Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРЛЫХАНОВ ТУРНИРІ ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ЖІГЕР БЕРДІ

22.05.2018
FacebookWhatsappTelegram

Қалбада ел намысын абыроймен арқалап келе жатқан біртуар ұлдары, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, Әлем чемпионы, даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың құрметіне жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтіп, даңқты жаттықтырушы Болат Тұрлыхановтың ескерткіші ашылды.

Боз кілемде атой салып, қазақтың намысын жыртқан Дәулет Тұрлыхановты жерлестері ерекше ықыласпен қарсы алып, құрмет көрсетті. Ақ жаулықты аналарымыз қазақы салтпен шашу шашып, арнаумен ықыластарын білдірді.

2014 жылы даңқты палуан жерлесіміздің қолдауымен бой көтерген Болат Тұрлыханов атындағы заманауи спорт кешеніне жиылған қауымда сан жоқ. Мұнда Болат Тұрлыханұлының көзін көрген аға буын өкілдері мен тәлімін алған шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінен көптеп жиылды. Болат Тұрлыхановтың үзеңгілес достары КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ром Ильматов пен ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Мелентьев салтанатты түрде ескеркішті ашты. Ескерткіш жас мүсінші Нұрбол Қалиевтың ұшқыр ойынан шыққан.

Ізгілі мен игілігі мол шарадан кейін Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін Астана қаласының 20 жылдығына және Жарма ауданының 90 жылдығына арналған грек-рим күресінен 2006-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнир басталды.

— Биыл құрылғанына 90 жыл толып отырған ауданымыздың тарихында спорт саласында қалыптасқан тамаша дәстүрлер бар. Бұл орайда Тұрлыхановтар әулетінің Жарма спортындағы орны айрықша. Спорттағы жетістіктер бастауында Болат Тұрлыхановтай өмірін спортқа арнаған қажырлы азаматтар жүрді. Сондықтан жерлестері әйгілі спорт бапкерінің есімін әрдайым құрмет тұтады. Осындай парасатты тұлғаның ізін жалғаған, арманын іске асырған Дәулет Болатұлы грек-рим күресі тарихында ерекше жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда ол өзінің спорттағы қадамын тәлімгерлікпен жалғастырып, Азия Күрес кеңесінің президенті ретінде күрес өнерінің дамуына зор үлес қосып келеді. Елдің даңқын шығаратын басты бір көрсеткіш спорт болса, бұл ретте Дәулет Болатұлының тәуелсіз еліміздің спортын алға сүйреп келе жатқан қайраткерлік еңбегі ерекше,- деді игілікті шараның бастамашысы аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

Жарма жерінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналған Дәулет Тұрлыханов сынды төл перзентіне жармалықтар «Жарма ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тағып, ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Туған өлке мен ұрпақтар арасындағы байланыстың жалғасуына дәнекер болып, аналық пейілмен жанашырлық танытып келе жатқан ұлағатты ұстаз, үлкен жүректі ел анасына айналған Мәрзия Айтбайқызын аудан басшысы Жарма ауданының «Асыл ана» төсбелгісімен марапаттады. Киелі өлкенің мәртебелі атағын абзал анаға жеткізу Дәулет Болатұлына аманат етілді.

Ұлдарын ұлықтап жатқан жерлестеріне риясыз алғысын білдірген Дәулет Тұрлыханов:

— Құрметті жерлестерім, жарысқа жиылған барша қауым! Сіздерді бүгінгі бірінші облыстық жарыстың ашылуымен құттықтаймын! Бұл шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Мен осы өңірдің тумасы екенімді әрдайым мақтан тұтамын. Туған өлкемнің шын патриотымын. Ал бүгінгі жарысқа келген жас спортшыларға жеңіс тілеймін. Тек осы кілемде ғана емес, өмірде де жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспін. Бізден де танымал әрі мықты азаматтар шыға берсін,- деген ақжарма тілегін жеткізді.

Турнирдің алғаш рет өтіп отырғанына қарамастан, Алматы қаласы мен Алматы облысының, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Семей қалаларының және Аягөз, Үржар, Жарма аудандарының командалары қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша 200-дей жас палуан өзара мықтыларды анықтады.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС