Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШЫҒЫСТА 277 ІТ — СЫНЫП АШЫЛАДЫ

02.08.2018
FacebookWhatsappTelegram

Жаңа оқу жылынан бастап Шығыс Қазақстан облысында 277 ІТ-сыныптар ашылады. Бұл жаңалық кеше, 2 тамыз күні, облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың Семей қаласына іссапары барысында белгілі болды.

Әлқисса, кейінге шегінейік. 1 маусым күні «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қуаттаған 22 жобаның екеуі «Балалар үшін тегін ІТ-сыныптар», «Білікті мамандар дайындайтын ІТ-орталықтар» сынды цифрландыруға бағытталған жобалар болатын.

Аймағымызда аталған екі жобаны жүзеге асыруға байланысты ауқымды істер қолға алынған. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша толық комплектілі 277 мектепте робототехника сыныптары ашылып, ШҚО Білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен 3-11 сынып оқушыларына ІТ-технологияны меңгертуге арналған бағдарлама әзірлеген. Сол оқушыларға білім беретін білікті мамандарды дайындау Семей қаласындағы Электротехникалық колледж ұжымына жүктелген.

Айта кетсек, 2008 жылдан бері «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Мехатроника» мамандықтары бойынша студенттерді біліммен қанаттандырып жүрген колледж ұжымы аз уақыттың ішінде ІТ-курсын оқытатын кадрларды дайындау бағдарламасын әзірлепті. Қазіргі таңда колледж базасында аймағымыздағы аудан, ауылдардан келген 544 мұғалім жаңа технология бойынша оқып жатыр.

5 аптаға жоспарланған оқыту курстарының алғашқы 3 аптасы теория жүзінде, соңғы екі жұмасы практикалық негізде жүзеге асырылмақ. Осы уақыт аралығында мұғалімдер колледж қызметкерлерінің көмегімен визуалды бағдарламалаудың әліппесін, 3D басып шығаруға арналған модельдеудің негіздерін меңгереді. Сонымен қоса роботтандыру жүйесі мен Web-дизайн модульдары да оқыту бағдарламасына кіріктірілген.

Аталмыш колледжге арнайы келіп, ІТ саласы бойынша білім алып жатқан мұғалімдермен жолығып, атқарылып жатқан жұмыстар легімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова:

— Қазіргі таңда ІТ-технология, цифрландырудың күн өткен сайын өмірге еніп келе жатқанын жақсы білеміз. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында оқушылардың ой-өрісін, білім көкжиегін дамытуға жол ашуымыз керек. Сол арқылы бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейміз. Негізгі мақсат — жаппай ІТ-мамандарын дайындау емес, оқушылардың санасында ІТ-білімнің іргетасын қалау,- деп түсіндіріп өтті.

Сонымен қоса 3-ші сыныптан бастап оқытылатын бағдарлама ойын балаларының бақытты балалық шағын ұрламайтынын, ол пән емес, вариативті сабақ ретінде өткізілетінін де айтты.

— Еліміздің дамуына үлес қосу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біздің колледж жұмыс жүргізіп жатыр. Жуырда ашылған біздің ІТ-орталықта аймағымыздың ұстаздары білім алуда. Оқытумен ғана шектелмей, 277 мектептің ІТ-сыныптарына қатысты туындаған сауалдарға жауап беруге, одан әрі қарай тығыз байланыста болуға ниеттіміз. Бағдарламаның мақсаты – 3 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін деңгейіне байланысты жеке-жеке тапсырма беру арқылы оқушыларды дамыту, оқушылардың зияткерлігін арттыру, конструктивті-сыни тұрғыда ойлау қабілетін, логикасын дамыту,- деп атап өткен Электротехникалық колледждің директоры Азат Сәрпеков вариативті сабақты жүргізетін оқытушыларды дайындап жатқан орталық мамандары да шетелден оқып келген білікті оқытушылар екенін мақтанышпен жеткізіп, буын бойынша бағдарламаның ерекшелігін жіктеп берді. — Біздің орталық халықаралық ресурстық орталықтың бірегейі болғандықтан, өзіндік ерекшелікке ие. Мұндағы мамандар Германия, Ұлыбритания сынды шетелдерден білім алған. Халықаралық тәжірибелердің және Назарбаев Зияткерлік мектептерімен тәжірибе алмасу нәтижесінде әрбір сыныпқа арналған 5 модульді бағдарлама дайындадық. 3-5 сынып оқушылары әлі де болса ойын балалары болғандықтан, тапсырмалар ойын түрінде, ой-өрістерін дамыту мақсатында беріледі. Ал 5-9 сыныптарда робототехника негіздері, бағдарламалау әдістері арқылы оқушылар өздеріне бағдарлама, сайт аша алады. 9-11 сыныптар компьютерлік мехатроника, инженерлік графика, 3D модельдеуді меңгереді,- деп атап өтті колледж директоры.

Әсем Бекқызы орталықта технология тілін меңгеріп жатқан ұстаздармен де тілдесті. Ұлағатты жандардың барлығы дерлік аталмыш курс өздерінің қызығушылығын оятқанын ерекше атап өтті.

— Мұндай қызықты әрі пайдалы оқу бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс айтамын. ІТ-технология әсіресе ауыл балаларын ерекше қызықтыратыны сөзсіз,- деді Глубокое ауданынан келген Елена Жидяева.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

06.05.2026
В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

В настоящее время под контролем Департамента санитарно-эпидемиологического контроля области Абай функционируют 11 сезонных детских лагерей. Из них 8 – государственные,...

Читать далее ...

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

06.05.2026
Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

Касым-Жомарт Токаев в торжественной обстановке передал знак особого отличия – Золотую звезду и орден «Отан» Махамбету Кенжебайулы, сыну «Халық қаһарманы»...

Читать далее ...

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

06.05.2026
Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

Глава государства Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания, классные чины военнослужащим и сотрудникам силовых структур, передает агентство Kazinform...

Читать далее ...

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

06.05.2026
Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду....

Читать далее ...

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

06.05.2026
Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

Глава государства выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду. В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев сказал, что...

Читать далее ...

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

06.05.2026
В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

В регионе подводят итоги 2025–2026 учебного года: вырос показатель качества образования, определены сроки экзаменов для выпускников и обозначены планы на...

Читать далее ...

Новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

22 часа назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

22 часа назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

22 часа назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

22 часа назад

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

22 часа назад

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

22 часа назад

В Семее состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества и Дню Победы

22 часа назад

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

3 дня назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

3 дня назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС