Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҮШ МӘСЕЛЕГЕ НАЗАР АУДАРДЫ

06.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Сейсенбі, 4 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері үш мәселеге назар аударды. Атап айтқанда, қалалық мәслихаттың 2018-2020 жылдарға арналған қала бюжеті туралы шығарған шешіміне өзгерістер енгізу, әлеуметтік көмек көрсету туралы және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және шығару, коммуналдық мекеме қызметі жайында болды.

Алдымен экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова екі жылға жоспарланған қала бюджетіндегі өзгертулер мен толықтырулар және кірістері мен шығыстары жайында айтты. Бөлім басшысының айтуынша, қазір қала бюджетінің жалпы көлемі 44 млрд-қа жуық. Оның ішінде жалпы кіріс көлемі 39 млн-нан асып жығылады. Ал шығындар көлемі 43 млн. теңгеден асады екен. Сонымен қатар кейбір әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру кезінде қаржы да үнемделіпті. Бұл ретте Қоғамдық кеңес мүшелері үнемделген қаражатты өзге де маңызды жобаларға жұмсау жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді. Гүлжан Қайырханқызы аталған ұсынысты алдағы уақытта ескеретінін айтты. Семейдегі Ұшақтар ауданы мен Комсомол кентінде тұрғындардың өздері жаңадан салып жатқан үйлерді жарықпен қамту жағы да айтылмай қалмады.

— Бұл аудандардағы жұмыстар қомақты қаражатты қажет етеді. Республикалық бюджеттен аталмыш аудандардағы жарық мәселесін шешуге қаржы бөлінеді деп күтілуде. Егер алдағы қазан айында аталған қаражат қала бюджетіне аударылса, бірден жұмысқа кірісеміз. Ал осы аралықта мердігер мекемелерді анықтау жағын қолға аламыз,- деді Гүлжан Қайырханқызы.

Қоғамдық кеңес мүшелері Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мамандарынан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында да тәптіштеп сұрады. Бұл бағдарлама аясында қанша маман оқытылды, оның тиімділігі, бүгінде жұмыспен қамтылғандардың саны, қазір қандай мамандықтарға сұраныс көп деген сауалдар Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан көптеп қойылды.

— Бүгінде өзекті мәселелердің бірі — жұмыспен қамту. Кез келген мекеме бізге оқу жылы басталғанға дейін қажетті мамандар тізімін беруі керек. Бұр туралы БАҚ арқылы хабарлап жүрміз. Ашығын айтсақ, мекемелерден ондай өтінімдер келмейді деуге болады. Егер де сұраныс болмаса, біз ол мамандарды даярлауға оқу орындарына өтінім жібере алмаймыз,- деді жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Азамат Құрманғалиев.

Кеңес отырысында Семейде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару үшін төленетін ақыны көтеру жоспарда бар екені белгілі. Алдағы уақытта аталмыш сала қызметі екі есеге көтерілуі бек мүмкін. Қоғамдық кеңес мүшелері енді тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару турасындағы тарифті жан-жақты қарастыру мақсатында жұмыс тобын құрып, екі аптадан кейін арнайы отырыс өткізбек.

Қоғамдық кеңес отырысында Шығыс кенті мен Красный Кордон ауданы тұғындарын алаңдататын арықтар мен суағарлар мәселесі де назардан тыс қалмады.

— Арықтар мен суағарлар мәселесі бұрын да Мирныйда болған. Бүгінде Красный Кордон ауданында орын алуда. Бұл жерде бау-бақшалар болғандықтан, су ағатын құбырлар жоқ. Дөнентаев көшесі бойымен дренажды суағар жасау жоспарда бар. Бұл жерді топографтар бақылап, керекті жұмыстарды атқарды. Шығыс кентіндегі мәселе бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр,- деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев.

Аталған аудандардағы тұрғындардың алаңдаушылығын туғызған мәселені Қоғамдық кеңес мүшелері назарға алатынын айтып, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары мен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Қоғамдық кеңес мүшелері келесі отырысты қыркүйек айының соңында өткізуге уағдаласты.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, Семей қаласы.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС