Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

50 ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

18.05.2018
FacebookWhatsappTelegram

Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғын үйлерді салу жалғасуда. Бүгінде шаһардың жаңа «Ақсай» ықшам ауданында алғашқы үш үйдің құрылысы басталып кетті. Бұдан бөлек аталмыш бағдарлама аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ көп қабатты 8 тұрғын үй салып жатыр. Бұл туралы сәрсенбі, 16 мамыр күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметкерлері баспасөз мәслихатында айтты.

«Ақсай» ықшам ауданындағы тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысын дамыту атты пилоттық жобасы аясында салынып жатыр. Бұл үйлердің шаршы метрінің бағасы 120 000 теңгені құрайтын болады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметкерлерінің айтуынша, жеке тұрғын үйлерді жергілікті әкімдікте жер кезегінде тұрғандар ала алады.

— «Нұрлы жер» бағдарламасы жеке тұрғын үйлер және көп қабатты тұрғын үйлер бағыттары бойынша жүзеге асып жатыр. Алғашқы бағыт бойынша, үміткер жерді мемлекеттен тегін алады, бірақ сол жер теліміне салынған үйді сатып алуы керек. Оны бағдарламаға қатысушы өз қаражатына немесе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» жеңілдетілген несие арқылы ресімдеп ала алады. Ал көп қабатты 8 тұрғын үйдің құрылысы Қарағайлы ықшам ауданында жалғасуда,- деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Меруерт Ахметуллина.

Оның сөзіне сүйенсек, «Ақсай» ықшам ауданында жеке тұрғын үйлерді салу үшін 60 жер телімі бөлінсе, оның 50-і жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жеке тұрғын үйлерді салу ісімен «Сәт Транс» ЖШС, «Өркен» ЖШС және «Семей Асбест-Цемент бұйымдары» зауыты айналысуда.

Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан 8 тұрғын үйде барлығы 486 пәтер бар. Олардың 1 шаршы метрінің құны 140 000 теңгені құрайтын болады. Пәтерлер қалалық әкімдікте жер кезегінде тұрғандарға және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшыларына қолжетімді болмақ. Жеке тұрғын үйлер де, көп қабатты тұрғын үйлер де 5 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға жалға беріледі.

— Қарағайлы ауданында 54-57 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтердің орташа құны 7 млн. теңгені құраса, 3 бөлмелі пәтерлер 9 млн. теңгеден басталады. Ай сайынғы төлем 31-75 мың аралығында. Қазір Қарағайлы ықшам ауданында Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс істеп тұр. «Абай Арена» кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Әлеуметтік мекемелер, мектеп, балабақша салынуда. Сондықтан Қарағайлы ықшам ауданындағы үйлер халық сұранысына ие болады деп ойлаймыз,- дейді М.Ахметуллина.

Семей қаласындағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Мира Конопья банктің «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бастапқы жарнаны 30 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету туралы бастама көтергенін атап өтті.

— Бұл өзгеріс несиенің жылдық мөлшерлемесіне әсер етпейді. Ол бұрынғысынша 5% деңгейінде қала береді. Бастапқы жарнаны төмендетуге қатысты мемлекеттік бағдарламаға енгізілетін өзгерістер жақын арада күшіне енеді деп күтеміз. Нәтижесінде әлеуметтік тұрғын үйден үміткер азаматтардың саны артатын болады. Қазір баспаналы болсам деген 30000-нан астам семейлік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшысы болып отыр. Олар «baspana.kz» порталынан ұнатқан пәтерін таңдап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтініш бере алады. Тұрғын үй сатып алушылар қатарына мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай келетін және жоғары балл жинаған адамдар өтеді, — деп түсіндірді М.Конопья.

Сонымен қатар ол банктің 2016 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысындағы Аймақтық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысқанын атап өтті. Бұл жоба аясында көп қабатты 11 тұрғын үй бой көтерген. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 500 салымшысы қолжетімді бағамен осы нысандардан пәтер сатып алған.

Айта кетейік, қазіргі күні Семейде жер телімін алу үшін 20 мыңнан астам адам кезекте тұр.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС