунада жеңіл атлетикалық манеж бар. Онда оқушылар мен білім ордаларының тәрбиеленушілері, ұйымдар мен мекемелердің, күш құрылымдарының қызметкерлері, қала тұрғындары келіп дайындалады. Семей қаласындағы №2 мамандандырылған облыстық балалар мен жастар спорт мектебінің базасында мамандандырылған жеңіл атлетика залы бар. Сонымен бірге «Ертіс», «Локоматив», «Цементник» және оқу орындарының спорт кешендері мен залдарында жаттығулар өтеді,- деген Мұрат Мұрсаханұлы биыл «Спартак» стадионының және манежінің жүгіру жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, жүгіруге арналған алаңдармен қатар, жаттықтырушылар жайына да тоқталды. Жалпы, №2 облыстық спорт мектебінде 223 спортшы шынықса, оларға бағыт-бағдар беретін 11 жаттықтырушы бар. Олардың төртеуі жоғары санатты болса, үшеуі зейнет жасында екен. Спортшылардың 2-еуі — спорт шебері, 12-сі — спорт шеберлігіне үміткер, 22 спортшы — бірінші разрядты. Мықты жаттықтырушылар қатарында Рахымтай Абаков, Борис Дягилев, Игорь Хижняковтардың есімдері аталды.

Жиында, атқарылып жатқан істермен бірге, саланы дамытуға тұсау болған проблемалар да мәлім болды. Жеңіл атлетиканы дамытуды тежеп тұрған 4 себепті Мұрат Құржықаев жіктеп берді.

— Ең алдымен, материалдық — техникалық базаның ескі, спорттық манеждердің жеткіліксіз болуы және сыйымдылығының аздығы жеңіл атлетика саласын дамытуға қолбайлау болып тұр. Мысалы, №2 мамандандырылған облыстық балар мен жастар спорт мектебінің іргетасы өткен ғасырдың 60-шы жылдарында қаланған. Қай жағынан алсақ та ғимарат ескірген, сын көтермейді, жөндеуді талап етеді.

Екінші мәселе, спорттық құрал — жабдықтардың аздығы. Қарапайым мектептер ғана емес, спорттық нысандардың да жабдықтармен толықтай қамтылмауы дайындық барысында өзіндік әсерін тигізбей қоймайды. Үшінші, оқытушылар құрамы сапасының деңгейі: заманауи талаптарға сәйкес келмейтін селекциялық жұмыстың нашарлығы. Төртінші, қаржыландыру жағы. Мысалы, облыстық жарыстарға команда құрамында 30 спортшы бару керек болса, бюджеттің аздығына орай, біз жартысын ғана апара аламыз,- деді Мұрат Мұрсаханұлы.

Аға буынның айтуынша, семейлік жеңіл атлетшілер республикалық, халықаралық жарыстарда жеңісті қолдан бермеген әрі әрдайым жеңімпаздардың тұғырынан табылған.

— Тарихқа көз жүгіртсек, 90-шы жылдардың басында біз республикалық жеңіл атлетиканың шыңына көтерілдік. Бізден Алматы және Шымкент құрамалары ара — тұра басым түсетін. Жүгіру жарыстарынан семейлік команда ешкімге есе жіберген емес. Бізде таланттар аз болған жоқ,- деген спорт ардагері, жаттықтырушы Рахымтай Абаков үздік спортшыларға тоқталып, жеңісті күндердің туын қайта желбірету басты міндет екенін тілге тиек етті.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС