Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАРЫҒЫ ЖОҚ, СУЫ ЖОҚ, ТҰРҒЫНДАР ҚАЙТІП КҮН КӨРЕР?

06.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Семейде ауыз су мен жарық берілсе, шарапатын көрер едік деп отырған шағын аудандар бар. Солардың бірі – қала іргесіндегі Комсомол және Ұшақтар кенттері. Мұнда қоныс тепкен халық су мен жарыққа зәру. Осы аумақтан жер телімін алып, баспана тұрғызып жатқандар да жетерлік. «Өркениеттің дамыған дәуірінде көштен қалып бара жатырмыз» деп налыған қос кенттің тұрғындарымен қала әкімі Ермак Сәлімов Ұшақтар кентіндегі №49 мектеп қабырғасында жүздесіп, халықтың мұңын тыңдады.

Жоғарыда аталған екі мәселе он жылдан бері тиісті шешімін таппай келеді. Кент көшелеріне әлі күнге дейін электр желісі тартылмаған, су құбырлары орнатылмаған. Тұрғындар болса қауіпсіздік ережелерін елемей, үйлерін өз бетінше жарық жүйесіне қосып алған.

— Әркім өзінше сыммен тартып жатыр. Бағаналар жоқ. Заңға қайшы болса да, сымдарды бір-біріне жалғап, электр жарығын қосып отырмыз. Ауа райы күрт бұзылып, жел соғып, қатты боран болса, жалғанған сымдар үзіліп қалады. Ашық-шашық жатқан тоқтан біреу-міреу, әсіресе кішкентай бүлдіршіндер оқыс оқиғаға тап бола ма деп зәреміз ұшады,- дейді тұрғындар.

Иә, бұл — шағын аудан бейнесінің бер жағы. Мұндағы жол мәселесі де халықты алаңдатып отырған өзекті тақырып. Жаңбыр жауса, көлге, көктемде ми батпаққа айналатын көше жолдары жаяу жүргіншілерді де, көлік жүргізушілерді де әуре-сарсаңға түсіреді. Алайда жолға қатысты проблема су құбырлары жүргізілгеннен кейін ғана шешімін таппақ. Биыл тек жаңадан бой көтерген №49 мектептің айналасындағы жолды жөндеуге ғана 9 млн. теңге қарастырылып отыр. Көп ұзамай мектеп аумағы асфальтталатын болады.

Жылдар бойы қордаланған мәселелермен жергілікті билік өкілдері жақсы таныс. Осымен екінші мәрте қала басшысымен кездесуге келген кент тұрғындары бос уәде берілмей, нақты іс жасалса деген тілекте. Қала әкімі Ермак Бидахметұлының сөзіне сенсек, электр жарығын жүргізуге қатысты жоба дайын, тиісті сараптамадан да өткен. Қалалық мәслихаттың сессиясында жобаны қаржыландыру мәселесі қарастырылып, қала бюджетінен 600 млн. теңгеден астам қомақты қаржы бөлінеді деп күтілуде. Бұдан кейін жобаны жүзеге асыратын мердігер компаниялар арасында байқау өткізілетін болады. Қысқасы, жарық жүйесін жаңғырту мәселесі келесі жылы толығымен реттелмек. Ал әзірге жарықтан тарыққан тұрғындар уақытша электр қондырғыларын қосуға мәжбүр.

Су мәселесіне келер болсақ, облыстық мәслихаттың шешімімен қаражат бөлінді. Алдағы он күннің ішінде су құбырларын тарту жұмыстары басталмақ. Нәтижесінде «Семей-Водоканал» коммуналдық мекемесі арқылы әр көшеге су тартылып, құдықтар орнатылатын болады. Осы құдықтан ауласына су кіргізуге әр тұрғын өзі жауапты.

— Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Уақыт керек. Жобалар, жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен, рет-ретімен іске асады. Тек сабырлық танытып, қолдау білдірсеңіздер болғаны,- дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Осылайша, жергілікті билік мәселе келер жылы толықтай шешімін табады деп сендірді қарапайым халықты. Ал су мен жарықтан таршылық көріп отырған тұрғындардың күтуден басқа амалы қалмады. Әліптің артын бағайық…

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС