Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ШӘКӘРІМ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТ»

23.10.2018
FacebookWhatsappTelegram

Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілі Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманының озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері, әрі ақын, әрі тарихшы. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген қаламгердің 160 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы және әлемдік мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бейсенбі, 18 қазан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінде өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті және Абайдың «Жидебай Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі.

Шәкәрім шығармашылығын зерттеуші шетелдік және отандық белгілі ғалымдарды, білім, мәдениет, өнер өкілдерін, қоғам қайраткерлерін жұмылдырып, жаңа жобалар мен ғылыми ізденістерді іске асыру мақсатында өткен конференцияға Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім, Тель-Авив университетінің Кибернетика институтының зертхана меңгерушісі, PhD докторы, профессор Рой Тцезана, Лев Толстой атындағы «Ясная поляна» музей-усадьбасының ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Игорь Карачевцев, Түркияның Афион қаласындағы Қожатепе университетінің профессоры Хусейн Қаһраман, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Рамазан Әлімқұлов, сондай-ақ қала әкімі Ермак Сәлімов және өзге де ғалымдар мен оқытушылар қатысты.

Конференцияны университет ректоры Мейір Ескендіров ашты.

— Экономикалық дағдарыстан бөлек, бүгінгі күні әлем халқы рухани дағдарысқа душар болуда. Рухани жаңғыруға бірінші назар аударып отырған біздің Елбасымыз десек, артық айтқанымыз емес. Ал адамзатта рухани дағдарыстың болу мүмкіндігі жайлы Шәкәрім атамыз осыдан бір ғасыр бұрын айтып кеткен еді. Сол ойшылдың атын иемденген Шәкәрім университетінде бірнеше күннен бері білім мен ғылымның тойы өтіп жатыр. Кеше студенттер арасында конференция өтсе, бүгін республика мен шетел ғалымдары алқалы жиында бас қосып отыр. Шәкәрім гуманизмін насихаттау бағытындағы шаралар айдың соңында университет ұжымы мен бүгінгі конференцияға қатысушы ғалымдардың Абай мен Шәкәрім еліне сапарымен аяқталмақ,- деді Мейір Ескендіров.

Қала әкімі Ермак Сәлімов конференция барысында мазмұнды ойлар мен ұсыныстар қабылданып, Шәкәрім тұлғасы жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

— Қадірлі жерлестер, қымбатты зиялы қауым. Еліміздің ұлы ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қош келдіңіздер! Ұлы Абайдың заңды мұрагері болып саналатын Шәкірім — қазақтың рухани мәдениетіне зор үлес қосқан дана тұлға. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық»» шығармаларын қазақ елінің алтын мұрасы деп бағалау керек. Бүгінгі конференция — Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан істеріміздің жарқын көрінісі. Осы конференция жұмысын пайдала отырып, Шәкәрім университетінің басшылығына алғысымды білдіремін. Данышпан Шәкәрімнің теңдесі жоқ рухани қазынасын болашақ ұрпаққа жеткізу, оның әлемдік мәдениетте алатын орнын айқындау – барлығымызға ортақ міндет. Абай ғибратын ұстанған Шәкәрімнің өмір жолы мен шығармашылығы — әрбір қазақ үшін үлгі-өнеге. Шәкәрімнің мұрасы – мәңгілік мұра. Тарихи және мәдени санасы жетілген ел ғана бәсекеге қабілетті болып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырмақ,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Конференцияның бас баяндамашысы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи-философиялық пайымдауларына тоқталды.

— Шәкәрім де осы заман адамдары сияқты кітап сөзінің артықшылығын терең түсінген адам. 1911 жылы «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» еңбектерінің Орынборда автордың өз қаржысына жеке кітап болып шығуы — соның дәлелі. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресінде» қазақ тарихын ғұндар мен көне түркілерден бастап, Шыңғыс ханның үрім-бұтақтарын қосып, XV ғасырдағы қазақ хандығына дейін жеткізген. Өкінішке орай, біздің тарихта осы кезеңдерді зерттеу мәселесі әлі күнге дейін ақсап келе жатыр. Заманында Алаш ардақтылары Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов Шәкәрім қажының шежіресіне өте жоғары баға берді,- деді Е.Сыдықов.

Профессор Ғарифолла Есім «Үш анық», Қожатепе университетінің профессоры Хусейн Қаһраман «Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы Түркияда шыққан еңбектер және Шәкәрім жайындағы кейбір ой-пікірлер», Арап Сләмұлы «Шәкәрімнің ғылыми өмірбаянын түзудің деректік негіздері», А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры Бағдан Момынова «Шәкәрім шығармаларының лингвопоэтикалық аспектісі: мәтін тұтастығы туралы» тақырыптарына арналған зерттеу баяндамаларын оқыды.

Жадыра Төлегенқызы, «Семей таңы»

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

2 часа назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

2 часа назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

2 часа назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

2 часа назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

2 часа назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

2 часа назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

1 день назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

1 день назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

1 день назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

1 день назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС