Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙТЫН КҮН ЖАҚЫН

12.10.2018
FacebookWhatsappTelegram

Көп ұзамай «Қарағайлы» ықшам ауданында алғашқы 486 пәтерлік 8 үй Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (ҚТҚЖБ) салымшыларына қолданысқа берілмек. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған үйлердің алғашқы 153 пәтеріне өтініштерді қабылдау осы жылдың 1 қазанында басталған, ал қалған 333 пәтер жыл аяқталғанша беріледі деп жоспарлануда.

Өткен апта соңында Семейдегі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалының директоры Равиль Сәбитов банк салымшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін пресс-тур ұйымдастырды. Шара барысында филиал басшысы жаңа ауданда салынған баспаналарға қол жеткізудің амал-шарттары жайында бүге-шігесіне дейін баяндап, жақын арада пайдалануға берілгелі отырған тұрғын үйлердегі пәтерлерді көрсетіп, аралатты.

— Семей картасынан «Қарағайлы» ауданы үшін 203 гектар жер бөлінді. Мұнда жалпы көлемі 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді қолданысқа беру көзделіп отыр. Бұл — шамамен 90 үй. Банк салымшыларына арналған барлық үйлердің бір шаршы метрі 140 мың теңгеден аспайды. Осы орайда айта кетейін, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде пәтерлерді сатып алушылар пулына қатысу жолдары туралы «baspana.kz» порталынан білуге болады. Осы сайттан өзіңізге ұнаған пәтерді таңдап, өтініш қалдыра аласыз,- деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Семейдегі филиалының директоры Р.Сәбитов.

Равиль Сәбитовтің сөзіне қарағанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клинеттеріне жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаға қатысуы үшін есепшотында тұрғын үй құнының 20 пайызы болса жеткілікті. Жиырма бес жылға дейінгі мерзімге берілетін қарыздың жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5 пайызды құрайды екен. Несие бойынша ең төменгі төлем 32 566 теңге.

— Пулдарға ҚТҚЖБ-ның барлық салымшылары қатысуға құқылы. Тек мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай болу керек. Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман статусы бар, сондай-ақ соңғы бес жылда республика аумағында меншігінде тұрғын үйі жоқ (үміткердің де, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің де) және несие төлеуге қабілетті үміткер ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерге қол жеткізе алады,- деп нақтылап өтті филиал директоры.

Пулға өту үшін барынша көп балл жинау қажет. Балл саны депозиттің дер кезінде толтырылып отыруына және оның ашылу уақытына тікелей байланысты. Депозит қаншалықты ерте ашылса және уақытында қаражат салынып отырса, балл соншалықты жоғары болмақ. Балл арнайы бағдарлама арқылы есептеледі.

— Көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы барлық пәтерлерді аралап, көріп шықтық. Бір көргендегі әсерім жақсы, бағдарлама шарттары, үйдің сапасы көңілімнен шығады. Бірнеше жылдан бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозитіне қаражатымыздың бір бөлігін аударып отырмыз. Жуықта баспаналы болып, қоныс тойын тойлаймыз деген үміттемін. Балаларымның балдай балалық шағы осындай инфрақұрылымы дамыған, болашағы зор шағын ауданда өтсе арманым жоқ,- дейді қала тұрғыны Ләззат Әлекенова.

Семейде «Өңірлік тұрғын үй» бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаға қатысқан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 430-ға жуық салымшысы өз баспаналарына ие болып, қоныс тойын тойлап үлгерген. Қазір 78 пәтер сатылымда тұр. Бұл бағдарламаға қатысу үшін салымшы есепшотына үйдің 20 пайыз бастапқы жарнасын салуы қажет, ал қарызды жылдық 7 пайыздық мөлшерлемемен алуға болады. Бір ерекшелігі – бұған ҚТҚЖБ-ның кез келген салымшысы қатыса алады, ешқандай шектеулер жоқ.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

41 минута назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

42 минуты назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

43 минуты назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

44 минуты назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

45 минут назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

46 минут назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

1 день назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

1 день назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

1 день назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

1 день назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС