Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

30.07.2018
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстанда «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтық кезеңі қорытындыланды. Бағын сынап, бағытын бағдарлауға жүрексінбеген азаматтардан түскен 32 жоба қазылар таразысына салынды. Облыстың үздік әлеуметтік жобасы 1 миллион теңгенің сертификатын иеленді.

Өткен аптада салтанатты жиында ақтық мәреге жеткен 9 жоба арнайы көрмеде өз жетістіктерін көрсетті. Сайыста топ жарған жүлдегерлердің бірі — «Біз бірге мықтымыз!» жобасын ұсынған «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігі. Бұл ұйым бүгінде төсек жабдықтарын, сондай-ақ сәбилерге арналған киім-кешек пен сан алуан жиһаздар түрлерін де шығарады. Кембағал жандардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасап, ақпараттық-құқықтық тұрғыда көмек көрсетеді. Қазіргі таңда тек бірлестіктің өзі 27 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтып отыр.

— Біз барлық байқауларға қатысуға тырысамыз. Атқаратын ісіміз, жобаларымыз туралы халық білсе екен дейміз. Себебі қоғамның белсенді мүшелері ретінде еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Ал алған жүлдені өндірісті өркендетуге жұмсайтын шығармыз,- дейді «Алтын -Ай» ҚБ тігін өндірісінің жетекшісі Татьяна Веляева.

Айта кету керек, Өскемендегі «инватакси» қызметін  көрсететін де осы ұйым. Байқауға жіберілген бейнероликте бұл қызмет түрінің кембағал жандар үшін аса қажет екендігі көрсетілген. Көрмеге әкелінген тігін өнімдері де қазіргі таңда өскемендіктер арасында жоғары сұранысқа ие. Себебі өнім сапасы қайбір шетелдікінен кем түспейді. Айта кету керек, көрмеге ұсынылған қуыршаққа жоғары бағасын берген ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова да баласына арнап біреуін сатып алды.

Аймақтық байқауда ІІІ орынды, яғни 500 мың теңгенің сертификатын иеленген ұжым енді республикалық байқауда топ жаруды мақсат етіп отыр.

Жалпы, сәуірдің 20-да басталған байқау өңірде екі кезеңде өтті. Қатысушылар алдымен аумақтық сайыста, іріктелгендері аймақтық сайыста бақ сынады. Бас жүлдені, яғни 1 миллион теңгені қанжығаға байлаған — «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы. Жоба авторы Елена Березинская-Абилова өңірдегі кәсіпкер әйелдер ұйымын басқарады. Оның айтуынша, кәсіп иелерімен тығыз жұмыс істей келе, қазіргі таңда өз ісін ашуға ниетті азаматтарға, әсіресе жастарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдаудың ауадай қажет екенін түсінген. Соның арқасында бүгінде 300-ден артық адамды оқытып, оның 20-дан астамына кәсібін ашуға қолдау көрсеткен екен.

— Менің «Нұр Отан» партиясына айтар алғысым шексіз. Биылғы байқаудың ақпараттық-насихаттық жұмысының арқасында ұйымдар тарапынан жоғары белсенділікті байқадым. Біздің жоба азаматтардың өз кәсібін ашуына, қоғамда өз орнын табуына қолдау көрсетуге, жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Үмітті ақтаймыз деген ойдамыз,- дейді Елена Березинская-Абилова.

Ал екінші орынды Ұлан ауданының «Қамқор» жобасы иеленді. Жиһаз цехы, қолөнершілер үйірмесі,  қызығушылықтарына қарай тағы бірқатар бағытты бірге алып отырған ұландық еріктілер ұйымы басты мақсат бір-бірімізге қамқор болу дейді.

— Биыл бұл байқау бірінші рет «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтіп отыр. Айта кету керек, өткен жылы тіркелген жобалар саны небәрі 5-еу ғана болса, биыл бұл көрсеткіш 32-ге жетті. Өте жақсы нәтиже деп есептейміз. Себебі ел ішінде көш бастап, үздік атандық,- дейді «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Ақтық мәреге өткен өзге жобалар да марапаттау рәсімінен құр қол қайтпады. Арнайы тағайындалған ынталандыру сыйлығына сай, оларға 400, 200 және 100 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Атап айтқанда: «Инклюзивті театр» зертханасы», «Шуақты қала», «Халықтың осал топтарын жұмыспен қамтуға арналған қосалқы шаруашылықты дамыту», «Үміт нұры», сондай-ақ «Өскемен қаласы халқының әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін ОКЖ кітапханаларында ақпараттық қызмет түрлерін дамыту» және «Өскемен қаласының әлеуметтік осал топтарына төмен бағамен көмір алуда және жеткізуде көмек көрсету және қолдау» жобалары. Айта кету керек, жүлде қоры өңір демеушілерінің қолдауымен құрылды.

«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі.

Связанные новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

06.05.2026
В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

В настоящее время под контролем Департамента санитарно-эпидемиологического контроля области Абай функционируют 11 сезонных детских лагерей. Из них 8 – государственные,...

Читать далее ...

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

06.05.2026
Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

Касым-Жомарт Токаев в торжественной обстановке передал знак особого отличия – Золотую звезду и орден «Отан» Махамбету Кенжебайулы, сыну «Халық қаһарманы»...

Читать далее ...

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

06.05.2026
Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

Глава государства Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания, классные чины военнослужащим и сотрудникам силовых структур, передает агентство Kazinform...

Читать далее ...

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

06.05.2026
Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду....

Читать далее ...

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

06.05.2026
Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

Глава государства выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду. В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев сказал, что...

Читать далее ...

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

06.05.2026
В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

В регионе подводят итоги 2025–2026 учебного года: вырос показатель качества образования, определены сроки экзаменов для выпускников и обозначены планы на...

Читать далее ...

Новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

22 часа назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

22 часа назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

22 часа назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

22 часа назад

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

22 часа назад

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

22 часа назад

В Семее состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества и Дню Победы

22 часа назад

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

3 дня назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

3 дня назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС