Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БЕЙБІТ ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ БІРЛІКТЕ

04.05.2018
FacebookWhatsappTelegram

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қаламызда жоғары деңгейде аталып өтті. Қазақстан атты бір шаңырақ астына топтасқан ұлттар мен ұлыстардың өкілдері шаһарымыздағы Орталық алаңға жиылып, достық пен татулықтың үлгісін көрсетті. Мерекелік салтанатты жиында әр халық әні мен биінен шашу шашып, қолөнер бұйымдарын паш етіп, ұлттық тағамдарын ұсынды һәм өзіндік ерекшеліктерін көрсетті. Сонымен қоса бұл күні, қазақы дәстүрге сай, Қымызмұрындық салты, «Рухани жаңғыру» тақырыбы аясында көрме, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Мереке қала әкімі Ермак Сәлімовтің құттықтау сөзінен бастау алды:

— 1 Мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген махаббаттың, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Бірліктің арқасында біз бейбіт ғұмыр кешудеміз. Қаламызда 80-нен астам ұлт пен ұлыстың өкілдері ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатыр, Достық үйі жұмыс істеп тұр. Онда 22 ұлттық мәдени орталық қызмет жасауда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізін құрайтын бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық орын алған жерде қашанда іс нәтижелі болатыны белгілі. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі барша ұлт өкілдерінің мәдениетін дамытуға, ана тілін, салт-дәстүрлерін сақтауға негізделген. Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясында Елбасы: «Халықтың бірлігі — жаңарған Қазақстанды өркендетудің басты шарты. Солай болған және солай бола бермек»,- деп атап өтті. Ардақты ағайын, бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін,- деді Ермак Бидахметұлы.

Қала әкімінің құттықтау сөзінен соң сахна төріне көтерілген әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілі ұлттық киімдері мен ұлттық өнерлерін ортаға салды. Сонымен қоса өзіндік ерекшеліктерге толы қолөнер бұйымдарын да таныстырды. Көрмеге, этномәдени орталықтармен бірге, «Рухани жаңғыру» тақырыбында еңбектенген балабақша ұжымдары да қатысты.

— Татар өнер мектебінде оқушылар қолөнер бұйымдарымен айналысады. Оның ішінде классикалық және татар өнері бағыттары бойынша үйретеміз. Шыны, керамика, бисермен сәндеу жұмыстарын және басқа да бұйымдарды көрмеге қойдық. Көрмеміз арқылы елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де татар мәдениетін таныстырып жүрміз,- деген өнер мектебінің ұстазы Рая Масаева мерекеге орай пікірін де білдірді:

— Бүгінгі мерекенің маңызы ерекше. Себебі біз 130 ұлт пен ұлыстың өкілдеріне мекен болған елде өмір сүріп жатырмыз. Оның үстіне Семей қаласы – еліміздің рухани орталығы. Мұнда әртүрлі ұлт өкілдері бір атаның баласындай ғұмыр кешуде.

Орталық алаңдағы мерекені әсем әуенімен әрлеген ұжымдар да болды. №11 ясли-балабақша ұжымының орындауындағы халық әнін ұйып тыңдамағандар кемде–кем.

— Тәрбиешілердің туындылары және қолөнер бұйымдары көрмеден көрініс тауып отыр. Музыка жетекшісі мен тәрбиешілерден құралған ансамбль халық әндерін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысуда,- деді №11 ясли-балабақшаның музыка жетекшісі Гаухар Жұмағалиқызы.

Дастарқан жайылып, әрбір ұлт өзінің тағамдарын таныстырды. Сонымен қоса қазақы дәстүрмен Қымызмұрындық ұйымдастырылып, қала тұрғындарына 500 литр қымыз тегін берілді.

— Қымызмұрындық — ата-бабаларымыздан мирас болып қалған салт-дәстүріміздің бірі. Ертеректе аталарымыз бие сауғанда, алғашқы саумал қымызға көрші — қолаң, ағайын — туыс, ауылдастарын шақырып, барлығы ақтан ауыз тиген. Бұл мереке — сол бабалар бастамасының жалғасы,- деп, қымызын сапырып, тостағанға құйып тұрғындарға ұсынып тұрған Балкүміс Ысқаққызы қымыздың түрлері жайлы да айта отырды.

Шара қалалық өнер ұжымдарының мерекелік концертіне жалғасып, спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, мереке күні Орталық демалыс саябағында «Берекелі, бейбіт ел» атты мерекелік концерт, Абай атындағы театрда қала әкімінің кубогы үшін республикалық «Жайдарман» ойындары да өтті.

 

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС