Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

31.10.2018
FacebookWhatsappTelegram

Бейсенбі, 25 қазан күні Семейге ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев келіп, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде студенттермен кездесу өткізді.


Қазақстанның Ресей, Қытай, АҚШ секілді алпауыт мемлекеттермен, Еуропалық одақпен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы мен сауда-саттық айналымына тоқталған Роман Василенко өткен жылмен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда айналымы 15 пайызға өскенін, Өзбекстанмен қарым-қатынастың жаңа көкжиекке көтерілгенін және Қытай елімен сауда-саттық байланыстың жанданып, 10 млрд. долларға жеткенін айтты. Сондай-ақ өз сөзінде Роман Василенко теңізден шалғай орналасқан Қазақстанның Қытаймен және өзге де елдермен сауда-саттық қарым-қатынасын ұлғайту мақсатында Ұлы Жібек жолын жандандыруға соңғы бес жылда 20 млрд. доллар инвестиция тартылғанын жеткізді.

— Әрине, Қазақстанның АҚШ-пен және Еуропалық одақпен қарым-қатынасы да өте маңызды. Еуропалық одақ — ең ірі сауда әріптестеріміздің бірі, сыртқы сауданың 50 пайызын құрайды. Сондай-ақ ТМД, Иран, Түркия, Араб елдерімен әріптестіктің де өзектілігін айтпай кетуге болмайды. Бүгінгі таңда әлемде ядролық қауіпсіздік пен террорлық мәселелердің ушығып тұрғанын білесіздер. 19 қазанда Елбасы Брюссельде өткен  Ядролық қауіпсіздік жөніндегі  «Азия — Еуропа» форумының саммитіне қатысып, ірі мемлекеттерді әлемдік қақтығыстарды шешуге шақырды. Және осындай саммитті Астанада өткізуге ұсыныс білдірді,- деді Р.Василенко.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев ШҚО-да Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысында атқарылған істер туралы баяндады. Оның айтуынша, Елбасы Жолдауына сәйкес, ШҚО-да 380 мың адамның жалақысы 1,5 есеге көбейеді. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау жалғаса бермек. Аталмыш бағдарлама бойынша осы күнге дейін ШҚО-да 13,6 млрд. теңгеге 700-ден астам жоба қаржыландырылған.

— Өңірлерді индустрияландыру жобасы бойынша Семейде «Агропортал» ЖШС ирандық компанияның қатысуымен ет өңдеу комбинаты салынады. Жыл соңына дейін Семей әуежайының ұшып-қону жолағының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Жидебай мен Қоңыр әулиеге баратын туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Семей — Қарауыл автомобиль жолы жөнделуде. Сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Қазақстан даму банкімен жүргізілген келісімшарттарға сәйкес, келесі жылдан бастап Өскемен және Семей қалаларында электрондық билет жүйесі енгізіледі,- деді Ж.Сәрсебаев.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының айтуынша, Алакөлде демалушылардың 40 пайызы — семейліктер. Алакөлге апаратын аудандық, облыстық маңыздағы жолдар толығымен жөндеуден өтсе, республикалық маңыздағы жолдарды жөндеу жұмыстары 2021 жылы тамамдалмақ. Соңғы екі жылда Алакөл жағалауын абаттандыруға 5,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар келешекте де жалғасын тауып, жаңа нысандар бой көтермек.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС