Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СӘУЛЕТТІ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

20.04.2018
FacebookWhatsappTelegram

Семейдегі Ақсай жаңа ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты аясында алғашқы тұрғын үйлердің іргетасы қаланды. Сейсенбі, 16 сәуір күні қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен аталған ауданда көшпелі жиын өтіп, онда бір ай ішінде бой көтерген баспаналар мен Ақсай кенті жайында жан-жақты мағлұмат берілді. Көшпелі мәжіліске жиналған көпшілік үлгі ретінде таныстырылған үй ішін аралап, құрылысқа қолданылған материалдардың сапасын, мердігер компаниялардың жұмысын бағалады.

Ақсай кенті қаланың оң жақ жағалауында, РСУ-1 ауданынан ары қарай орналасқан. Қаладан едәуір шалғай орналасқаны болмаса, ауасы саф, табиғаты көрікті. Көп ұзамай сыртқы пішіні, сәулеті біркелкі жеке тұрғын үйлер салына бастайды. Қазір мұнда электр желілері тартылған. Су желісінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайын, осы жылдың күзінде су жүйесі орнатылады. Оқырмандардың есіне сала кетейік, өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Ақсай, Ұшақтар және Комсомол кенттерінде жеке тұрғын үйлерді салу мақсатында 3900 жер телімі берілген-ді. Соның ішінде 1700-і Ақсай ауданына бөлінсе, бүгінде оның 1200-і үлестірілді.

— Басты мақсат – халық игілігі үшін сапалы, қолайлы баспана салу. Егер құрылыс салуға ниетті азаматтың қалтасы көтерсе, үйді өзі салуға толық құқығы бар. Тек қалалық сәулет бөлімімен жоба жөнінде келісуі керек. Мұнда саман кірпіштен, шлакоблоктан үйлер салынбайды, тек әдемі әрі бірдей ғимараттар болады,- деді қала басшысы Ермак Сәлімов.

Айту керек, архитектуралық жобалар тұрғындарға тегін беріледі. Әрбір салымшы жоба эскизін сызу барысында қанша бөлме болады, қандай құрылыс материалдарын қолдану керек, өздері таңдайды.

Банк салымшылары назарына көрсетілген бірінші үй сырт көзге қарапайым көрінгенмен, іші жайлы әрі кең. Жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрайтын баспананың іргетасын құю, кірпішін қалау, тақта-жабындарын орнату жұмыстары сапалы жасалған. Үй қабырғалары газоблокпен, силикат кір-піштермен қапталса, төбесі 15 сантиметр қалыңдықтағы ағаш және жылу ұстап тұратын арнайы жабындымен жабылған. Үйлер электр қуатымен немесе пешпен жылытылатын болады.

— Бұл үйдің құрылысын ағымдағы жылдың 27 ақпанында бастап, наурыз айында аяқтадық. Бір айда тұрғызылған үйді салуға 15 адам жұмылдырылды. Қолданылған құрылыс материалдарының барлығы өзіміздің қаламызда өндірілген,- дейді «Өкен» ЖШС прорабы Талғатбек Торғаев.

Ал «Сәт-Транс» серіктестігі мердігерлік ететін келесі үйдің жобасы еуропалық үлгіде салынған екен. Залы, жатын, жуыну бөлмелері ерекше кең.

— Мысалы, аумағы 100 шаршы метр болатын үйдің орташа бағасы 12 млн. теңге деп белгіленіп отыр. 1 шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды. Бұл сомаға үй тұрғызылады, жылу желісі тартылады, қоршауы салынады. Қалған ұсақ-түйек жұмыстарды сатып алушы өзі атқарады. Жер телімдерін алу үшін бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу қажет. Ол үшін міндетті түрде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшысы атанып, депозиттегі есепшот 2 млн. теңге көлемінде болуы шарт. Алғашқы жарнасы тұрғын үйдің жалпы сомасының 30%-ын құрайды. Несие 5 пайыздық жылдық өсіммен 15 жылға беріледі. Ауданда салынатын үйлер 80-140 шаршы метрге тең болады,-деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей филиалының директоры Равиль Сәбитов. – Жер телімін алуға кезекте тұрғандар қалалық әкімшіліктің жер қатынастары бөліміне барып, жолдама алып, үйдің жобасын таңдауы керек. Содан кейін, үйдің бағасы белгілі болған бойда, тұтынушы біздің банкке келіп, өзінің төлем қабілеттілігін растайтын құжатты өткізеді. Үйдің алғашқы жарнасын банкке салғаннан соң, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жергілікті атқарушы орган өкілдеріне хабарлама жібереді. Сөйтіп, жеке тұрғын үйдің құрылысы басталады,- деді ол.

Үй салынбас бұрын, қала әкімдігі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей филиалы, құрылыс компаниясы мен салымшы арасында төрт жақты келісімшартқа қол қойылады. Бүгінде Ақсайдан 10 сотық жер алуға 24 мыңнан астам тұрғын кезекте тұр. Оның 2600-і — банк тұтынушылары. Қазірде 644 жер телімі рәсімделіп жатыр. Келешекте жаңа ауданда 1200 орынға арналған мектеп және 320 бүлдіршінге шақталған балалар бақшасы салынады деген жоспар бар.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС