Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ТАТУЛАСУ: СОТҚА ДЕЙІН, СОТТА»

23.10.2018
FacebookWhatsappTelegram

Бейсенбі, 18 қазан күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында кездесу өтті. Аталмыш іс-шараға «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Нұргүл Қарағойшина, Жоғарғы Соттың өкілі Сағатбек Сүлеймен, Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Чақпантаев, қала судьялары, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды «Бірлесе даму» әлеу-меттік кәсіпкерлікті дамыту қоры» қоғамдық қорының  президенті Нұргүл Қарағойшина кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларды «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының мақсатымен таныстырды.

— Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен өтіп жатқан алқалы жиын осы жолы Алаштың астанасы Семей шаһарына ат басын бұрды. Бүгінге дейін еліміздің басқа да өңірлерінде осындай басқосулар ұйымдастырылуда. Негізгі мақсат — Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асановтың тапсырмасына сай облыстарды аралау. Бұл — Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында татуластыру институттарының қызметін күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыс. Еліміздің сот жүйесінде тіркелген арыздардың саны 3 миллионнан асып отыр. Сотқа келген адамдардың екі тараптан құралатынын ескерсек, бүгінде 6 миллионға жуық халық өзара соттасып жүр деуге болады. Өкінішке қарай, ата-ана мен бала, ағайындардың, дос-жарандардың арасында дау көбейіп бара жатыр. Ең қауіптісі, бұл ұлт тұтастығына, ауызбіршілігімізге, тіпті еліміздің тәуелсіздігіне де кері әсерін тигізуі мүмкін. Қиын жағдайға тап болған адамдарға кім көмектесе алады? Әрине, осы елдің зиялы қауымы. Мен бойын түзеп, әдемі киініп жүретін қауымды емес, қиын шақта халыққа шынымен қолдау көрсете білетін көреген, зиялы адамдарды айтып тұрмын. Сондықтан біз әр өңірдің сол зиялыларын — аузы дуалы, беделді ақсақалдарды, қоғамның дамуына өз үлесін қосқысы келетін азаматтарды жинап, ой-пікірлерімізді ортаға салып отырмыз. Біз ақыл айтуға келген жоқпыз. Ақылдасуға келдік. Халық біріксе, шешілмейтін мәселе жоқ. Мақсатымыз — осы мәселені бірлесіп шешіп, жөнге келтіру,- деді Нұргүл Қарағойшина.

Басқосу барысында Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен баяндама жасады. Сағатбек Сүлеймен қоғамдағы шиеленісулер деңгейінің өсу динамикасына тоқталды. Оның айтуынша, 2013-2017 жылдар аралығында қаралған сот істерінің саны екі есеге артқан. Яғни Қазақстанда елдің әрбір төртінші тұрғыны қандай да бір сот процесіне қатысқан болып шығады. Бұл ретте, статистикаға сәйкес, сот дауларының басым бөлігі ажырасу мен алимент төлеуге қатысты отбасылық даулар екен.

— Елімізде әрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалып, некесі бұзылуда. Орта есеппен әр жанұяда 2 бала деп алсақ, бұл 1 жылда 100 мыңнан астам бала отбасындағы өзара сыйластық пен рухани құндылықтарды жоғалтып, толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқанын көрсетеді,- деп нақтылады өз сөзін Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі.

Сағатбек Сүлеймен сот төрелігімен татуластыру институты және билер соты негізінде ақсақалдар кеңесін жандандыру ұсынысы жайлы да айтып өтті. Бұл өз кезегінде қоғамдағы шиеленісудің төмендеуіне әкеледі.

Жоғарыда атап өткен билер сотының артықшылығы бітімгершілікті көздейтіндігінде. Мысалы, билер «Жазалау Жаратқанның ғана ісі, біз оның құлымыз», «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деп бітімгершіліксіз шешілмейтін іс болмайтынын меңзеген екен.

Әрине, бұл жоралғы жиырма бірінші ғасыр өркениетінің талабын қанағаттандыра алмас. Бірақ елдегі тыныштық пен татулық, қоғамның жоғары деңгейде дамуы, халық санасының ізгілікті мұрат тұтуы, бітімгершілік заңдарының басымдық алуы және елдің жаңарған дәстүрлері қылмыстық ахуалды жақсартуға септігін тигізері анық.

Алқалы жиында сонымен қатар қоғамда орын алатын даулы мәселелердің шешімін табу мүмкіндіктері де қарастырылды. Зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін ортаға салып, аталған мәселе бойынша ұсыныстарын білдірді.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС