Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚСУАТТА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

30.07.2018
FacebookWhatsappTelegram

28 шілде күні Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы орталық стадионда Екпін ауылының тумасы, елімізге танымал меценат Дулат Тастекеевтің демеушілігімен «Туған жерге туыңды тік» деген тақырыпта халықаралық ақындар айтысы өтті. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында алға қойылған міндеттермен үндес айтулы шара биыл Ақсуатта үшінші мәрте ұйымдастырылды.

Айтысқа дайындық жұмыстарының шеңберінде ағайынды Тастекеевтер Екпін ауылының орталық көшелеріне асфальт төсетіп, ауылдың кіреберіс тұсындағы жол бойына қақпа орнатып, Кәбеков атындағы орта мектепте Құлбай Тастекейұлы атындағы мектеп мұражайын және Айдарбек би атындағы тарих кабинетін жабдықтаған болатын. Айтыс басталардан бірер сағат бұрын салтанатты жағдайда қақпаның ашылуы өтті. Мектеп мұражайы мен тарих кабинетінің ашылуы да әлеуметтік маңызы зор игілікті іс ретінде бағаланып, құттықтау тілектер айтылып, лентасы қиылды, шашуы шашылып, көпшілікті қуанышқа бөледі.

Межелі мерзімінде айтыс та басталды. ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген айтысты өнер бәсекесі, сөз өнерінің сайысы, қазақ ауыз әдебиетінің эстетикалық ләззат алатын, рухани дүниені байытатын, халқымыздың тәрбиелік мәні зор ең асыл құндылығы деп білетін жұртшылық бұл жолы да көп жиналып, айтыстың ақтангерлерін асыға күткен еді. Айтыстың басталғанын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман хабарлап, тапқырлық пен шешендік қабілеттері арқылы айтыс өнерінің әлеуетін арттырған ақындармен таныстырды.

Сахна төріне шыққан Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Тілеген Әділов, Мейірбек Сұлтанхан, Нұржан Өмірбаев, Шұғайып Сезімхан, Оңғар Қабденов, Нұрлыбек Мейірманов, Мөлдір Айтбай, Қырғызстаннан келген Баян Ахметов пен Моңғолиядан келген Серік Қуанғанды жырқұмар қауым қол шапалақтап қарсы алды.

Ақындардың өнерін саралап, көркемдік дәрежесін анықтап, төрелік ету Досxан Жолжақсынов, Алтынбек Қоразбаев, Нәдірбек Әпсәләмұлы, Еркін Жаппасұлы, Серік Қалиев, Ғалым Қалибекұлы, Берік Уәли, Дәулеткерей Кәпұлы сынды еліміздің таңдаулы тұлғаларына тапсырылды.

Айтыс басталарда Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдени шараның маңыздылығына тоқтала келіп, үшінші рет айтыс ұйымдастырған Дулат Тастекеевке алғыс хат тапсырды. Одан соң Досхан Жолжақсынов пен Дулат Тастекеевке сөз кезегі тиді.

— Туған елім,- деп бастады сөзін Дулат Тұрсынұлы,- өздеріңіздің перзенттеріңіз ретінде туған жерге, халықтың алдына тағы да осы киелі де төл өнеріміз айтысты сый етіп әкелдік. Мұның екі түрлі себебі бар. Біздің Тарбағатай халқы айтыс десе ішкен асын жерге қояды. Екіншіден, біздің төл өнеріміз айтыс — туған тіліміздің, қазақ тілінің сақталып қалуының бір діңгегі. Айтыс дамыса, тіліміздің деңгейі көтеріледі. Тіліміздің деңгейі өссе, халқымыз болады. Халқымыз болса, ұлан-ғайыр жері бар Қазақстан елі мәңгі болады. Сондықтан да айтысты қолдауға бел будық. Айтыспен қоса елге арнаған сыйымыз бар. Оны жыл сайын ұйымдастыру үшін биыл «Асыл тас» деген қоғамдық қор құрдық. Оның мақсаты — туған жерді, қазақ елін көркейтуге, өркениетті ел етуге еңбек еткен ағаларымызға алғыс ретінде төсбелгі тақсақ деген ниет. «Асыл тас» қоғамдық қоры атынан үш азаматқа – Бәделхан Камалханұлына, Ділдабек Оразбаевқа және Талғат Мәзібаевқа «Тарбағатай тарланы» медалін ұсынып отырмыз,- деген Дулат Тұрсынұлы салтанатты түрде Ділдабек Оразбаев пен Талғат Мәзібаевқа «Тарбағатай тарланы» медалін өз қолымен тапсырды.

Айтыс алаңына алғашқы болып осы жердің тумасы Оңғар Қабденов пен «Сыр сүлейлерінің сарқыты» атанып кеткен Мейірбек Сұлтанхан шықты:

Ауылдың алты ауызын айту үшін

Қабденов Оңғар ұлың жыр бастайды.

Ақсуатта болып жатқан бұл айтысты,

Ағайын, мен бастамай, кім бастайды?–

деп жыр кестесін төгілдірген ол,-

Кеше ғана табылған Алтын адам,

Қойнынан құт кетпеген Тарбағатай,- деп әуелете жөнелді.

Оңғардың онысына жауап ретінде Мейірбек елі сүйген азаматтардың жарқын істерін жырға қоса келіп:

Алтынды жер үстінде бағалайық,

Жер астынан қазып ап мәз болғанша,-

деп термелетті.

Келесі бір сөз кезегі келгенде Мейірбек:

Дулаттай азаматтар көп болса екен,

Мақтан үшін жасамас марапатты.

Құнанбайдың жолымен мешіт салып,

Тапқанын тарыққанға жарататын

Қара термен жинаған қаражатын.

Ынтымақ пен тілерім бақ-береке,

Ырғызбай атам туған елге қонған.

Түркістанды облыс жасап жатыр,

Ақсуатты одан қалай кем көресің,

Облыс орталығы Семей болып,

Семейдің орталығы сенде болсын,-

деп бір қайырды.

Жырқұмар қауымды елең еткізген қыз бен жігіт айтысы болды. Нұрлыбек Мейірманов пен әрі ақын, әрі әлемді шарлаған спортшы, Азия чемпионы Мөлдір Айтбайдың сөз сайысы көптің көңілінен шықты.

«Жиырма жетіге келгенше күйеуге неге шықпай жүрсің?»- деп соқтыққан Нұрлыбекке Мөлдір:

Қабанбайдың кеп тұрса бір ұрпағы,

Әуелі қалыңмалын санатамын.

Күйеуіме ілесіп әлем шарлап,

Жиһангез деген ұрпақ таратамын,-

деп салды.

Оған қуанған Нұрлыбек:

Қысқасы, құртайын деп отырсың ғой,

Қабанбайдың ұрпағын қаңғыбас қып,-

дей келіп,-

Айтысып қырды да астық, тауды да астық,

Қалжыңдасып, кішкене салғыластық.

Ақыры, Ақсуатқа келін қылып,

Мөлдірдің басындағы дауды бастық,-

деді.

Нұрлыбекпен әзілі жарасқан Мөлдір ең соңында:

Елге айтатын сырым бар,

«Нәмөгімді» ұғыңдар.

Қайтар билет алмап ем,

Қайдасыңдар, Мұрындар?!–

деп әзілдеді.

Айтыс мәресіне жетіп, жүлде тарату басталды. Тастекеевтің жүйрік ақынға бір жыл бойы ай сайын екі жүз мың теңгеден тағайындаған стипендиясы Жансая Мусинаға тиесілі болды. Үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан, екінші орынды Нұржан Өмірбаев, бірінші орынды Аспанбек Шұғатаев алса, бас бәйгені Серік Қуанған қанжығасына байлады. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы атынан Бәделхен Камалханұлы белгілеген сыйлықты Талғат Мәзібаев жас ақын Нұржан Өмірбаевқа тапсырды.

Айтыс шымылдығының жабылар сәтінде Жүрсін Ерман:

— Моңғолиядан келген ақын Серік Қуанғанның шын қуанғандағы сөзін тыңдайық,- деп Серікті ортаға шақырды. Сонда Серік:

Алдыңда айтыс қылдым, тектілерім,

Өр Алтайда туылған өткір едім.

Алтайдың ар жағынан атқа қонып,

Ат басын ауылыңа кеп тіредім,

Ақсуаттық ағайын, берген жүлдең

Қарт Алтайға тартуың деп білемін,- деп көпшілікке алғыс сезімін білдірді.

Айтыс аяқталған соң, сахнаға Дәулеткерей Кәпұлы мен Серік Қалиев шығып, өлең оқыды. Айтыстың соңы еліміздегі ең таңдаулы өнер шеберлерінің гала- концертіне ұласты.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

06.05.2026
В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

В настоящее время под контролем Департамента санитарно-эпидемиологического контроля области Абай функционируют 11 сезонных детских лагерей. Из них 8 – государственные,...

Читать далее ...

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

06.05.2026
Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

Касым-Жомарт Токаев в торжественной обстановке передал знак особого отличия – Золотую звезду и орден «Отан» Махамбету Кенжебайулы, сыну «Халық қаһарманы»...

Читать далее ...

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

06.05.2026
Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

Глава государства Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания, классные чины военнослужащим и сотрудникам силовых структур, передает агентство Kazinform...

Читать далее ...

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

06.05.2026
Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду....

Читать далее ...

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

06.05.2026
Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

Глава государства выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду. В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев сказал, что...

Читать далее ...

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

06.05.2026
В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

В регионе подводят итоги 2025–2026 учебного года: вырос показатель качества образования, определены сроки экзаменов для выпускников и обозначены планы на...

Читать далее ...

Новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

22 часа назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

22 часа назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

22 часа назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

22 часа назад

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

22 часа назад

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

22 часа назад

В Семее состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества и Дню Победы

22 часа назад

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

3 дня назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

3 дня назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС