Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА ДЕСЕК ТЕ…

21.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Сейсенбі, 18 қыркүйек күні алдағы кезекті мәслихат сессиясы отырысы аясында депутаттар қаланың жылу маусымына дайындығын тексеріп, бірқатар жылу қазандықтары мен құбырларды ауыстыру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар әуежайдағы қайта қалпына келтіру барысы да назардан тыс қалмады. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков, мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, депутаттар Дариға Дайрова, Талғат Баймұратов, Қайрат Құсаинов, Айдар Ибраев, Сергей Родионов жағдаймен танысқан болатын.

Жылу маусымына әзірлік жұмыстарын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы мамандары іс барысында таныстырды.

Бірінші кезекте депутаттар қаланың орталық көшелерін ыстық сумен қамтитын «Ғаббасов» қазандығының жұмысын көрді. Мұнда алдағы жылу маусымына қазандықтың техникалық тұрғыдан дайындығы жайлы сұрап білді.

— Қазандықта үлкен желілік және қоректік сорғы жұмыс істеп тұр. Көмірден қиындық туындамайды. Күнделікті 80 тонна көмір жеткізіледі, сапасы жақсы. Қазандықтағы техникалар қыс маусымына дайын. Бізде жұмысшылар уақытша және тұрақты түрде жұмыс атқарады. Қазан айынан бастап уақытша жұмысшыларды қабылдаймыз,- деді «Ғаббасов» қазандығының өкілі Мақсат Сәбетханов.

Депутаттар тарапынан ғимараттың ішкі және сыртқы бейнесін қалыпқа келтіру қажет екендігі айтылды.

Бұдан кейін халық қалаулылары №1 ЖЭО-ға бет бұрды. Шаһардың жылу орталықтары мен олардың дайындығы жөнінде қалалық ЖЭО басшысы барлық сұрақтарға жауап берді. «Ғаббасов» қазандығы мәселесіне де тоқталды.

— Дәл қазір біз №1 жылу орталығында тұрмыз. Бұл — біздің кәсіпорынның басты бөлімі. Қалада №1 ЖЭО, РК-1 және қаланың сол жақ жағалауында Шүлбі қазандығы, ал оң жағалауда 13 қазандық бар. Сонымен қатар 315 шақырымдық магистраль жолдары қатынайды. Бұл жерде көмір қоры сақталады. Жылына 360 мың тонна көмір жағылады. Бүгінде Қаражырадан 40 мың тоннадан аса көмір жеткізілді. Қазан айының 15-не дейін 80 мың тонна көмір қоры жеткізілуі керек. Қара алтын еш қиындықсыз күнделікті келуде. Қазандықтар жылу маусымына толықтай дайын. Сондай-ақ №1 ЖЭО мен РК-1 қазандықтарында жаңа заманауи сорғылар орнатылды,- деді Қалалық ЖЭО басшысы Расылхан Жолдасов.

Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен қаланың оң жағалауындағы тұрғындар жазғы уақытта да ыстық сумен қамтылды. Осыған орай «Ғаббасов», 35-квартал, №5 интернат, орталық, МЭН және №1 ЖЭО қазандықтары үзіліссіз жұмыс істеді. Мекеме басшысының айтуынша, жылу мен ыстық суға кейбір тұрғындар уақтылы төлем жасамайды. Салдарынан қазандық қызметкерлері қиындық көруде.

— Қала тұрғындарының су мен жылуға жалпы берешегі 240 млн. теңгеден асады. Нәтижесінде мекеме жұмысшылары шілде айынан бастап айлықтарын ала алмаған. Сондықтан БАҚ өкілдері арқылы тұрғындардан коммуналдық қарыздарын уақтылы төлеп тұруды сұраймыз. Бүгінде осы мәселеге байланысты топ құрылды. Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, заңгерлер жұмыс істеуде,- деген Р.Жолдасов «Ғаббасов» қазандығындағы жағдайды да түсіндіріп айтты.

— «Ғаббасов» қазандығына келсек, ол қаланың орталығын ыстық сумен қамтиды және мөлшерден көп жұмыс істейді. Қазандықтың жалпы жүкемесі 40 Гкал болу керек болса, оған бұдан да артық күш түсіп тұр. Себебі ол екі қазандықтың жұмысын атқарып тұр. Мұнда қыс мерзіміне дайындық жұмыстары аяқталды. Бүгінде ғимараттың ішкі және сыртқы бейнесін қалыпқа келтіру жұмыстары ғана қалды,- деді қалалық ЖЭО басшысы.

Сонымен қатар Засядко, Найманбаев көшелері мен Шәкәрім даңғылындағы жылу желілері құбырларын ауыстыру жұмыстарын тексерді. Мұндағы жылу желілері ескірген. Барлық гидравликалық сынақтар жылу желісін ауыстыру керектігін көрсеткен.

— Жөндеу жұмыстарын жеделдету мақсатында жұмысшылар екі ауысымда жұмыс істейді. Ауа райының қолайсыздығы жұмысқа кедергі келтіруде. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді. Құбырларды ауыстыру келтіру қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жылу желілерін толығымен ауыстырып, орнатқаннан кейін, бүлінген асфальт қалпына келтіріледі,-деді «SOWAD сталь» ЖШС-нің басшысы Сергей Агеев.

Халық қалаулылары Семей қаласының халықаралық әуежайының қайта жаңғырту жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады. Жобаны жүзеге асыру үшін 10 млн. теңгеден аса қаражат бөлінген. Құрылыс барысындағы мамандардың айтуынша, әуежайды қолданысқа беретін күн алыс емес.

— Әуежайдағы қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды. Бүгінде тек әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұшып-қону алаңы дайын. Жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарын бітіріп, қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз,- деді жөндеу жұмыстары бойынша бас маман Дархан Омарханов.

Енді қаламыздағы әуежай авиакомпаниялармен келісімшартқа отырып, жаңа бағытта ұшақтар қабылдайтын болады.

— Қазір негізгі жұмыстар аяқталып, әуе вокзалында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ұшып-қону жолағы ұшақтар қабылдауға дайын. Бүгінде келісімшарттар жасалып, билеттер сатылуда. Қыркүйек айының сонында ұшақтар Алматы — Астана, Өскемен — Үржар бағыттары бойынша қатынай бастайды. Қазан айының соңында «SCAT» және «Qazaq Air» авиакомпанияларымен жұмыс істейтін боламыз. Келесі жылдың наурыз айынан бастап ресейлік «S7» компаниясының ұшақтары Мәскеу, Новосібір, Петербург қалаларына бағыт алады деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта ұшақ билеттерінің құны тұрақталады деп ойлаймын. Бүгінде ең қымбат билеттің құны 45 мың теңге,- деді Семей қаласының халықаралық әуежай директоры Нұртай Оспанов.

Құралай Қайыржанқызы, Семей қаласы.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС