Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАҒАНЫ ЫРЫҚТАН ШЫҒАРМАУ ЖОЛЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

21.02.2014
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптадағы теңге бағамының күрт  өзгеруінен туындаған мәселелерге мұқият мән беру кезекті аппараттық кеңестің негізгі тақырыбына айналды. Қала әкімі Айбек Кәрімов бұл бағытта жедел құрылған жұмыс тобының жетекшісі Жағыпарбек Елубаевқа тауар бағаларының ырықтан шықпау керектігін қайталап тапсырды. «Қайталап тапсырды» деуіміздің себебі 11 ақпан күні өзі бас болып жедел жұмыс тобын құрған сәтте жүктеген міндеттерді қала басшысы топ жетекшісімен тағы бір мәрте талқылады. Жағыпарбек Елубайұлының айтуына қарағанда азық-түлік бағасының ауытқуына жол бер-меудің нақты іс-шаралары қолға алынған. Соңғы 3 күн ішінде 50 шақты дүкендер мен сауда орталықтарындағы өнімдердің құнына сараптау жұмыстары жүргізіліп, ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтер жасалыпты. Әсіресе, әлеуметтік тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бірінші кезекте жүйеленген. Бірінші сортты нан сол 45-50 теңгелік қалпында. Нан және басқа да күнделікті азық-түлік құнын қалыпты сақтауға қатысты кәсіпкерлік бөлімі өнім өндірушілер мен таратушыларға қатысты 189 меморандум жасаған. Қаланың барлық аумағындағы сауда нүктелері бойынша баға тұрақтылығын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізу жалғаса бермек.

«СемНан» мен «Шығыс нан өнімі» серіктес-тіктері секілді «Ақтөбе Ертіс» өнімін таратушы «Шығыс-Самғау» серіктестігі де сауда орындарына жұмыртқа мен құс етін белгіленген бағамен жеткізуге келіскен. Кәсіпкерлік бөлімі мен «Шығыс-Самғау» серіктестігі тұрақтандыру қорының өнімдерін нүктелерге жеткізуді үйлестіре түсуді қолға алды. Мақсат -тұрақтандыру қоры өнімдерін саудалау нүктелерін көбейту. Нәтижесінде төмен бағадағы көкөніс түрлерін сатуға тағы да 25 дүкен иелерімен келісім жасалып, арнайы орындар белгіленген.  Сонымен бірге жұмыс тобы арнайы брифинг өткізіп, осы тақырыпқа қатысты журналистердің сұрақтарына нақты жауаптар қайтарды. Дәрі-дәрмек пен жанар — жағар май бағасы да назарға алынып отыр. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорында көкөніс пен картоптың қажетті қоры бар. Қоймада 3 мың тонна картоп, 440 тонна сәбіз, 650 тонна орамжапырақ, 300 тонна сарымсақ пен 120 тонна қызылша сақтаулы. Сондай-ақ, күнбағыс майы, күріш пен қант және жарма өнімдерінің қоры да бар. Келесі күндерде Ж.Елубаевтың жетекшілігімен тұрмыстық техника саудалайтын  орындардың басшыларымен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Жұмысшы топтың тағы бір нәтижелі бастамалары — сауда нүкелерін жалға беру құнын төмендету болып отыр. Бүгінгі күнде жал құнын әдеттегіден 10-20 пайыз арзандату жөнінде 7 сауда орталығымен келісім жасалып, олардың қатарын әлі де молайта түсу көзделіп отыр.

 

{jcomments on}Қала аумағын тиімді бағадағы азықпен қамтамасыз етуге бағытталған тұрақтандыру қорының мүмкіндігімен облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев 16 ақпан күні арнайы келіп, көзбе-көз көріп қайтты. «Приречный» агрофирмасы еншісіндегі қоймалардың көкөніс түрлеріне толып тұрғанына, өнімдердің өз деңейінде сақталғанына тәнті болды. Өйткені, Өскемен маңындағы осы тектес қоймалардың өнімдері сақталу тұрғысынан айтарлықтай көңіл көншітпейтін көрінеді. Сол себептен де облыс әкімінің орынбасары осы қоймадан мүмкіндігінше Өскеменге де өнім апару қажеттігі жөнінде ұсыныс жасады.

 

Осы орайда бір дерекке тоқтала кетсек. Қойманың өнім сақтау мүмкіндігіне көз жеткізген Н. Шерубаевқа қала әкімі Айбек Кәрімов: — «Приречный» агрофирмасы  секілді ірі шаруашылықтарды қолдау үшін олардың жасап жатқан жұмысының ішкі тынысына жан-жақты ден қоюымыз керек. Егер біз осы фирма қоймаларын салқындатқыш қондырғылармен қамтамасыз ететін болсақ, Мұхит Тұрысханұлы бір маусымнан келесі маусымға дейін жетерлік өнім қорын сақтауға мүдделі болады. Жыл бойы бір бағаны өзгеріссіз ұстап тұрарлық өнім қорын жинап, сақтауға шаруашылық қауқары әбден жетеді. Осы мақсатпен жергілікті атқарушы билік атынан былтыр В.Кошелевтың атына бірнеше мәрте ұсыныс-хат жаздық. Алайда, қолдау таппадық. Былтыр салқындатқыш қондырғы орнатып алғанда, сәбіз, картоп, қызылша, орамжапырақты жаңа өнім алғанға дейін қазіргі бағасымен саудалататын едік. Салқындатқыш қондырғы болмағандықтан шаруашылық өнім қорын мамыр айына дейінгі аралыққа ғана шақтап сақтайды. Одан әрі сақтауға температура жағдайы көтермейтіндіктен,  артық өнімді ерте күзде көтерме бағамен өткізіп жіберуге тырысады. Нұрлыбек Әбдіғазыұлы, сол себепті салқындатқыш қондырғылары жөніндегі пікірімді өзіңізге де мәлімдей кеткенді жөн көріп тұрмын»,- деді.

Аппараттық кеңеске қайта оралсақ, қала басшысы орынбасарлары мен бөлім басшыларына баға тұрақтылығын қадағалауға қоса басқа да міндеттер жүктеді. Мәселен, ауылшаруашылық және ветеринария бөліміне барлық ауылдық округтер бойынша ауылшаруашылық ісін жүргізудің жүйесін енгізу жобасын әзірлеуді міндеттесе, жер қатынастары бөліміне ауылдық округтердің жер картасын қайта қараудан өткізіп, жаңартуды жүктеді. Сол секілді сәулет бөліміне жаңа құрылыс түсетін мөлтек аудандардың келбетін сипаттайтын жобаларды жеделдетуді, тұрғын үй инспекциясына тозығы жеткен ғимараттарды құлатуға қатысты ұсынысты құжаттандыруды тапсырды. Мәселе желісі көшелерді  жарықтандыруға қарай ойысқанда «МЭПС» серіктестігінің директоры Серік Тукеев  бір-неше негізгі көшелерде іске қосылмай тұрған «Шам» мекемесінің бағандары бөгет жасап тұрғанын мәлімдеп, ескірген бағандарды  орнынан алып тастауға құқық берілуін сұрады. Ол осы ұсыныс заңдастырылған жағдайда, көшені жарықтандыру міндетінен жалтарып жүрген мемкемеге қатысты сұрақтардың шешімін табуға өз ықпалын тигізер еді деген ойын ашық жеткізді.

Ұсыныс тиісті мамандар тарапынан зерделеніп, заңдылық жағы қарастырылатын болды.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС