Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ЖОЛ СІЛТЕГЕН «JAS QALAM»

28.09.2018
FacebookWhatsappTelegram

Сейсенбі, 25 қыркүйек күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірлесіп «Jas Qalam» форумын өткізді. «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Ирина Тен, «365info» медиапорталының контент-директоры Николай Халабузарь өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар-тренингтер жүргізді.

Заман талабына сай жедел әрі сапалы ақпарат тарату, қоғамдағы болып жатқан мәселелерге талдау жасау журналистің біліктілігін талап етеді. Бұл үшін жастарға көбірек тәжірибе алмасу маңызды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірлесіп «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды қолға алған. Форум бұған дейін  Тараз, Алматы қалаларыныда өткізілді. Онда тележүргізуші және журналист Артур Платонов, «Қазақстан» РТРК-ның бас төрағасы Ерлан Қарин, «informburo» бас редакторы Михаил Дорофеев, тележүргізушілер Серік Акишев, Дина Төлепберген, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл және «Мәселе» бағдарламасының авторы, журналист Нартай Аралбайұлы шеберлік сыныптарын өткізді.

Қаламызда өткен форумға 200-ге жуық жас журналистер мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Журналистика» мамандығының студенттері қатысты. Жоба 14-29 жас аралығындағы журналистерге арналады.

Жастар журналистикасын дамытуға арналған жиын барысында Ирина Тен мен Николай Халабузарь медиапорталдың заманауи ақпарат тарату үрдісімен таныстырып, телебағдарлама жүргізудің қыр-сырын үйретті.

— Бүгінгі ақпараттық заманда сапалы ақпарат алу өте маңызды. Сондықтан нағыз кәсіби мамандарды тәрбиелеу үшін, университет бағдарламасынан бөлек, тәжірибелі журналистердің бағыт-бағдары да қажет. Алаштың астанасы Семей қаласына алғаш рет табан тіреп отырмын. Бүгін шаһардың белсенді жастарымен кездестім. Тренинг барысында қатысушыларды телевизияның жұмысымен таныстырып, өзімнің іс-тәжірибемді ұсындым. Мен үшін қызықты кездесу болды. Студенттерге де қызықты әрі пайдалы ақпарат бердім деген үміттемін,- деді «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Ирина Тен.

Тренингтен кейін студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, тәжірибелі журналистерге алғыстарын білдірді.

— Бүгінгі күн біз үшін жаңа ақпаратқа толы күн болды. Журналистер іс-тәжірибелерімен жан-жақты бөлісіп, заманауи ақпарат ағынында нағыз майталман маман болуға қажетті қасиеттерді атап өтті.  Тележүргізуші Ирина Тенге алғысым шексіз және оның кәсіби біліктілігі жоғары екеніне көзім жетті. Ирина Тен журналистің экранда өзін ұстау әдебі мен дикцияға арналған жаттығуларды көрсетті. Тәжірибелі мамандардың шеберлік сыныптары студенттер үшін өте қажет. Сондықтан осындай шаралар жиі өтіп тұрса жақсы болар еді,- деді «Журналистика» мамандығының студенті Ергелді Тлеуқұл.

Форум алдағы  уақытта Астана қаласында өткізіледі.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, Семей қаласы.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС