Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

27.04.2018
FacebookWhatsappTelegram

Соңғы кездері оқушы мен мектеп және ата-ана арасында жаңартылған білім мазмұнына қатысты мәселелер аз туындаған жоқ. Соның бірі – бағалау жүйесі. Қалыптасқан бағалау түріне үйренгендерге жаңа бағалаудың мәнісін әу баста бірден түсіне қою оңай болған жоқ. Тоқсан бойы «5»-тік алып қуантқан балалары «жақсы» деп қорытылғанда, талай ата-ана абдырап қалғаны рас. Осы жағдайларды ескере отырып, жаңа жүйенің артықшылықтары мен мәнісін түсіндіру мақсатында 25 сәуір, сәрсенбі күні №49 жалпы орта білім беретін мектепте білім бөлімі «Жаңартылған білім мазмұнын енгізу: проблемалары және болашағы» тақырыбында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Оған шаһар ұстаздары мен ата-аналар қатысты.

— Жаңартылған білім мазмұнына орай ақпарат беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, туындаған мәселелердің шешімін қарастыру мақсатында ата-аналар мен ұстаздарды қатыстырып бүгінгі Ашық есік күнін ұйымдастырып отырмыз. Міндеті – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің кезеңдері мен деңгейлерін, бір сәтке болса да оқушы орнына партаға жайғасқан ата-аналарға шеберлік сыныптары арқылы бағалау формаларын түсіндіру,- деді қалалық білім бөлімі әдіскерлері кабинетінің меңгерушісі Гүлфия Ахметова.

Білім бөлімі мамандарының айтуынша, әсіресе бағалау жүйесіне орай сұрақтар көп туындайды екен. Бұрын, салыстырмалы түрде, Айжанға қарағанда Аружан толыққанды жауап бергендіктен, Айжанға «5», Аружанға «4» қойылса, қазіргі таңда әр бала жеке тұлға ретінде деңгей бойынша бағаланады.

— Жаңартылған білім мазмұнына сай баға салыстырмалы түрде қойылмайды. Өз білімін тәжірибе жүзінде жүзеге асыра алатын құзыретті тұлғаны тәрбиелеуіміз керек. Формативті бағалау бойынша бағаланған әрбір бала мектепке дейінгі мекемеден бастап, ай бойы алған бағасымен бірге, қорытынды бақылаулары маңызды рөл ойнайтынын ескеретін болады. Бұрын «5» көп алса, бақылаудан «4» алса да «үздікке» қорытылатын. Қазір қорытынды тоқсан бойы алған бағасына ғана байланысты болмайды,– деді ГүлфияАхметова.

Ашық есік күнінде информатика пәнінің мұғалімдері интернет-сайттармен жұмыс істеу, онлайн тест тапсыру, электронды бағдарламаларды пайдалану тұрғысында ата-аналарға ақпарат берді. 14 кабинет бойынша пәндік сабақтар өткізіліп, ата-аналар оқушылар тәрізді сабақ тыңдап, баға алды. Яғни жаңаша бағалаудың мәнісі түсіндірілді.

Алғашқы бөлім бойынша пән кабинеттерінде ақпарат алып, сабақ оқып, бағаланған ата-аналар Ашық есік күнінің екінші бөлімінде акт залына жиналып, білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенкоға және ұстаздар қауымына көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, жауап ала алды. Сөз алған ата-аналар саладағы өзгерістерге орай өз ойларын да жеткізді.

— Жаңартылған білім мазмұнына сай балалардың 5 күндік білім алғанына қарсы емеспін. Бала ата-анасының жанында көбірек болуы керек. Алғашында бағалау жүйесі бойынша сұрақтарымыз болған. Бірақ қазір мәнісін түсіндік. Әр баланың өз мүмкіндігіне, тәрбиесіне, біліміне қарай бағаланғаны да дұрыс. ХХІ ғасырдағы дамуымызға сәйкес білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістерді де қолдаймыз, дамыған мемлекеттерден қалыс қалмай, біздің еліміздің де көші ілгерілеуі керек қой,- деді Данара Мұстаханова есімді ана.

 

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС