Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЖЕРЛЕСТЕР

10.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Индонезия астанасы Джакарта мен Сумарта қаласында жалауы желбіреген XVIII Жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. Биылғы Азия ойындарына 440 спортшы апарған Қазақстан құрамасы 76 медаль иеленіп, 9-шы орынға тұрақтады. Бұл бәсі жоғары һәм байрақты бәсекеге Семей қаласынан 7 спортшы қатысып, 6 медальға ие болды. Елге оралған саңлақтар өткен аптада БАҚ өкілдерімен жүздесіп, ел намысы сынға түскен бәсекедегі әсерлерімен, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Баспасөз мәслихатына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, Азия ойындарының жүлдегерлері мен бапкерлері қатысты. Байрақты бәсекеге Шығыс Қазақстан облысынан 17 спортшы қатысса, оның ішінде Семей қаласынан 7 спортшы спорттың 5 түрінен сынға түскен. Жарыс қорытындысы бойынша, ел қоржынындағы 76 медальдың алтауын семейліктер сыйлады. Оның төртеуі — күміс және екеуі — қола медаль.

Алғашқы күміс жүлдені еркін күрестен жекелей жарыста Данияр Қайсанов иеленді. Бұдан кейін тағы 2 күміс жүлдені дэюдошылар Ерасыл Қажыбаев пен Зере Бектасқызы қанжығаларына байлады. Ал Гүлжан Исанова болса дзюдодан жеке жарыста қола, командалық есепте күмістен алқа тақты. Бұл оның қатысқан үшінші Азия ойындары.

— Азия ойындары — төрт жылда бір өтетін жарыс. Бұл үлкен дода болғандықтан, тек мықтылар ғана қатысады. Менің қарсыластарым Жапония, Моңғолия, Тайпей елдерінің спортшылары болды. Жапон елі спорттың бұл түрінен мықты екені баршаға аян. Боз кілемде аталмыш елдің спортшысы менен басым түсті. Ескертумен есе жіберіп алдым. Кейін Моңғолия елінің спортшысын ұтып, қола медальға ие болдым,- деді Гүлжан Исанова.

Ал биіктікке секіруден 20 жастағы Надежа Дубовицкая ел үмітін ақтап, жекелей есепте қола жүлдені еншіленді.

— Надежда қатысушылар арасында ең жас спортшы болды. Жарыста өзбекстандықтар — бірінші орынды Светлана Радзивил, ал күміс жүлдені Надия Дусанова жеңіп алды. Бұл атлетшілер өте тәжірибелі, Азия ойындары мен әлем чемпионаттарының жүлдегерлері. Сондықтан олар жеңімпаз болатынына ешбір күмән болмады. Жарыс барысында үшінші орынды кім алады деген сұрақ болды. Біздің басты қарсыластарымыз Қытай, Корея, Гонконгтың спортшылары болды. Себебі олардың нәтижелері Надеждадан жоғары еді. Қарсыластарымыздың көрсеткіштерінен жоғары болуымыз керек деген міндет қойылды және бұл біздің қолымыздан келді. Бірінші рет қатысып, осындай үлкен жарыста топ жарып, жүлдегер атануы жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сондықтан бұл қола медаль алтынмен тең,- дейді Надежда Дубовицкаяның бапкері Иван Хижняков.

Сонымен қатар самбошы Назгүл Елмұратова мен семсерлесуші Тамерлан Қалиев Азия ойындарында 7-ші және 19-орыннан көрінді.

— Дзюдо, самбо балуандары кіл мықты, тәжірибелі спортшылармен белдесті. Биылғы жарыста бірінші рет командалық белдесу өтті.  Соның ішінде семейлік қос бұрымды ұлттық құрама қатарын толықтырса, ерлер арасында ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға ие болды. Басты қарсыласымыз жапондықтарға есе беріп қойдық. Бүгінде сараптама жүргізіп, жіберген қателіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Спортшыларымызға алда әлі еңбек ету керек. Ендігі Азия ойындарына ұпай жинайтын Әлем чемпионаты бар. Болашақта еліміздің сенімін ақтап, бұдан да жақсы көрсеткіш көрсетеміз деген үміттеміз,- деді дзюдо күресі бойынша бапкер Біржан Имаханов.

Айта кетейік, әлем елдерінің назарын аударған XVIII Жазғы Азия ойындары тамыз айының 18-нен 2-ші қыркүйекке дейін өтті. Байрақты бәсекеге 45 елдің ең мықты деген он мыңға жуық спорт-шысы қатысып, жарыстың көрігін қыздырды. Ендігі Азия ойындары 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.

Құралай ОМАШ, Семей қаласы.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС