Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰРПАҒЫ МӘҢГІ ҰМЫТПАС

04.06.2018
FacebookWhatsappTelegram

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде семейліктер Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші алдына жиналып, ұлт зиялылары рухына тағзым етті. Атаулы күнге орай, Семейге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова да арнайы келіп, Алаш көсемінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

1937 жылы қазақ халқының тұлғалы ұлдарына «халық жауы» деген жалған айдар тағылып, олар қасіретті қудалаудың құрбаны болды. Есімдерін ұрпақ жадында мәңгілікке қалдыру мақсатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойған еді. Содан бері елімізде бұл күн жазықсыз жапа шегіп, қудалауға түскен ұлт зиялыларының есімін жаңғырту күні болып аталып келеді.

— Бүгін біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін жиналып отырмыз. Бұл қаралы оқиғадан бері 80 жыл уақыт өтсе де, сол бір зұлмат жылдар ұмытылған жоқ. Себебі оларды ардақтайтын ұрпағы бар. Өмірлерін ел тәуелсіздігі үшін, халқы үшін құрбан еткен азаматтардың есімдері ұрпақтың, біздің жадымызда мәңгілік сақталады,- деді Әсем Бекқызы. — 1921-1954 жылдар аралығында Кеңес Одағында 3 млн. 777 мың адам сотталса, оның ішінде 642 мың адамға қатаң жаза шығарылды. Осы жылдар аралығында қазақ даласында Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин сияқты ұлт зиялылары өмір сүрді. Республика территориясында ел аумағындағы ең ірі лагерьлердің бірі Карлаг жұмыс істеді. Оның құрамында «халық жауларының» әйелдеріне арналған АЛЖИР лагері де болды. Жалпы, республика көлемінде тоталитарлық режімдегі 953 лагерь жұмыс істеді. 1937-1938 жылдары ғана 100 000-нан астам адам заңсыз сотталса, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.

Жаппай қуғын-сүргін кеңестік республикалардың ешқайсысын айналып өткен жоқ. Ұлты мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, кез келген адам қудалау құрбанына айналды. 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс ұлттары өкілдері, 507 мың солтүстіккавказдық, сондай-ақ Қырым татарлары, гректер, қалмақтар және басқа да халықтар Қазақстанға жер аударылды. Қиындықтарға қарамастан, қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алды. Тәуелсіздік алғаннан кейін, заңсыз сотталған 340 мыңнан астам адам ақталса,  оның 3700-і шығысқазақстандық болды. Біз ұлт зиялыларының қанымен келген егемендіктің бағасын біліп, ардақтап, әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауды, достықты, толеранттылықты алдыңғы кезекке қоюымыз қажет. Біздің жастарымыз өткен тарихымызды бүгінгідей патриоттық сезіммен, сеніммен айта білуі шарт,- деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Әсем Бекқзызы сондай-ақ осы кеште республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен Ленин көшесінің «Мәңгілік ел», Полковничий аралының «Бейбітшілік аралы» атауларына ауысатыны жайлы сүйінші хабарды көпшілікке жеткізді.

— Патшалық Ресейдің қарамағында 2 жарым ғасырдан астам уақыт бодан болып келген қазақ елі, төңкеріс болып, жаңа кеңестік үкімет орнаған кезде, бұғаудан босадық, енді жақсылыққа бет бұрамыз деген үлкен үмітте болып еді. Бірақ олай болмады. Кеңестік режім, коммунистік режім бұрынғы патша үкіметінің қитұрқы саясатын асқан шеберлікпен пайдаланып, әрі қарай мұрагер бола білді, соны жалғастырды. Барлық зұлматтың басты себепкері болды. Осы кезеңдегі кеңестік республикалар арасындағы зобалаң «саяси қуғын-сүргін жасау» деген тазалаумен байланысты еді. Сондықтан Елбасының 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні етіп жариялауы — асқан көрегендігі әрі тарихқа, келер ұрпаққа жасаған үлкен жемісті ісі деп айтқым келеді.

Бүгін Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші алдында тұрып айтпағымыз — ендігі ұрпақ бұл зобалаңды ұмытпауы керек. Есті ұрпақ мұндай зорлық-зомбылыққа келешекте жол бермеу керектігін жүрегінде түйсе, содан қорытынды шығарса дейміз. Жастарға осыны ұғындыру, түсіндіру — аға ұрпақтың парызы,- деді осы кеште сөз алған Арап Сіләмұлы.

Тоталитарлық режімнің солақай саясаты нәтижесінде құрбан болғандар жайлы кең мағлұмат Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінде өткен «Жазықсыз жапа шеккендер» атты дөңгелек үстелде айтылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС