Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАС ХАТШЫ СЕМЕЙ САХНАСЫНДА СКРИПКАДА ОЙНАДЫ

27.04.2018
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ертіс концерт» камералық оркестрі өнерсүйер көрерменге концерт берді. Классикалық, халықтық музыкамен халық құлағының құрышын қандырған концерт өнер ұжымының құрылғанына 20 жыл толуына арналды. Мерейтойлық шараға түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі скрипкашы Дүйсен Қасейінов Анкарадан арнайы келді.

1997 жылы құрылған камералық оркестрдің құрамында 15 өнерпаз қызмет етеді. Жиырма жыл бойы өз көрермендерін Бах, Штраус, Чайковский, Даргомыжский, Пабло Сарасате, Латиф Хамиди және тағы басқа әлемдік музыка өнері мэтрлерінің шығармаларымен қуантып, халықтың ыстық ілтипатына бөленіп келеді. Осы уақыт аралығында кәсіби музыкант Ольга Штрауб жетекшілік ететін, Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, республикаға еңбегі сіңген қайраткер Анвар Ақбаров дирижерлік ететін камералық оркестр жер-жерде концерт берді, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. Айта кетейік, жуырда «Ертіс концерт» Алматыда ҚР-ның халық әртісі Мұрат Серкебаевтың құрылтайшылығымен, «Таңдау» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Әуен fest» республикалық камералық оркестрі фестиваліне қатысып, «Қазақстан композиторларының қазіргі заманға сай өнерін насихаттау» номинациясының иегері атанды.

Концерттік бағдарлама италиялық композитор Антонио Вивальдидің композициясымен ашылып, республикамыздың еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткачтың орындауындағы орыс халқының жазушысы Алексей Толстойдың сөзіне жазылған ұлы композитор Петр Чайковскийдің «Среди шумного бала» романсымен жалғасты. Музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы этнограф, композитор Латиф Хамидидің «Жайлауым бақша жайнаған» әнін шырқаған Айжан Мазкенова тыңдармандардың өн бойын шымырлатты десек, артық айтқандық емес. Сондай-ақ фортепиано, гитара аспаптарында шығармалар ойналып, танымал күйлерден поппури орындалды.

«Ертіс концерт» камералық оркестрінің концертіне сонау Түркия елінен ат арытып келген «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов сахнаға көтерілгенде, бүкіл көрермен орнынан тұрып қол соқты. Бұл еліміздің мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қосқан скрипкашыға деген семейліктердің ерекше құрметі болса керек. Өнер адамы үшін көрерменнің ыстық ықыласынан асқан бақыт жоқ шығар, сірә. Бір кездері Қазақстанның мәдениет министрі болған, кейін ректорлық қызмет атқарған Дүйсен Құрабайұлы өз кезегінде сөз сөйлеп, оркестр ұжымын құттықтады.

— Құрметті өнерсүйер қауым,- деп бастады сөзін,– «ТҮРКСОЙ» ұйымы мен оркестр ұжымы арасындағы шығармашылық әрі достық байланыс нығайып келеді. Осыдан бір жыл бұрын ұйымның ұйытқы болуымен Анкара қаласында «Бар байлығым — достарым» атты концерт-фестиваль өтіп, оған «Ертіс концерт» өнерпаздары шақырылды. Сөйтіп, концерттің жоғары деңгейде өтуіне оркестрдің де ықпалы зор болды. Мен Семейге жас кезімде музыкант ретінде келуші едім. Одан кейін жұмыс бабымен ректор, министр болғанымда келдім. «Ертіс концерт» оркестрінің құрамында Құрманғазы атындағы консерваторияны тамамдаған Ольга Штрауб, Вячеслав Ткач, Альмира Нұртазина сынды шәкірттерім бар. Осы шәкірттеріммен кездескеніме, олармен бір сахнада өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Сахнаға шығуды біржола қоюыма болатын еді, бірақ өнер әрқашан менің жүрегімде,- деген Дүйсен Қасейінов шәкірті, Қырғызстанның скрипкашысы Талантбек Молдақановпен бірге Клод Франсуаның әлемге әйгілі «My way» («Менің жолым») композициясын скрипкада ойнап, жиналған қауымды тәнті етті.

Соңынан Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов камералық оркестр ұжымын 20 жылдығымен құттықтап, ықылас гүлдерін тарту етіп, Дүйсен Қасейіновке естелік сыйлығын тапсырды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС