Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«НҰРДЫҢ» ӨНІМІН ТҰТЫНАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

18.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Жұма, 14 қыркүйек күні, ел Үкіметінің ет және сүт өндірісі бойынша кешенді шаруашылықтар құру бастамасына орай, қалаға жақын маңдағы «Мұрат» ауылында кәсіпкер Қайырхан Шакеримов басқаратын «Нұр» шаруа қожалығында 100 сиырға арналған сүт-тауарлы фермасы ашылды. Игілікті бастамаға қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты.

Елбасының «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Қазақстан ет жəне сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс»,- делінген. Бүгінде ауыл шаруашылығының маңызды саласы – мал шаруашылығы. Қазақтың байтақ даласы ежелден мал өсіруге қолайлы қоныс болған. Ата-бабамыз бұл кəсіп түріне ерекше мəн беріп, «жесең – ас, кисең – киім» деп, ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келгендігі де сондықтан.

Кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау әрдайым «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып келеді. Соның арқасында шағын және орта бизнес өкілдері кәсіпорындарын жаңа құрал­дармен жабдықтап, жаңа технологияларды игеруді бастады. Міне, осындай берері мол бағдарламалардың игілігін көрген «Нұр» шаруа қожалығы да «200 сиырға арналған СТФ реконструкциялау» жобасын іске асыруда. «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ филиалының қаражаты есебінен 228,9 млн. теңге сомасындағы жобаны қаржыландыруда. Шаруашылық, құрал-жабдықтарды жеткізушімен жасалған келісімшартқа сәйкес, бүгінгі күні 100 сиырға арналған сүт қондырғысын жеткізіп және монтаждау жұмыстарын жүргізіп, жобаның алғашқы қадамдары жасалып отыр. Жобаны толығымен аяқтау жұмыстары 2019 жылға жоспарланған екен. Қожалық басшысы Қайырхан Шакеримов атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.

— Бұл жоба бойынша екі жылға жуық жұмыс жүргізілді. Менің осы бастамама қолдау көрсеткен қала әкіміне алғысым шексіз. Жалпы, қожалық Қазақ ғылыми-зерттеу институтымен сиыр ұрығын трансплантациялау бойынша ұзақ мерзімді ветеринарлық келісімшартқа отырды және бүгінгі күні институт мамандары тарапынан бұл салада ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Нұр» үлкен масштабты селекция бойынша жұмыстар жүргізетін шаруашылықтардың тізіміне кірді. Соған орай малдың өнімділігін және асыл тұқымды малдың сапасын жоғарылатты. Өздеріңіз көріп тұрғандай, сиыр сауу орны жұмысқа дайын. Қазір жазғы жайылымда жүрген сиырларды қазан айының соңына қарай әкелеміз. Осы жаңа қондырғылардың арқасында жылына 900 тоннаға дейін сүт жинауды жоспарлап отырмыз. Азық дайындауға 500 гектар жер бөлінді. Бұл жерлерге сүттің құнарлығын арттыратын көп жылдық өнім салуды алдағы уақытта бастаймыз. Егін алқабына суару жүйелері мен барлық қажетті жабдықтар Канададан арнайы әкелінді. Биылғы қысқы маусымға 450 тонна шөп дайындалды, яғни жем-шөп базасы дайын. Сондай-ақ қала орталығында сүтті қайта өңдеу үшін шағын цех жабдықталған. Шаһар тұрғындарын сүт, айран, қаймақ, сүзбе және басқа да сүт өнімдерімен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Алдағы уақытта «Нұр» сауда маркасымен қаламыздың дүкендерінде сүт өнімдері шығарылатын болады,- деді қожалық басшысы Қайырхан Шакеримов.

Шаруашылық аумағында малдардың жайлы болуына барлық жағдай жасалған. Айта кетерлігі, фермаға арналған жабдықты новосібірлік серіктестері ұсынып отыр.Бұл ретте Новосібірден келген Даниил Семенов орнатылған жабдық жайлы ақпарат беріп өтті.

— Біз осыдан 4 жыл бұрын Қазақстан аумағында жұмыс істей бастадық. Атап өтетін болсам, Зырян, Үржар аудандарына жабдықтар орнатылды. Мұнда жүйе сүттің майлылығын жоғалтпай, ең жоғары сапасын қамтамасыз ететіндей және сауыншылардың еңбегін барынша азайту мақсатында құрылған. Сүт өнімі 70% судан тұрады, сондықтан да біз малды жақсы суаруға және құнарлы азықпен қамтамасыз етуге тырысамыз,— дейді шаруашылық әріптесі Даниил Семенов.

Кездесу соңында қала әкімі фермерлердің сапалы жұмысын атап өтіп, жақсы нәтижеге жетулеріне тілектестігін білдірді.

 

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы.

Связанные новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

06.05.2026
В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

В настоящее время под контролем Департамента санитарно-эпидемиологического контроля области Абай функционируют 11 сезонных детских лагерей. Из них 8 – государственные,...

Читать далее ...

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

06.05.2026
Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

Касым-Жомарт Токаев в торжественной обстановке передал знак особого отличия – Золотую звезду и орден «Отан» Махамбету Кенжебайулы, сыну «Халық қаһарманы»...

Читать далее ...

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

06.05.2026
Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

Глава государства Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания, классные чины военнослужащим и сотрудникам силовых структур, передает агентство Kazinform...

Читать далее ...

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

06.05.2026
Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду....

Читать далее ...

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

06.05.2026
Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

Глава государства выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду. В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев сказал, что...

Читать далее ...

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

06.05.2026
В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

В регионе подводят итоги 2025–2026 учебного года: вырос показатель качества образования, определены сроки экзаменов для выпускников и обозначены планы на...

Читать далее ...

Новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

1 день назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

1 день назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

1 день назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

1 день назад

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

1 день назад

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

1 день назад

В Семее состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества и Дню Победы

1 день назад

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

3 дня назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

3 дня назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС