Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕРЛІКТІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

11.05.2018
FacebookWhatsappTelegram

Семей халқы биыл да Жеңіс күні мерекесін лайықты атап өтті. Зұлмат жылдары ерлікпен қаза тапқан майдангерлердің есімін ұлықтап, рухтарына тағзым ету үшін мыңдаған семейлік тұрғын таңертең сағат 10.00-де Орталық алаңға жиналды. Әрбіреуінің қолында қан майданда Отан үшін шайқасып, шейіт болған жауынгер ата-апаларының суреті. Батыр бабалар ұрпақтары Қайым Мұхамедханов көшесі бойымен Жеңіс саябағына дейін шерулетіп жүріп өтті.

Салтанатты шарада сөз алған қала басшысы Ермак Сәлімов жиналған көпшілікті Жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерге алғысын білдірді.

— Құрметті семейліктер, ардақты ағайын! Елдік пен ерліктің, батырлық пен батылдықтың жемісі Жеңіс күні құтты болсын! Бұл күн халқымыздың мызғымас бірлігін, қайсар рухын, атамекен, туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіреді. Бұл соғыс әр отбасыға, әр азаматтың  жүрегіне  қаралы ізін қалдырды. Біз алдыңғы толқын ардагер ағаларымыздың, ұрыс даласында мерт болған батырлардың ерлігіне бас иеміз, тағзым етеміз. Баянды болашақ үшін жанын берген боздақтардың ерлігін біздер және болашақ ұрпақ мәңгі ұмытпаймыз. Ерліктің даңқы өшпейді. Сіздер жасаған ерлік   мәңгілік  біздің   санамызда  жаңғырады, жадымызда сақталады. Жеңіс пен бүгінгі жетістігіміз бір-бірімен тығыз байланысты. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен қуатты, гүлденген Қазақстан мемлекетін құрдық. Бейбіт     елде   балаларымызды өсіріп, тәрбиелеп отырмыз. «Қазақстан — 2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын халық болып бірге іске асырудамыз. Семейліктер елдің кемел келешегі үшін Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға өз үлесін қоса беретініне сенімдімін. Тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалған бүгінгі күнде баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ та мағыналы ғұмыр тілеймін. Әр күндеріңіз тек махаббат пен қуанышқа, жылылыққа толы болсын! Егемендіктің еңсесі биік, тұғыры берік, ғұмыры мәңгілік болғай! Мерекелеріңізбен, қымбатты жерлестер! — деген ақжарма тілегін жеткізді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Келесі ретте соғыс ардагері Ғабдулғазиз Ахмеров семейліктерді айтулы мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа сенімін білдірді.

Сол бір отты жылдарда сұрапыл майданға Семейден 93 мың жауынгер аттанған. Оның 30 мыңнан астамы әртүрлі дәрежедегі орден, медальдармен марапатталды. 9 Мамыр – Жеңіс күні сол батырлардың ұл-қыздары, еңбек және тыл ардагерлерінің балалары мен немерелері неміс басқыншыларымен шайқасып, Отан үшін от кешкен соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Қала әкімі бастаған бір топ азаматтар Мәңгілік алауды гүл шоқтарымен көмкеріп, бабалар рухына тағзым етті. Аспанға оқ атылып, өткен күнге құрмет көрсетілді. Шара соғыс жылдарындағы әуендер, Жеңіс, Отан тақырыптарын қамтыған әндер шырқалған концерттік бағдарламаға ұласып, кешке мерекелік отшашумен аяқталды.

Жеңістің туы желбірегеніне 73 жыл өтсе-дағы зұлмат жылдар тарихта қалады, ерлердің есімі еш уақытта ұмытылмақ емес. Ел басына күн туғанда халқының амандығы үшін жаумен күресіп, ажалмен бетпе-бет келген майдангерлердің ерлігін естен шығармау, олардың рухына бас ию — бүгінгі жастардың парызы. Жеңіс саябағына жиналған жұртшылықтың да ойы осы арнада тоғысты.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС