Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ

06.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Сәрсенбі, 5 қыркүйек күні Абай кітапханасында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Семей өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл арнайы комиссиясының төрайымы Жанна Жибраева және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Елбасының Жарлығын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысына облыстық, қалалық, аудандық деңгейде стратегияның жүзеге асуын бақылайтын арнайы мониторингтік топтар құрылған. Яғни бұл бақылау мемлекеттік, медицина, білім беру, әлеуметтік салалардағы қызметтерге қатысты жүзеге асырылады.

Жанна Жибраеваның айтуынша, Семей өңірінде де 11 адамнан тұратын осындай мониторингтік топ құрылып, құрамына «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры басшысының орынбасары Людмила Асташкина, қалалық мәслихат депутаты Андрей Алтайбаев, «Рудный Алтай», «Наше дело» газеттерінің тілшісі Екатерина Гуляева, Қоғамдық кеңестің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комиссиясы бойынша жетекшісі Николай Исаев, «АМиДО» жастар ұйымының жетекшісі Эльзира Жүнісова, «Поколение» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ольга Петровская, Семей радиотехника және байланыс колледжінің директоры Оралхан Сартаев, Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбаев, Мұқыр ауылының мұғалімі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Зылиха Межекенова, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев енген. Бұдан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сарапшылар тобы құрылған. Оның құрамына ниет білдіруші азаматтар ене алады.

— Біздің топ әлеуметтік саладағы бірқатар объектілерді аралады. Мәселен, колледж жатақханаларын өрт қауіпсіздігі және басқа да жағдайлар бойынша тексеруден өткіздік. Нәтижесінде құрылыс колледжінің жатақханасында заңсыз тұрып жатқан 300-ден аса адам анықталып, бүгінгі күні бұл орындар босатылды. Білім басқармасы арқылы аталмыш жатақхананы жөндеу, қаржыландыру мәселелерін шешіп жатырмыз. Сондай-ақ оқу жылы басталғаннан бері балаларды мектепке қабылдау жүйесін тексеру мақсатында №№ 35, 42, 30 мектептерге бардық. №35 мектепте жағдай ойдағыдай болып шыққанымен, қалған екі мектептен құжаттар тізімін оңайлықпен ала алмадық. №30 мектеп директордың рұқсатынсыз құжаттар тізімін беруден бас тартты. Бұл анық заң бұзушылық болды. Бұл туралы білім бөлімі басшысына хабарлама жөнелтілді,- деді Ж.Жибраева.

Оның айтуынша, 15 — 24 тамыз аралығында Қоғамдық кеңестің төрт мүшесі Семей мемлекеттік медицина университеті мен Шәкәрім университеттеріндегі магистратура және докторантураға қабылдау емтихандарында, сондай-ақ 16 колледжде болған. Сонымен бірге Жанна Жибраева мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-аналардан оқу құралдары мен жуғыш заттарға заңсыз ақша жинау мәселесі күн тәртібінде тұрғанын баса айтты.

Ал білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко балаларды балабақшаға қабылдаудағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін өткен жылдың ақпан айынан бастап арнайы жүйе құрылғанын, нәтижесінде ата-аналардың балаларын мемлекеттік құрылымдардың қатысуынсыз кезекке қоюына жол ашылғанын айтты.

— Жұмысты жеңілдету үшін әрбір балабақшада ата-аналарға базаны қолдануды үйрететін бұрыштар ашылды. Әрине, бұл жүйеге қатысты басында көптеген түсініспеушіліктер орын алды. Дегенмен қазір тұрғындардың көзқарасы өзгеруде,- деді қаланың бас мұғалімі.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың өрістеуінің екінші себебі мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысты. Себебі, байқау қорытындысы бойынша, тендерді аз ақша ұсынған мердігер мекеме жеңіп алады да, көрсетілген қызмет сапасы төмендейді.

— №6 балабақша екінші жыл қатарынан қаржыдан бас тартып отыр. Себебі ұсынылған қаржыға сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Конкурс жарияланған сәттен бастап-ақ көптеген түсініспеушіліктер орын алады. Осылайша, мемлекеттік сатып алулар туралы заң біраз қайшылықтар туғызып отыр. Сонымен қатар білім бөлімі балабақша басшыларымен келісе отырып, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бос қызмет орындарының сайтта жариялануына қол жеткізді. Үміткерлер түйіндемені сонда қалдыра алады,- деді Н.Фесенко.

Білім бөлімінің басшысы сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бөлінген бюджет қаржысының жеткіліксіз болуы мүмкін екенін, ата-аналардан ақша жинаудың қалыпты құбылыс екенін айтып өтті.

— Бірақ барлығы заңды болуы керек. Ниет білдірген демеуші ата-аналардың шоты ашылып, қамқоршылық кеңесі жиналған қаржының қайда жұмсалатынын шешуі қажет. Жекеменшік балабақшалар да заңсыз ақша жинауға жол бермеуі тиіс. Себебі олар да әр балаға 24 700 теңге көлемінде мемлекеттен тапсырыс алады,- деді Н.Фесенко.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС