Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

22.06.2018
FacebookWhatsappTelegram

Семейде 10 жылдан бері тоқтап тұрған мешіт құрылысы қайта жанданбақ. Шаһардағы аспалы көпірдің жанындағы айналмалы жолдың қақ ортасынан орын алған мешіттің құрылысын Алматыдағы «TAS Group» компаниялар тобының директоры Тұрсын Тастекеев пен ұлы Дулат Тастекеев қолға алды. Осы игілікті іске орай, сейсенбі, 19 маусым күні құрылыс алаңында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов әкелі-балалы атымтай жомарт азаматтармен жүздесті.

Тарбағатай өңірінің тумалары Тұрсын Тастекеев пен ұлы Дулат Тастекеев осыған дейін де аталған ауданның Екпін және Ақсуат ауылдарында мешіт тұрғызып, көпшілік алғысына бөленген еді. Енді, міне, бір кездері Орталық Азиядағы бірегей мешіттердің бірі болады деген Семейдегі аяқталмаған нысанның құрылысын қолға алып отыр. Аумағы 3 гектарға жуық жерді қамтып жатқан рухани орталық бір мезгілде екі жарым мың адамның ғибадат етуіне арналған. Сонымен қоса мың көлікке арналған автотұрақпен де қамтылмақ.

Әкелі-балалы Тастекеевтердің айтуынша, құрылыс жұмыстары 2019 жылдың соңында мәресіне жетіп, рухани орталық халық игілігіне беріледі. Мешіт құрылысы 500 млн. теңгеге бағаланып отыр.

— Шаһардың архитектуралық сән-салтанатына өзіндік үлесін қосып қана қоймай, сонымен қатар халықты, жастарды имандылыққа баулуда мешіттің орны ерекше. Көптің көңілі, халықтың ықыласы, ақсақалдардың берген батасы мешіт құрылысының жылдам басталуына әсерін тигізді деп ойлаймын. Шындығында, осы мешіт құрылысын жандандыру көптен бері ойымызда жүрген іс еді. Шаһардың қақ ортасында қаңырап тұрған бос ғимаратты көрген сайын жүрегіміз ауыратын. Отбасымызбен ақылдаса келе, тәуекелге бел буып, мешіт құрылысын жалғастыруды жөн көрдік. Сәтін салып, Алланың қалауымен, бүгін сүйікті қаламыз Семейде үлкен игілікті іс басталып отыр. «Көп жұмылса – көл» дегендей, барлығымыз күш біріктірсек, діттеген мақсатымызға тез жетеміз,- дейді Тұрсын Тастекеев.

2008 жылы бой көтерген нысанның мердігерлері осы уақыт аралығында бірнеше мәрте ауысып үлгергенін қала халқы жақсы біледі. Олармен бірге мешіттің жобасы да өзгеріп тұрды. Алайда қаржының жетіспеушілігінен олардың ешқайсысы құрылысты діттіген жеріне жеткізе алмаған.

— Халықпен кездесулерде мешіт құрылысы аяқталса екен деген тұрғындар тілегі көп айтылатын. Осы уақытқа дейін көптеген инвесторлармен тілдесіп, кездестім. Олардың арасында Сауд Арабиясының, Түркияның, Ресейдің инвесторлары болды. Алайда нәтижесі барлығыңызға мәлім. Жарты жыл бұрын Тұрсын Тастеекев мырзамен жолығып, жобаны ақылдастық. Қуанышты хабарға бөркімізді аспанға атып қуандық десек те болады. Қуанышты күндеріміз көп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деді шаһар басшысы Ермак Сәлімов.

Мешіттің бұрынғы құрылысында бетон құрылымдар көп болса, қазіргі бас мердігер «AHTAS Construction» құрылыс компаниясымен бірлескен жобада металл және темір конструкциялар қолданылмақ.

— Мешіттің іргетасын бұзу ысырапшылдық болады. Сондықтан қолда барды ұқсатып, әрі қарай жалғастырамыз. Төрт мұнарасын темірден қоямыз. Ал сырты сары кірпішпен қапталады. Осы іске бекінгенімізді естігенде, құрылыс заттарын тегін береміз деген кәсіпкерлер де табылды. Қала халқы да азды-көпті қаржылай көмектерін әкеліп жатыр. Бәрін түртіп алдық. Көпке жарияламасақ та, олардың есімдері тарихта қалады деп ойлаймын,- дейді Дулат Тастекеев.

Айта кетейік, бұл нысан шаһардағы 13-ші мешіт болмақ.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС