Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙДЕГІ 50 МЕКТЕПТЕ IT-СЫНЫПТАР АШЫЛДЫ

03.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Биылғы оқу жылында 5 200 семейлік бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Бұл былтырғымен салыстырғанда біршама артық. Қала әкімі Ермак Сәлімов, 1 қыркүйек – Білім күніне орай, Шәкәрім атындағы №5 гимназияда өткен алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

— Қайырлы күн, қымбатты ата-аналар мен оқушылар! 1 қыркүйек – жарқын болашаққа жол ашатын маңызды күн. Шын жүрегімнен барлықтарыңызды Білім күнімен құттықтаймын! Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен білім саласын жаңғырту жолындағы межелі міндеттер орындалуда. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз. Шәкәрім атындағы гимназия – әр жыл сайын білім сапасы артып келе жатқан қаладағы жетекші оқу ошақтарының бірі. Бүгін балаларға білім мен тәрбие беруде орасан зор рөл атқаратын ұстаздарға құрмет көрсететін күн. Себебі мектеп мұғалімдерінің оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы мол. Сондықтан, ұстаздар қауымы, сіздерге кемел келешектің алтын діңгегі саналатын білімді жастарды тәрбиелеу жолында сәттілік тілеймін! Ал оқушылардың оқу-ғылымға деген қызығушылықтары арта түсіп, мерейлі белестерді бағындыра берсін!- деді өз құттықтау сөзінде Ермак Бидахметұлы.

Дәл осы күні Семейдің барлық дерлік мектептерінде 92 пән кабинеттері ашылды. Оның 50-і — робототехника және IT-технологияны меңгеруге арналған мамандандырылған сыныптар. Әрбір кабинет 11 ноутбукпен, LED экранмен және робототехникаға қатысты бірнеше жиынтықтармен, 3D принтермен жарақталған. Айта кету керек, бұл игілікті іс «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Менің мектебім» облыстық жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

Салтанатты шарадан кейін №5 гимназияда ашылған кабинеттерді аралап шыққан қала әкімі соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған сыныптар оқушылардың ғылым және техника саласы бойынша бастапқы білім алуына, олардың жеке қабілеттерін дамытуға таптырмас мүмкіндік екенін айтады. Ол үшін мұғалімдер ойын түріндегі визуалды бағдарламалау, роботты жүйелер, 3D модельдеу, мехатроника, логикалық бақылаушыларды бағдарламалау, web-дизайн негіздері сынды бес түрлі модуль бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы базасы негізінде теориялық және тәжірибелік оқыту курстарынан өткен.

Диас Қуанышев — 9 сыныпқа аяқ басқан үлгілі оқушы. Бүгінде ол IT-технологияны жетік меңгеру үшін бар ынтасын салуда. Жуырда Диас Өскемен қаласында 3D модельдеу бойынша өткен олимпиададан бірінші орынды иеленіп келді. Өз болашағын жас жеткіншек IT-технология саласымен байланыстырып отыр.

— Гимназиямызда робототехника кабинеті ашылысымен, бұл салаға қызығушылық таныта бастадым. Таяуда облыстық олимпиадаға да қатысып, жүлдемен оралдық. Аталмыш кабинетте біз бағдарламалауды үйренеміз. Түрлі роботтарды құрастырып, оларды 3D принтер арқылы басып шығарамыз да, оған қозғалтқыштарды қосамыз, бағдарламалар енгіземіз. Роботтарды телефондағы Bluetooth бағдарламасы арқылы да басқаруға болады. Мектепті тамамдағаннан кейін IT саласының маманы болуды мақсат етіп отырмын,- деді қала әкіміне өз жобасын таныстырған арманы асқақ оқушы.

Болашақтың иелеріне үлкен үміт артқан Ермак Сәлімов оқушыларды білім алып, ғылыммен айналысуға, еліміздің нағыз патриоты болуға шақырды.

Күміс қоңыраудың үні мектептерге жаңартылған білім мазмұны тәжірибесін таратып отырған Назарбаев Зияткерлік мектебінде де естілді. «Болашақ — білімде» атауымен салтанатты лездеме өткізіліп, 7 сыныпқа қабылданған шәкірттерге ерекше құрмет көрсетілді.

— Бүгін ерекше күн. Дәл осы күннен бастап алғашқы қоңырау үнімен бірге оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Бәсекеге қабілетті, саналы да сауатты ұрпақ, ең бастысы, келешегі кемел еліміздің болашақ көшбасшыларын даярлап келе жатқан зияткерлік мектепке қош келдіңіздер! Өткен оқу жылы табыссыз болған жоқ. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан 137 түлегіміздің 39-ы еліміздегі маңдайалды ұлттық, 78-і өзге де отандық жоғары оқу орындарына, 20-сы шетелдік озық білім беретін университеттерге түсіп отыр. Соның ішінде 119 баланың грантқа ие болуы бізді ерекше қуантады. Алдағы уақытта да талантты, дарынды шәкірттерді оқытып, тәрбиелеуді жалғастыра береміз,- деді Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов.

Лездеменің құрметті мейманы болған Семей қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы, мектептегі қамқоршылар кеңесінің төрайымы Зәуреш Исабаева оқушылар мен ұстаздар қауымына табыс тіледі. Алғашқы қоңырау мерекесі «Мен Отанымның бір бөлшегімін» патриоттық форумына ұласып, тәрбие сағаттарымен қорытындыланды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС