Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ»

23.08.2018
FacebookWhatsappTelegram

Халқымыздың данышпан ақыны хакім Абайдың туғанына 173 жыл толуына орай Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейі қалалық әкімдік ғимаратында «Адамзаттың Абайы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Еліміздің өзге де аймақтарын аралап қайтқан бұл жылжымалы көрме 22 тамыз күні қалалық әкімдік ғимаратына қойылды. Көрменің ашылу салтанатына шаһар басшысы Ермак Сәлімов, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Абай музейінің директоры Болат Жүнісбеков және музей, қалалық әкімдік қызметкерлері, қала тұрғындары жиналды.

— Адам бойындағы негізгі қасиеттерді ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деп бағалаған адамзаттың Абайына арналған көрме қалалық әкімдік қызметкерлері үшін өте тағылымды дүние болары сөзсіз. Себебі қазір отандастарымыздың тарихи тамырын терең түсініп, рухани жаңғыруына баса мән берілуде. Абайдың сөздері әрбір қазақ үшін темірқазық екені даусыз. Ұлы ақынның сан салалы өнері — ұрпағына мәңгілік азық. Абай шығармалары әрдайым қазақ қауымының рухани қажеттілігін өтеуге қызмет ете бермек, — деді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Семей — халқымыздың біртуар перзенттерін дүниеге әкелген қасиетті мекен. Жыр алыбы Мұқағалидың «Семей десе, Абай деп қарайды адам» деуінің сыры да осында болса керек.

— Ардақты ағайын, бүгін қаламыздың басты ғимаратында ғибратты іс шара өтіп жатыр. Ұлы ақынның туған күні қарсаңында қалалық әкімдікте осындай көрменің ұйымдастырылуы өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Семейдегі Абай музейінің тарихы 1940 жылдан басталады. Осы 80 жыл ішінде Абайды танытып, қазақтың мәдениетін дамытуға зор үлес қосып келе жатқан Абайдың «Жидебай-Бөрілі»мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің ұжымына алғыс айтамын. Естеріңізде болса, 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Абайды «қазақтың бас ақыны» деп бағалады. Содан бері 105 жыл өтсе де, Абайдан асқан, Абайдан биік ақын әлі бізде туған жоқ. Абай мың ақынды туғызып кетсе де, бір Абайдың деңгейіне ешкім жете алмады.  Бұл — үлкен меже. «Абайдың сөзі – әр қазақтың бойтұмары болуы керек» деген Елбасының тамаша сөзі бар. Яғни қазақтың табиғатын, ділін, санасын, рухын өзімен бірге ала жүретін және кемел адам болуға бағыттайтын бойтұмар дегенді білдіреді. Елбасының осы сөзін жай айта салмай, жүрекпен сезініп айтқан жөн, — деді филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Сіләмұлы, — Өзбекстанда Абай күндері аталып өтіп, соңғы үш-төрт жылда қазақ-өзбек байланысы жаңа сатыға көтерілді. Осылайша өзбек елінде Абайды тану процессі басталып кетті. Өзбекстанның Президенті Абайды тану туралы қаулы шығарды. Бұл – үлкен мәртебе. Сондай-ақ олар келесі жылы Қазақстанға келетіндерін жеткізді. «Әсіресе, Семей қаласы, Абай елі — біздің басты нысанамыз» деді олар. Оған да көп уақыт қалған жоқ. Демек, Абай — халықтар достығының дәнекері болып отырған алып тұлға. Бойымда қазақтың қаны, қазақтың ділі бар дейтін, оның тілі мен тарихын, болашағын білгісі келетін әрбір қазақ Абайды оқуы керек. Абайдың мұрасы жасай берсін, — деді ғалым.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейінің директоры Болат Жүнісбеков Семейдің төрінде «Адамзаттың  Абайы» тақырыбын-дағы көрменің ұйымдастырылуы  қала басшылығының Абай мен Шәкәрім мұрасына деген ерекше құрметі екенін атап өтті.

— Көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз – елге қызмет етіп жатқан билік өкілдерінің, мемлекеттік қызметкерлердің халықтың асыл мұрасына деген сүйінпеншілігі мен қызығушылығын арттыру. Жуырда музей ұжымы қала әкіміне хат жазып, Семейге келген қонақтар алдымен Абай музейінен ат басын бұрса деген тілегін білдіріп еді. Сол тілегіміз орындалып, Ермак Бидахметұлының тапсырмасымен шаһарға келген меймандар, ең алдымен, Абай музейінінің қара шаңырағына баратын болды.

Абай ұлы ақын, жазушы, кемеңгер, ойшыл ғана емес, Абай — біздің ұлттық мақтанышымыз. 1995 жылы ұлы ақынның 150 жылдығы тойлаған кезде Елбасы «Егер біз Абайды ертерек оқып-білсек, бүгінгі өтпелі кезеңде жіберіп жатқан кейбір кемшіліктерді қайталамас едік» деп айтқан екен. Абай — қазақ халқының киесі, ары мен намысы, мақтанышы. Алматы мен Астана қалаларын, батыс пен оңтүстік өңірлерді аралап қайтқан көрменің бір бөлігін қала тынысының әр саласын басқарып отырған әріптес бауырларымыз көрсе деген ниетпен әкеліп отырмыз. Театр маусымы ашылған соң игілікті іс Абай театрында жалғасады, — деді Болат Жүнісбеков.

Көрменің ашылуынан кейін Абай музейінде республикалық Абай оқулары басталды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС