Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА БАҒЫТҚА — ЖАҢА АВТОБУС

04.05.2018
FacebookWhatsappTelegram

Қаламыздағы қоғамдық көліктер қатары су жаңа 15 автобуспен толықты. Мереке күні жаңа автобустар салтанатты түрде пайдалануға берілді.

— Семейіміз күннен-күнге көркейіп, экономикасы жақсарып, әл-ауқаты артуда. Алдымызда қаланы одан әрі дамыту міндеттері тұр. Жыл сайын жаңа әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, ықшам аудандар бой көтеруде. Бүгін, мереке қарсаңында, Қарағайлы ықшам ауданы мен қала орталығын, сол жағалауды жалғайтын №4 жаңа маршруттық бағыт ашылды. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына орай және қолдауының арқасында автобус паркін жаңалау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың соңында «Семей» автобус паркі өз жұмысын бастап, 20 орта класты жаңа автобус салтанатты түрде жолаушыларға қызмет етуге жіберілген еді. Бүгін «Семей» автобус паркі қаламыздағы «Daewoo Bus Kazakhstan»   зауытында    құрастырылған  үлкен класты 15 жаңа автобусты таныстырып отыр. Аталмыш парк алдағы уақытта да тегеурінді техникасымен семейліктерді қуантып, алғысына бөлене береді. №4 маршрут халық арасында сұранысқа ие бағыт болады деген үміттеміз әрі жолға шыққан көліктерге сәттілік тілейміз!– деген Ермак Бидахметұлы беріліп отырған көліктердің ең басты ерекшелігі – отандық екенін, нақтырақ айтсақ, қаламызда шығарылғанын атап өтті.

Айта кетсек, жаңа автобустар №4 бағыт бойынша Ұшақтар кентінен Қарағайлы ықшам ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне дейінгі аралықты жалғайды. Бұрын тура қатынайтын қоғамдық көлік болмай, бірнеше ауысыммен қатынап жүрген тұрғындар үшін жаңа бағыттың ашылуы әрі онда жаңа көліктердің қызмет етуі — екі есе қуанышты жағдай. Бірақ қоғамдық көліктегі тазалықты сақтау жолаушыларға да байланысты екені белгілі.

— Мереке қарсаңында шаһар тұрғындары мен қонақтарының игілігіне жаңа әрі ыңғайлы автобус берілуде. Жүргізушілер мен кондукторларға бірегей киім үлгісі қарастырылған. Қоғамдық көліктің тазалығы автобус паркіне ғана емес, тұрғындарға да тікелей байланысты,- деді жаңа автобустардың біріне кондуктор болып жұмысқа орналасқан Шынар Оразбекова.

— Өздеріңіз білетіндей, біздің паркке тиесілі жасыл автобустар №8 және №5 бағыттар бойынша қызмет етуде. Бүгін көліктеріміздің қатары толықты. Құны шамамен 40 млн. теңге. Оларда қозғалыс мониторингін жасауға арналған GPS құралдар, спутник арқылы нақты орнын анықтауға мүмкіндік беретін автоақпараттандыру құрылғысы орнатылған. Wi-Fi — сымсыз интернет желісімен қамту да ойда бар. Мұнымен тоқтап қалмай, көліктердің қатарын көбейтіп, кәсіпорнымызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз,- деген «Семей» автобус паркінің директоры Асқар Зияданов №5 маршруттың бағытына сәл өзгеріс енгізілгенін, 2 мамырдан бастап «Орталық алаң» аялдамасы арқылы жүретінін де атап өтті.

Ал көліктердің сыйымдылығына автобусты шығарушы «Daewoo Bus Kazakhstan» зауытының бас директоры Әсемхан Досқожанов: «Бұл автобустар үлкен класты көліктер қатарына жатады, ұзындығы 11 метр, 22 орынға негізделген. Автобус тасымалдаушы компаниямен келісім жасасу арқылы арнайы дайындалғанын айта кетейін. Сапалы әрі ыңғайлы отандық өнім, жаңа автобус халықтың да көңлінен шығады деп ойлаймыз. Болашақта қала үшін тағы 80 автобус дайындау жоспарымызда бар»,- деп атап өтті.

Жаңадан берілген автобустардың үлкен класты көліктер қатарына жататыны көңілге қуаныш ұялатады. Себебі алдағы уақытта шағын автобустар («Газельдер») жолаушыларға қызмет етуден шеттетіледі.

— Қоғамдық көліктер қозғалысын оңтайландыру ісі аяқталды. Енді шағын автобустарды жолаушыларға қызмет етуден шеттетеміз. Қалада 126 шағын автобус бар. Олардың орнын орта және үлкен класты автобустар алмастырмақ,- деді Ермак Бидахметұлы.

— 2017 жылы 9 ай бойы жолаушылар көлігін оңтайландыру процесі жүрді. Жолаушылар саны анықталды, әрбір аялдамаға зерттеу жүргізілді, яғни көлік инфрақұрылымы толықтай зерделенді. Қазір жаңа маршруттық жүйе қалыптастырдық. Ол бойынша 39 маршрут болады. Шағын көліктер алынып тасталып, тек Жаңа құрылыс пен 19-подстанцияны жалғайтын №54 бағытта шағын көліктер жүрмек,- деген Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Назым Жамболатова тағы бір жаңалық — өзге қалалардың, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, «Ыңғайлы маршрут» жобасы қарастырылып жатқанын, жоба ыңғайлы болатын болса, Астана, Алматы қалаларындағы сияқты электронды билет енгізілуі мүмкін екенін жеткізді.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС