Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҒА БУЫН ЕРЛІГІНЕ ҚҰРМЕТ

11.05.2018
FacebookWhatsappTelegram

7 Мамыр — Отан қорғаушылар және 9 Мамыр — Жеңіс күні қарсаңында Семейде бірқатар мерекелік іс-шаралар легі өтіп, оған қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты. Соның бірі — Абай атындағы кітапханада өткен Жеңіс балы. Ермек Бидахметұлы Жеңіс балынан кейін бірқатар қарт майдангерлердің шаңырағына бас сұғып, мерекемен құттықтады.

Жеңіс балына соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері, қала басшылығы және жастар, қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

— Жылдағы дәстүр бойынша, Жеңіс балын ұйымдастырудамыз. Бұл бал ұрыс даласында кеудесін отқа тосқан майдангерлердің рухына, арамызда жүрген ардагерлерге, соғыс зардабын тартып, ет жақындарынан айырылған отбасыларға арналады,- деді «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры атынан сөз алған Жанна Жибраева.

Ермак Бидахметұлы барша жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді:

— Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген құрмет арта түседі. Отан үшін отқа түсіп, елі мен жерін қорғаған аға буын өкілдері қашанда құрметке лайық. Әрбір ардагердің ерлігі — біз үшін мақтаныш. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!- деген Ермак Сәлімов ешкім де, ешқашан да ұмытылмайтынын айрықша атады.

«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының әскери оркестрі Жеңіс күніне арналған патриоттық нақыштағы әуендерді әуелетіп, сол бір ұмытылмас жылдарға жетеледі. Сонымен қатар «Қаһарлы жылдар жылнамасы», «Отан соғысының қолбасшылары», «Естеліктер мен меморандумдар», «Соғыс жылдарындағы семейліктер», «Қаһарлы жылдардағы мерзімді баспасөз», «Жеңіс жырлары», «Отты жылдар әуендері» бөлімдері бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бұдан кейін қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық соғыс және тыл, еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, дербес бөлімдердің басшылары майдангерлердің шаңырағына арнайы ат басын бұрып, оларды құттықтады. Қала әкімі жеміс-жидек пен азық-түлікке толы себет, 500 мың теңгенің сертификатын, қала әкімінің алғыс хаты мен бір құшақ гүл де ала барды.

Алғашқы құттықтау мәртебесіне майдангер Атамбай Оразбаев ие болды. 1923 жылы Жаңасемей ауданында туған ол 18 жасында әскер қатарына алынып, ұрыс даласына аттанған. 1941 жылы Алматы қаласында құрылған 100-ші атқыштар бригадасының қатарында Ұлы Луки жерін қорғаған. Сондай-ақ 1-ші Украин майданында Харьков, Киев, Варшава қалаларын азат етуге қатысқан. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Жеңіспен елге оралған Атамбай ата 1946 жылдан еңбекке араласты. Бүгінде 96 жасқа аяқ басқан ардагер: «Жастарың ұзақ болсын. Соғысты сендер көрмеңдер. Еңбек етіп, білім алып, бейбіт өмір сүріңдер»,- деп тілегін білдіріп, арнайы құттықтай келген қала әкіміне алғысын жеткізді.

Атамбай ақсақалдың шаңырағынан шыққан шаһар басшысы Александр Атавинді де құттықтады. 1922 жылы Хабаровск аймағының Амур облысында туған ол Энергетикалық техникумның 3 курсында оқып жүргенде, 19 жасында әскер қатарына алынған. 1941 жылдан бастап Батыс майданда 58-ші дивизияның құрамында ауыр миномет таситын жүргізуші болған. Екі рет жараланған жауынгер жеңісті 2-ші Украин майданының құрамында Австрияда қарсы алған. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені мен көптеген медальдарды кеудесіне таққан.

Бейбіт күн басталғанда оқуын әрі қарай жалғастырған Александр Гаврилович Кросноярда 6 жыл еңбек еткен соң,1960 жылы Семей қаласында жұмыс істеуге шақырылып, тұрақтап қалған.

Бұл күні құрмет көрсетілген жандардың арасында Екатерина Краснянская  да  бар.  14 жасынан бастап Ленинград блокадасындағы госпитальда жұмыс істеуге барған ол оққа ұшқан жағдайы ауыр жауынгерлерге санитарлық көмек көрсеткен. Латвия, Польша, Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. Жеңісті Польша жерінде қарсы алыпты. Екатерина Семенова қаламыздағы денсаулық және білім мекемелерінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, №2 қалалық балалар ауруханасынан құрметті демалысқа шыққан.

Батыс атқыштар полкінде, Балтық теңізі жағалауында Отан қорғаған Абдрашит Ишмухаметовті де қала басшысы құттықтап қайтты. Жүздесуде соғыс ардагерлері қан майданда болған қиыншылықтарымен, естеліктерімен бөлісіп, жеңісті жақындатқан жандардың ерлігіне жас ұрпақ құрметпен қарауы қажеттігін атап өтті.

Ермак Бидахметұлы да әрбір шаңырақта бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған қарт жауынгерлерге алғыс айтып, ауырмай-сырқамай ортамызда жүре берулеріне тілектестігін білдірді.

Жеңіс күніне арналған іс-шаралар легі 5 мамыр күні Абай атындағы театрда салтанатты жиынмен де жалғастық тапты. Онда соғыс жылдарының әндері әуелеп, аға буынға айрықша құрмет көрсетілді.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС