Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АРЫСТАННЫҢ АРМАНЫ АСҚАҚ

19.06.2018
FacebookWhatsappTelegram

Шахматтан өткен Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан жас спортшыға құрмет көрсетілді. 20-29 сәуір аралығында Албанияның Дуррес қаласында оқушылар арасында ұйымдастырылған дүниежүзілік шахмат бәйгесінен олжалы оралған Арыстан Исанжуловқа жерлестерінің құрмет көрсету салтанаты 14 маусым, бейсенбі күні қала әкімдігінде өтті. Ерекше дарын иесіне Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

— Бүгін біз дарынды ұлымызды, әлем чемпионын құрметтеу үшін жиналып отырмыз. Күні кеше Арыстан облыс әкімінің қабылдауында болып, өзін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Ең алдымен, мен Арыстанның анасына, осындай талантты азаматты, ел намысын қорғайтын чемпионды тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс білдіремін. Алдағы асулардан, биік белестерден сүрінбей өтіп, әрдайым жеңімпаз болуына тілекшімін, солай болады деп сенемін,- деді Ермак Бидахметұлы шахматтан Әлем Кубогының иегеріне жарты миллион теңгенің сертификаты мен соңғы үлгідегі ноутбукты сыйға тартып тұрып.

Арманы асқақ Арыстан ақыл-ой спортына бала күнінен қызығады. Қазір ол Семейдегі Экономика лицейінде білім алуда. Он бес жасқа аяқ басқан дарынды спортшы көптеген республикалық, облыстық жарыстарда топ жарып, бүгінде FIDE (ұлттық шахмат федерацияларын біріктіруші халықаралық спорт ұйымының) шебері дәрежесіне жеткен. Енді өреннің «Әлем чемпионы» деген атағы бар. Албаниядағы чемпионат — оның әлемдік деңгейде қатысқан екінші жарысы. Бұған дейін сайыпқыранымыз Афиныда классикалық шахматтан өткен сайыста да бақ сынаған болатын.

Айта кетейік, Албанияда болған әлем біріншілігіне 40 мемлекеттің 387 спорт саңлағы қатысқан. Қазақстаннан аттанған 53 оқушы төрт алтын, бір күміс және екі қола медальды еншілеп қайтты. Жалпыкомандалық есепте қазақстандық спортшылар бірінші орынға табан тіреді.

— Бұл жеңіс алдағы жарыстарда тек бас жүлдеге ұмтылуға ынталандырады. Бұдан да биік шыңдарды бағындырып, елімнің сенімін, анамның үмітін ақтаймын,- деді кездесу барысында Арыстан Исанжулов.

Салалық бөлім басшылары, депутаттар, Арыстанның жақындары қатысқан шара барысында жас шахматшының тренері Архат Өтегенов пен анасы Сәуле Исанжуловаға құрмет көрсетіліп, ықылас гүлдері мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

— Ешбір ана өз баласын қандай да бір іспен айналысуына, қызығушылық танытуына күштеп көндірмейді. Себебі әр баланың өзіне тән өнері, икемі болады. Бала бойында табандылық пен мақсатқа жету талпынысы болса ғана ол чемпион болады. Арыстанда бұл қасиеттер бар. Біздің құрметімізге осындай кездесу ұйымдастырып жатқандарыңызға ризамыз. Күтпеген жаңалық болды біз үшін,- деді жеңімпаздың анасы               С. Исанжулова.

Жуық арада Шри-Ланка Республикасында әлемнің ең мақтаулы деген шахматшыларының қатысуымен халықаралық фестиваль өтпек. Алпауыт мемлекеттердің адуынды спортшыларын артта қалдыру үшін Арыстан дайындықты бүгіннен бастап кетті.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС