Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІЗДІҢ ЖАҚТА ҚЫС ҰЗАҚ…

18.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада Семей қаласының сәулет, құрылыс бөлімдерінің және «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қалалық филиалының мамандары БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Қалам ұстаған қауымның басын қосқан жиында Қарағайлы ықшам ауданындағы жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтер алудың жеңілдегені жайында айтылды. Сондай-ақ қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясының мамандары қаланың алдағы жылу маусымына дайындығы туралы жан – жақты ақпарат берді.

Қарағайлы – 200 гектардан аса аумақты алып жатқан ықшам аудан. Бүгінде мұнда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Тағы 20 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Ықшам ауданда болашақта тоқсан тұрғын үй салу көзделген. Сондай-ақ әлеуметтік және мәдени нысандардың да құрылысы жоспарланған. Бүгінде мұнда қажетті инфрақұрымдық жүйелер тартылған.

— 2016 жылы Ұлттық қордан 1 млрд. 822 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржат электр, жылу, телефон желілерін қосуға жұмсалды. Нәтижесінде 3 шақырымнан аса жылу желісі тартылды. Қазір ықшам ауданды электр желісімен қамтамасыз ететін станция құрылысын аяқтаудамыз. 2017 жылдан бастап салына бастаған тұрғын үйлерді біртіндеп кварталішілік инженерлік желілермен қамтамасыз етудеміз. Бүгінде 8 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұл үйлерді жыл соңына дейін бітіруді жоспарлаудамыз. Құрылыс аяқталысымен, бірден инженерлік желіге қосатын боламыз,- деді Семей қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Шадияр Күншаев.

Қазір Қарағайлы ықшам ауданында астаналық «Интелпро» ЖШС-мен бірлесіп 6 көшенің жобасы әзірленуде. Көшенің ені 40-тан 60 метрге дейін болады. Онда көліктер мен жаяу жүргіншілер жолы ескерілген. Сондай-ақ велосипед жолдары мен автотұрақ орындары да қарастырылған.

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі жүзеге асырушысы. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрғандардың саны көп. Қыркүйек айында банктің Семейдегі бөлімшесі Қарағайлы ықшам ауданындағы 8 үйдің пәтерлерін сатуға дайындық білдірген. Бірақ құрылыс жұмыстарының аяқталмауына байланысты осы жылдың соңына шегеріліпті.

— Біз пәтерлерді сатуға дайынбыз. Қуантарлығы, салымшыларға несие шарттары төмендетілді. Бағдарлама аясында банк салымшылары мен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға несие шарттары бірдей жүргізіледі. Бұрын бастапқы жарна 30 пайыз болса, осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап 20 пайызға төмендеді. Сондай-ақ пәтерлерді 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен несиеге сатып алуға болады. Бұл бағдарлама бойынша 1 шаршы метрі 140 мың теңгеден аспауы керек,- деді «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қалалық филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі Меруерт Ахметулина.

Айта кетейік, бүгінде Қарағайлы ықшам ауданында балабақша құрылысы аяқталған. СММУ университеті студенттеріне арналған 1000 орындық жатақхана мен «Абай Арена» спорт кешенінің құрылысы жүруде.

Баспасөз мәслихатынан кейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясының мамандары жылу жүйелерін жаңарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен іс басында таныстырды. Тамыз айынан бастап Засядко, Найманбаев көшелері бойында жылу құбырлары ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүруде. Мұндағы жылу желісі 100% жарамсыз болған. Барлық гидравликалық сынақтар жылу желісін ауыстыру керектігін көрсеткен. Құбырдың жалпы ұзындығы 450 метр. Желі Засядко, 58, 88, Найманбаев, 152 үйлерін, «Ақшың» сауда орталығын ыстық және суық сумен қамтамасыз етеді.

— Бұл жылу құбырлары осыдан 10 жыл бұрын ауыстырылған. Жөндеуді жеделдету үшін жұмысшылар екі ауысымда еңбек етуде. Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 77 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат жылу желілерін толығымен ауыстыруға, бүлінген асфальтты қалпына келтіруге жұмсалады. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда,- деді жылу желілері бойынша қаланың оң жақ жағалауының басшысы Валерий Романченко.

Екі жыл бойы ыстық судың қиыншылығын көрген тұрғындар алдағы қысты еш кедергісіз өткеретініне сенімді.

— Екі жыл көлемінде ыстық судан қиыншылық көрдік. Жылу құбырлары ескірген. Былтырғы жылы көше тұрғындарымен бұл мәселені қала әкімінің назарына ұсынған едік. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап жүреміз,- деді Засядко, 58 көшесі бойынша ПИК төрағасы Абылай Тұрынбеков.

Сонымен қатар сол жағалаудағы №1 ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығын да көруге мүмкіндік туды. Мамандардың айтуынша, қала қазандықтары жылу маусымына дайын.

— Жылу орталығында қазан айына дейін 80 мың тонна көмір қоры болуы керек. Бүгінгі таңда 34 мың тонна жеткізілді. Жылына барлығы 360 мың тоннаға жуық көмір жағылады. Күніне жағылатын көмір сыртқы температураға байланысты. Суық күндері мекеме бойынша 2200 тонна, жылы күндері 1000-1200 тонна көмір кетеді. Көмірдің сапасы жақсы. Күніне 30 вагон көмір әкелінеді. Мекеме жылу маусымына дайын,- деді №1 ЖЭО өкілі Жарқын Әмірханов.

Жалпы, қаланың қысқы жылыту маусымына дайындығы жайында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев былай дейді:

— Қала әкімінің тапсырмасымен штаб құрылған. Олар жылу бойынша мәселелерді қарастырып, қарыздары бар тұрғындармен жұмыс жүргізуде. Барлық дайындық жұмыстары кесте бойынша уақтылы атқарылып жатыр. Ауруханалар мен мектептер жылу маусымына толықтай дайын,- дейді бөлім басшысы.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, Семей қаласы.

Связанные новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

06.05.2026
В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

В настоящее время под контролем Департамента санитарно-эпидемиологического контроля области Абай функционируют 11 сезонных детских лагерей. Из них 8 – государственные,...

Читать далее ...

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

06.05.2026
Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

Касым-Жомарт Токаев в торжественной обстановке передал знак особого отличия – Золотую звезду и орден «Отан» Махамбету Кенжебайулы, сыну «Халық қаһарманы»...

Читать далее ...

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

06.05.2026
Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

Глава государства Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания, классные чины военнослужащим и сотрудникам силовых структур, передает агентство Kazinform...

Читать далее ...

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

06.05.2026
Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду....

Читать далее ...

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

06.05.2026
Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

Глава государства выступил на церемонии вручения государственных наград и воинских званий, передает агентство Kazinform со ссылкой на Акорду. В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев сказал, что...

Читать далее ...

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

06.05.2026
В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

В регионе подводят итоги 2025–2026 учебного года: вырос показатель качества образования, определены сроки экзаменов для выпускников и обозначены планы на...

Читать далее ...

Новости

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

1 день назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

1 день назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

1 день назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

1 день назад

Все конфликты должны решаться дипломатией и переговорами — Президент РК

1 день назад

В области Абай более 100 тысяч учащихся завершают учебный год

1 день назад

В Семее состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества и Дню Победы

1 день назад

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

3 дня назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

3 дня назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС